KUSPEKOV OLZHAS🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


Мәжіліс депутаты

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций








Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы мен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Анварұлы қала кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ қаланың экономикалық әлеуетін арттыру жолдары талқыланды.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысындағы сұрағым Ұлттық экономика министрлігі вице-министіне:


Қайғылы қаза: Әскердегі әділдік мәселесі

Кезекті әскери қызметшінің қазасы жайлы жаңалық жүректі ауыртты. 27 жастағы капитан Дархан Нұрланұлының өмірі Жаркент гарнизонында қайғылы түрде үзілді.

Ресми деректер бұл өлімді зерттеу барысында барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтқанымен, Дарханның туыстарының пікірінше, істің шынайы себебі толық ашылмаған. Олар әділдік іздеп, тиісті органдарға арыздануда.

Бұл жағдай тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның мәселесі екенін түсінуіміз қажет. Әскердегі тәртіп, қызметкерлердің құқықтары мен қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс.

Дарханның жақындарына қайғырып көңіл айтамын.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Репост из: PRO КАДРЫ KZ
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Республиканец Айдарбек ХОДЖАНАЗАРОВ о сложившейся ситуации на рынке зерна

Подпишись на t.me/prokadrykz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Бүгін ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің I форумы өтті

Шара Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Форум барысында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, тың игеру науқанының 70 жылдығына тоқталды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің I форумында айтқан бастамаларына қолдау білдіремін. Ол алғашқы тыңгерлердің және қазіргі диқандардың еңбегін ерекше атап өтіп, биылғы рекордтық көрсеткіш – 26,7 миллион тонна астық жиналғанын мәлімдеді. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Сонымен қатар, форум аясында ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері көрсетілген көрме ұйымдастырылды. Отандық өнімдердің сапасы жоғары бағаланып, олардың көпшілігі экспортқа шығатыны атап өтілді.

Бұл форум ауыл шаруашылығы саласының маңызды мәселелерін талқылауға және жаңа шешімдер қабылдауға үлкен мүмкіндік берді. Барша ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы келесі жылды «Еңбек адамы жылы» деп жариялады. Бұл бастама еліміздегі еңбек адамдарының құндылығын арттырып, олардың қоғамға қосқан үлесін жоғары бағалауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Мен осы бағытта еңбек адамдарына қолдау қозғалысын бірінші болып бастаған едім.

Биылғы WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионаты да осы бағытта атқарылған ауқымды шаралардың бірі. Чемпионат техникалық және кәсіптік білімді дамыту, білікті мамандар даярлау және жастарды еңбекке баулу бойынша маңызды қадамдар жасауға мүмкіндік береді.

WorldSkills қозғалысы аясында Қазақстанда өңірлік және республикалық чемпионаттар өткізіліп, онда еліміздің экономикалық салаларының өкілдері бақ сынайды: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, көлік қызметі, өндірістік және инженерлік технологиялар, құрылыс, әлеуметтік және жеке қызметтер, шығармашылық және дизайн.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Өрт сөндіру депосының басты ерекшелігі – оның модульдік материалдардан қысқа мерзімде салынуында. Бұл заманауи құрылыс тәсілі алдағы уақытта Қазақстанның басқа аймақтарында да қолданылатын болады.

Негізгі ғимаратта алты машиналық бокс пен қызметтік кабинеттер орналасқан. Сондай-ақ, депо аумағында 18 м²-ден тұратын 11 қызметтік пәтерден құралған жатақхана бар.

№23 өрт сөндіру бөлімі «Алматы» ауданындағы шамамен 96 мың адамға қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету аумағына «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын массиві, бірегей мәдени және діни нысандар, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындар кіреді.

Бөлімде 4 техника бірлігі бар: оның ішінде 2 негізгі, 1 арнайы және 1 көмекші техника қызмет етеді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Біздің қоғамымыздың басты құндылығы – құрылыс компаниялары немесе кірпіштер емес, адам.

Құрылыс саласында жұмыс істеген екі жас жігіт ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалды. Құрбан болған отбасыларымен кездесіп, ішкі істер органдары, еңбек инспекциясы, прокуратура және мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен бірлесіп, шешім табуға тырыстық.

Екі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, іс алға жылжымай отыр. Зардап шеккендер заң бойынша тиісті әділ өтемақы мен компенсация ала алмай отыр. Бұл оқиғалар құрылыс компанияларының жауапсыздығын және жұмысшылардың құқықтарының қорғалмауын көрсетеді.

Құрылыс компаниялары ресми еңбек шарттарын жасамай, жалақыларды карталарға төлеу арқылы салықтар мен әлеуметтік аударымдарды төлемейді, бұл жұмысшылардың болашағына қауіп төндіреді.Құрылыс компаниялары барлық қажетті шығындарды төлеуге міндетті немесе өз лицензиясымен жауап беретін болады.


Астана қаласындағы №23 өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасадық.

Бұл бөлімнің құрылысы 2024 жылы басталып, жалпы аумағы 0,45 гектарды, ал депоның өзі 640 м² құрайды.

Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа қадам жасап, алғашқы модульдік әскери бөлімді салды. Бұл құрылыс әдісі болашақта қорғаныс саласындағы барлық нысандарға қолданылуы қажет. Себебі, мұндай ғимараттар қолжетімді, жылдам тұрғызылады және жылы.

Ең маңыздысы – қысқа уақытта, тиімді қаржымен салуға мүмкіндік береді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Такси қызметі көңіліңізден шыға ма?

Respublica партиясы такси саласындағы проблемаларды көтеріп, жолаушылар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама барысында қазақстандықтар такси қызметінің сапасы мен таксомоторлық компаниялар қызметін пайдалану кезінде туындайтын негізгі мәселелер туралы пікір білдірді. Қатысушылардың көпшілігі көңілдеріне жақпайтын басты мәселе ретінде такси қызметінің жоғары бағасын атап өтті. Қазақстандықтар такси бағаларын реттеуді сұрауда, себебі қазіргі тарифтер көрсетілетін қызмет сапасына сәйкес келе бермейді.

Такси саласын реформалау және бағаларды реттеу мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келеді. Respublica партиясы жағдайды жақсарту үшін жүйелі өзгерістер мен заңнамалық бастамалардың қажеттілігін алға тартады, бұл қызмет сапасының бағаға сай болуын қамтамасыз етеді.

Ал сіздер не ойлайсыздар?

Показано 20 последних публикаций.