Ресей мен Украина кеше келіссөз жүргізді ме?
Украина саясаткері Дмитрий Гордон кеше Украинадағы соғысқа қатысты маңызды кездесу өтетінін, бұл кездесуден кейін белсенді ұрыс қимылдары тоқтайтынын айтқан.
Алайда, соғыс тоқтаған жоқ. Ал Гордон АҚШ-қа Ресей билігінен адамдар барғанын, бірақ келісімге келе алмағанын айтады.
Кездесу Вашиңтонда өткен. Онда Ресей соғысты тоқтату үшін мынадай талаптар қойған.
▪️Майдан шебінде ұрыс қимылдарын тоқтатпастан келіссөздерді бастау. Ресей АҚШ тарапынан қандай да бір шегініс немесе жеңілдік жасалған жағдайда ғана Ресей жағы да сәйкесті қадам жасап, ұрысты тоқтатуға көнеді.
▪️Украина НАТО-ға қосылмайды және бұл халықаралық құқық-міндеттермен бекітіледі.
▪️Украинаны демилитаризациялау, яғни әскерден айыру;
▪️Украинаны денацификациялау;
▪️Украина аумағына НАТО-ның бітімгерлік мақсаттағы әскери контингентін кіргізбеу. Ресей Украинаға “нейтралды елдердің” бітімгерлік күштерін кіргізуге қарсы емес. Бұл нұсқада Қытай, Беларусь пен Бразилия қарастырылады. Оларға БҰҰ мандаты беріледі. Және кіргізілетін әскер саны 20 мыңнан аспайды. Оларға жеңіл атыс қаруы ғана беріледі.
▪️Санкцияны алып тастау.
Әрине, бұл шарттар Украинаға тиімсіз!
Ал Трамп командасы қандай шарттар қойды?
▪️Келіссөзді бастаудың шарты - ұрыс қимылдарын тоқтату.
▪️Ұзындығы 1300 км болатын демилитаризацияланған аумақ жасау. Оған НАТО-ның бітімгерлік контингентін кіргізу. Егер Ресей оған шабуылдаған жағдайда НАТО блогына тұтастай шабуылдаған болып есептеліп, НАТО-ның 5-ші жарғысы қолданылатын болады.
▪️Украина 20 жылдың ішінде НАТО-ға қосылмайды.
▪️Украина қайта қаруландырылады.
▪️Ресейге салынған санкция біртіндеп алыналы. Әуелі ең ауыр деген қаржылық санкциялар алына бастайды. Бірақ, бірден емес, бірте-бірте.
▪️Украина мен өзге әлем Ресей оккупациялап алған аумақтарды мойындамайды. Украина аталған аумақтарды ұрыс қимылдарынсыз, дипломатиялық жолмен қайтаруға тырысады.
Осыған дейін Ресейдің лауазымды тұлғалары мінетін әскери ұшақ Мәскеу-Петербор-Нью-Йорк-Впшиңтон бағытында ұшып, АҚШ-та 2 күн болып қайтқаны белгілі болған.
Ресей тарабы АҚШ-ға арнайы борт ұшып барғанын растап: “Дипломаттардың кезекті ротациясы үшін ғана ұшты”, - деп мәлімдеген.
Ал АҚШ-қа ұшқан ұшақ: Ол – «Ресей» арнайы ұшу отрядының Ил-96-300 ұшағы.