ҚАЗАҚ ПЕН ЮТУБ
Негізі, психологиялық, социологиялық, биологиялық жағынан алғанда, адамдардың адамдардан түрі мен тілінен басқа еш айырмашылығы жоқ.
Дегенмен, қоғамдық ұйымдасуы мен үйелменіне қарай болсын, қандай да бір ішкі һәм сыртқы құбылыстарға әрекеті әртүрлі болады.
Оған соңғы кезде технологияның әсері қосылып, әр халықтың немесе әлеуметтік топтың медиатұтыну паттерндері мен дағдылары қалыптаса бастады.
Қызық осы жерде басталады...
Осы орайда қазақ аудиториясының қазіргі таңдағы интернет контент қолдану әдеті өте қызық дамып келеді. Атап айтқанда, нақты бір ізділік жоқ. Дөп басып бір гипотезамен шегелеу де қиындау.
Соңғы екі-үш жылда біздің елде Ютуб сайты қатты көріле бастады. Оған бөлек бір терең анализ жасамаса, жөпелдемеде ештеңе айтқым келмей отыр. Әзірге, атүсті байламдарым мынадай:
1) Смартфондар бағасы арзандау үстінде
2) Интернет трафик арзан
3) Ютуб ұрпақ көбейіп келеді
4) Контентке аш халықтың қатары интернетке көптеп қосылып жатыр.
Соңғы, 4-ші пунктіме уәжім мынадай:
We are social зерттеуі бойынша, 2017 жылы Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушылары 3 млн болса, 2018 жылы 5,3 млн, ал биыл 7,3 млнға жеткен.
Яғни, әр жылы бақандай 2 000 000 қазақ интернеттің не екенін "ашып жатыр".
Әрине, осы жерде бүкіләлемдік цифровизация һәм технологияның дамуы аясында елімізде телекоммуникациялық инфрақұрылымның баяу болса да позитив векторда дамып келе жатқаны жөнінде айтуға болады. Себебі, "Цифрлы Қазақстан" аясында болсын, басқа болсын, әйтеуір бетбұрыс бары рас. Бірақ, ол да қазір сәл басқашалау әңгіме.
Әлқисса, Қазақстандағы ютуб партнер Самсон Безмятежныйдың мәліметі бойынша, Қазақстан Ютуб қараудан әлемде үшінші орын алады екен.
Ал Alexa рейтингі бойынша, Google мен Yandex және Mail.ru іздеу сайттарын артта қалдырып, Қазақстандағы #1 сайт ретінде үздік орынға жайғасқан сайт, ол - YouTubе.
Яғни, қысқа ғана түйін жасайтын болсақ, қазекең үй салса да, техника алса да, уақыт өткізгісі келсе де, өзін мазалаған сұраққа жауап алғысы келсе де "жан досы" Ютубке сұрау салады деген сөз. Демек: бүгінгінің қазағында видео көріп отыратын құрал бар, оған төленген трафигі бар, бастысы видеоны көріп отыратын уақыты бар.
Ендігі түсініксіз боп тұрғаны - оның медиа тұтыну дағдысы, паттерні. Қолда бар мәлімет бойынша, біздің халықтың медиа тұтыну дағдысы, әзірге, бейберекет. Ол әлі өзіне не керек екенін білмейді, не қарап, нені қарамау керек екенін білмейді, сұранысы нақты бір тақырыпқа тоқталмаған.
Оған себеп ретінде ақпараттық аштық (сұраныс жоғары) пен ұсыныстың жоқтығы (контент дефицит) жөнінде айтуға болады.
Айталық, әнебір есалаңдау таксистің видеосы шығатын ютуб канал әу баста діни канал болған екен. Кейін оны сол "таксисті" жасаушылар сатып алғанда барлығы олардың қате жасағанын, ертең жүздеген мың подписчиктен ешкім қалмайтынын айтыпты. Бірақ... ешкім кетіп қалмаған...
Осы жерде манадан айтпақ боп отырған әңгімеме келейін: ютубқарақты бұқара біледі, соңғы бір айда "Қарапайым Қайрат" деген әңгүдік ютуб сериал шыға бастады. Әп дегеннен миллион қаралым жинаған оның эпизодтарын былай қойғанда, тизерінің өзі минутына мың көрілім жинап отыр.
Маған қызық боп графикалық анализ жасап көргем. Сөйтсем...
Әлгі "Қарапайым Қайраттың" көрермендері оны көріп болған соң "Букмекер" деп аталатын ұсынысқа өтеді екен де содан асып барып "Асыл арнаның" бір емес үш видеосын қарап тастайды...
Обшым, менің қойғым келетін сұрақ мынау: "Ютуб көрермені, сен кімсің вапше?"
@timurdaninfo