WhatsAppты әлі қолданасыз ба?
Akket.com сайтының хабарлауынша, WhatsApp end2end шифрлеуді бәсеңдетіп АҚШ қауіпсіздік қызметкерлеріне қолжетімді етуді жоспарлап отыр екен. Бәсеңдету деуінің себебі, end2end шифрлеуді мүлдем алып тастамай, тек қауіпсіздік қызметкерлері кіре алатындай қылмақшы екен. Сонда оның несі end2end. Ақыры қауіпсіздік (біздің жағдайда privacy) сақталмаса, барлық күшті жылдамдыққа жұмсамай ма. Не болса да Facebook компаниясы ресми түсініктемесін осыған қатысты барлық жұмыстар біткеннен кейін беретін ұқсайды.
WhatsApp негізін қалаушы Ян Кумның Facebook компаниясының басшылығымен бастары сыйыспай, компаниядан кетуге бел байлағанда осы сыбыстың басы басталғандай еді. Ян Кум WhatsAppты Facebookқа сатқан кезде өз қолданушыларының мәліметтерін қорғау негізгі қағидасы екенін, WhatsApp өз шешімдерінде тәуелсіз болып қалатынын, оның үстіне 2016 жылы end2end шифрлеуді ендіргенін алға тартады.
Цукербергтің осы құндылықтар сақталады деген сөздерінің іспен дәлелденуі және 19 миллиард долларға сатып алынған мессенджер пайда әкелуі күтілуде екен . Ал пайданы жарнамадан көрмегенде несі қалды? Ақыры қолданушылар не жайлы сөйлесіп жатқанын біледі. Соның негізінде өз ұсыныстарыңды көрсете бер. Бірақ, Facebookта басында жарнама ендіру туралы даулар туындаған кезде, Шон Паркердің "жарнама ендіру деген, қызықты отырыстың уақыты жетпей аяқталатынын жариялаумен тең" деген сөзін ұмытқандай.
Өз басым жылдың соңына қарай Telegram аудиториясы екі еселеніп (400М), TON платформасы мен мессенджердегі әмиян пайда болғанын күтемін. Бірақ WhatsAppты смартфоннан әлі өшірмедім. Ал Сіздер қандай мессенджер пайдаланасыздар?