Адам баласы қызық қой...
Ойлап қараңыздаршы, осыдан 10 жыл бұрын ғана әлемде ешкім "Сондай бір заман келеді, сол кезде маған мынадай-мынадай тақырыпта эмоджи керек болады" деп ойлады ма?
Сенесіздер ме, оқыған-тоқыған, көзі ашық, сауатты адамзат баласының біраз бөлігі отырып алып эмоджи жасаумен айналысады, ал екінші бір адамзат баласының бөлігі сол эмоджимен өзара ұғысуға, ымдасуға көшеді.
Былай қарағанда, коммуникация үшін ең қажет құрал ғой. Көп әріп теріп жатқанша, он ауыз аудио жібергенше бір эмоджи жібере саласың. Бітті шаруа.
Бірақ, неге деймін-дағы, мессенджерлер тегін заманда емес, кезінде интернет қымбат, смс жазу ақша тұрған заманда осындай эмоджилер болмады екен, ә?
Телефон соқсаң, бірлігіңді сойып алатын. Сообщение жазсаң сыймайтын және көп ақша алатын, интернет деген аты жоқ заманда осы эмоджилерді шығарғыш адамдар қайда болды екен дейм ғой?:))
Обшым... Енді анау аузы жабылмайтын жарзақ курстас, спам видео жіберуін доғармайтын бәдік кластас, жұрттың бәрінің ығырын шығарып болған ата-аналар группасындағы бір мамашаға ми ашытып, көп жүйке құртпай жібере салатын керемет эмоджи пайда болды. (Суретте).
Бұл негізі "итальялық жест" деп аталады:))) Өйткені, оларды сыртынан бақылап тұрсаңыз, саусақтарын осылай жұмылдырып, қолдарын оңды-солды сермеп сөйлегенді ұнатады. Ну енд... ұнатқанда... Табиғи болмыстары сондай. Бірақ... Бірақ сіз бен біз бұл смайликті не үшін қолданатынымызды анық білеміз ғой, иә?:))
Unicode ұйымының Emoji 13.0 топтамасына биыл 117 жаңа смайлик қосылған. Оның ішінде мен сияқты діншіл-консервторларды "Астапыралла" дегізетін де эмоджилер көптеп енген. Қызық қой заман ағымы...
Не де болса... 2020 жылдың күзін күтесіздер. Сол кезде Андройд үшін де, Айфондар үшін де клавиатура жаңарған кезде келеді.
Ал жаңадан шыққан барлық смайликті көргіңіз келсе, сілтемені ашыңыз.
@timurdaninfo