Wake up Kazak

@wakeupkazak Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Политика
Добавлен в индекс
24.06.2018 23:40
реклама
Все секреты подсознания
Активируй весь потенциал
TGAlertsBot
Мониторинг упоминаний ключевых слов в каналах и чатах.
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
162
подписчиков
~82
охват 1 публикации
~7
дневной охват
~10
постов / месяц
50.6%
ERR %
0.1
индекс цитирования
Репосты и упоминания канала
3 упоминаний канала
0 упоминаний публикаций
4 репостов
SandıraⱪTime
Боқ сары🍑
Боқ сары🍑
Боқ сары🍑
Боқ сары🍑
Боқ сары🍑
Каналы, которые цитирует @wakeupkazak
Упоминаний и репостов не обнаружено
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Wake up Kazak 16 Mar, 20:10
Коронавирустың экспоненциалды таралуына жол берілген елдерде келесі жағдай орын алған:

"Ол келгенде, сіздің денсаулық сақтау жүйеңіз құлдырайды.
Сіздің отандастарыңыз дәлізде емделеді.
Шаршаған медицина қызметкерлері күйзеліске ұшырайды. Кейбіреулері қайтыс болады.
Олар қай науқастың оттегін алатынын, қайсысына ем берілмейтінін шешуі керек."

Бұған жол бермеудің бірден-бір тәсілі - бүгінгі күннен басталатын әлеуметтік алыстау. Ертең емес. Бүгін.

https://vk.com/@wakeupkazak-covid-19-1
Читать полностью
Wake up Kazak 1 Sep 2019, 18:36
Сәлем достар!

Сіздерді күздің алғашқы күнімен құттықтаймыз. Жаз бойы жоқ болып кеткеніміз үшін кешірім өтінеміз. Алайда, бізде сіздерге бірнеше керемет жаңалықтар бар:

Біріншіден, естеріңізде болса, жаздың басында біз "Wake up Kazak" журналының бірінші басылымын шығарған болатынбыз. Жаз бойы журналдың сатылымы мен таратылуы үшін біраз тер төгіп, қорытындыларымен бөлісуге дайынбыз:

Айгерим Шадеева 700 дана журналды "book to aul" жобасына сыйлады, енді ол журналдар ауылдарға жетуі қажет
Адиль Рамазанов төмендегі мекемелерге өз атынан журналдарды жіберді:
50 дана - Кентау қаласындағы 12-ші орта мектеп
20 дана - Орал қаласындағы "Балалар Ауылы"
25 дана - Орал қаласындағы "Мектептен тыс жұмыс орталығы"
15 дана - "Ана мен бала ұлттық орталығы"
Краудфандингтан және өзге оқырмандардың жіберген ақшаларына 150 дана журнал Орал қаласындағы "Мектептен тыс жұмыс орталығына" жеткізілді.
Одан бөлек журналдарды қарапайым оқырмандар да сатып алды. Көбіне журнал ұнады. Егер сіз сатып алғыңыз келсе - бізге жазыңыз. Астана, Алматы қалаларында әлі де журналдар бар.

Екіншіден, біздің ұжым ресми түрде үш тілді басылым ретінде мемлекеттік тіркеуге тұрды. Бұл дегеніміз, болашақта әлі де көптеген басылымдар жарық көрмек. Жақын арада орыс тілінде авторлық мақалалармен феменизм туралы басылым болады. Жуырда толық ақпарат шығады.

Үшіншіден, біз алдағы аптадан бастап парақшаның жұмысын жалғастырамыз! Апта сайын қазақ тілінде әр түрлі ақпаратты және қызықты мақалалар жарық көретін болады!

Осыған байланысты, біз ұжымымызға аудармашылар, үйлестірушілер, PR менеджерлер, графикалық дизайнерлер іздестіреміз! Тәжірибеңіз бен арнайы біліміңіз маңызды емес - қазақ тілді ортаны дамытамын деген ниетіңіз болса жеткілікті. Егер осы жобаға өз үлесімді қосамын десеңіздер, маған жазыңыздар.

Біздің өзге желілердегі парақшаларғада тіркеліңіздер:
Инстаграм - @wakeupkazak
Вконтакте - @wakeupkazak
Читать полностью
Wake up Kazak 1 Sep 2019, 18:30
Wake up Kazak 12 Apr 2019, 16:54
Сәлем достар!

Біз соңғы 2 ай бойы журнал бойынша біраз жұмыс атқардық. Қазір журналдың дайын екендігін сіздерге жеткізуге қуаныштымыз.

Қазір біз тапсырыстарды жинау үстіндеміз, ал журналдар мамырда қолға беріледі. Алайда, біз волнонтерлік негізде жұмыс атқаратын коммерциялық емес ұйым болғандықтан, типографияға белгілі бір қаражат бөлу керек болады.

Бір журналдың құны - 200 теңге; журналдарды сіздің қалауыңыз бойынша жеке сізге (Астана немесе Алматы қаласында болсаңыз, өзге қалалардан да кейінірек алып кетуге болады) немесе тікелей мектептер мен Қазақстан бойынша түрлі ұймдарға(мысалы, кофейнялар, балалар үйі) жеткізу мүмкіндігі бар. Егер журналдардың таралуын көздесеңіз және нақты қалауларыңыз болмаса, бұл таңдауды бізге жүктесеңіз болады(біз алдыңғы қатарда ауыл мектептерін қарастырамыз).

Алдын ала тапсырыс беріп, төлемді келесі картаға аудара аласыз:
5169 4931 9907 6608 (kaspi)
Аударған кезде коментарий ретінде аты-жөніңізді жазуыңыз сұралады. Егер өзге банк картасынан аударылым жасалатын болса, алдын ала ескертуіңіз жөн (топқа хат жазу жеткілікті).

Тағы да шексіз алғысымызды білдіреміз! Wake Up Kazak бастамаларына өз үлесіңізді қосқаныңыз үшін үлкен раxмет!
Читать полностью
Wake up Kazak 12 Apr 2019, 16:49
Wake up Kazak 12 Apr 2019, 16:49
Путинді кемеңгер саясаткер деп санайтын таныстарыңыз көп пе? Путин өз билігін парасат пен қулық арқылы ұстап тұр ма?

Осы сұрақтарға Томас Велс жауап беруге тырысады. Бұл мақаланы аударуымыз — біздің топ автордың барлық пікірімен міндетті түрде келіседі деген сөз емес. Жаһандық феноменге балама көзқарас қызықтырса, мақаланы оқыңыз!

#WUK_longread

https://vk.com/@wakeupkazak-tirandar-demokrattardan-aylmen-emes-zlymdypen-ozyp-tr
Читать полностью
Wake up Kazak 7 Feb 2019, 12:58
Wake up Kazak 7 Feb 2019, 12:58
Wake up Kazak 7 Feb 2019, 12:57
Wake Up Kazak ақпараттық алаңы осы уақытқа дейін аударылған мақалалар топтамасын баспадан шығармақшы!

Wake Up Kazak - қазақ тіліндегі академиялық бағыттағы әлеуметтік желілердегі таптырмас платформа. Оның негізгі қызметі - әлемдегі үздік мақалаларды ағылшын және орыс тілдерінен қазақ тіліне аудару.

Бүгінде, қазақ тіліндегі БАҚ-тың сапасы көптеген кемшіліктерге ие. Мұның негізгі себептерінің бірі әлемдегі өзекті мәселелер бойынша әртүрлі аналитикалық көзқарастардың және сапалы сараптамалардың болмауы. Бұл мәселе, өз кезегінде, қазақ тілді аудиторияның әлем жаңалықтарын қазақ тілінде еркін оқып-үйрену мүмкіндігін шектейді.

Мақсатымыз: қазақ тілінде сөйлейтін аудиторияға жаңа білім алуға, ақыл-ойды тереңдетуге, аналитикалық дағдыларды қалыптастыруға және қазақ тіліндегі контенттің көлемін және сапасын арттыру. Сол себептен, әлемдегі интелектуалды бағыттағы үздік мақалаларды қазақ тіліне аударып, оны кеңінен тарату.

Қазіргі уақытта «Wake up Kazak» Instagram, Telegram және VKontakte сияқты әлеуметтік желілерде үнемі жарияланады. Бұл бастаманың аясында 70 тен астам мақалар мен видожазбалар қазақ тіліне аударылып, әлеуметтік желілерге жол тартқан болатын. Барлық жұмыс толықтай жанашыр еріктілердің арқасында жасалуда.

Алайда, әлеуметтік желілерде біздің көптеген мақалаларымыз бен жазбаларымыз қазақ тілді аудиторияны жеткілікті деңгейде қамти алмай жатқанын түсінеміз. Сондықтан, "Wake up Kazak" парақшасындағы ең үздік мақалаларды таңдап алып, баспадан шығармақшымыз! Шығарылған баспа журналдар Қазақстанның түкпір -түкпіріндегі мектептер мен кітапханаларға таратылмақшы. Бұл бастаманы толығымен жүзеге асыру мақсатында қызығушылық танытатын адамдарды краудфандингқа қатысуға шақырамыз.

Краудфандинг - бір мақсатты көздейтін адамдардың ауызбіршілігінің аясында ресурстар мен қаражаттың жиналуы және сол мақсатты іске асыру жолында толығымен игерілуі.

Сондықтан, Сіз біздің мақсаттарымыздың шыңайылығы мен маңыздылығына сеңетін болсаңыз, осы осы игі бастамаға қатысуыңызды сұраймыз!  Біз үшін әрбір көмек маңызды!

Жоба туралы басқа да ақпарат алу үшін немесе пайда болған сұрақтарыңызды қою үшін бізге хабарлассаңыздар болады.

Құрметпен,
Wake Up Kazak тобы!
Читать полностью
Wake up Kazak 30 Jan 2019, 19:41
Facebook-тың неліктен әлемге берер пайдасына қарағанда зиянының көбірек екендігі жайлы маңызды мәтін. Автор Цукербергтің бұрынғы тәлімгері, Силикон алқабының танымал инвесторы, Facebook-қа ерте кезеңде инвестиция жасаған және оның акцияларына иелік етуде. Соған қарамастан, ол әлеуметтік желі басшылығының адамзатқа тигізетін зияны туралы алаңдаушылық көрсетеді.
Мақала қарапайым популистік айқайлардың орнына, шын мәнінде көп адам ойлана бермейтін тыңғылықты айғақтардан құрылған. Көптеген адамдар Цукербергтің желісін адамзатты бір-бірімен байланыстыратын керемет жоба деп қабылдаса да, мақала желінің ашылмаған қараңғы жақтарды көрсетеді.
Мақаладағы қызықты жерлердің бірі: автор өткен ғасырдың орта тұсында адамдар табактың зияны жайлы ғылыми ақпараттар алған кезде, үкімет адамзат үшін лоббиге қарсы тұрып, табакты қолдануға заңды түрде шектеулер қойған кезбен қазіргі жағдайға параллель жүргізеді. Шын мәнінде қазір фейсбук демократияға, жеке өмірдің құпиялығына, тіпті қауіпсіздік пен адам денсаулығына қауіп төнгізуде (толығырақ мақалада). Демек бір қадамдар жасау қажет.

Сіз бұл жайлы не ойлайсыз?

Аударған: Алмат Әбілез

#WUK_longread

https://vk.com/@wakeupkazak-men-mark-cukerbergt-tlmger-boldym-facebook-ty-zhasy-krdm-bra
Читать полностью
Wake up Kazak 6 Jan 2019, 19:45
Тариxтан Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты біріктірген, мәдениет пен білімнің дамуына, сол кездегі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың нығаюына, жаңа қалалардың өсіп-өнуіне септігін тигізумен танымал. Қытай президенті Си Цзиньпин дәл осы сауда жолын жандандыру мақсатында жоба бастап отыр. "Бір белдеу, бір жол" аталған бұл жобаның мақсаты неде? Ескі Жібек жолы жеткен жетістіктерге Жаңа Жібек жолы жете ала ма? Әлдеқашан Қытаймен келісімшарт жасап қойған елдердің жағдайы қалай жүріп жатыр? Бұл сұрақтарға жауапты келесі мақаладан таба аласыз.

Аударған: Асет Жамиев
Редактор: Гүлназ Жамбулова

#WUK_longread

https://vk.com/@wakeupkazak-br-beldeu-br-zhol-zhobasynan-atysushy-memleketter-ne-alma
Читать полностью
Wake up Kazak 2 Jan 2019, 18:59
Wake up Kazak 2 Jan 2019, 18:59
Өткен жыл өз оқиғаларымен әлем үшін тарихта маңызды жыл боп қалатыны айқын. Скрипальдің тағдыры мен Мәскеу-Лондон қарым-қатынастары үшін бірге уайым кештік. Трамптың Иранмен (бір заманда әрең!) құрылған келісімшарттан бас тартқанынан, Израильдегі елшілігін Әл-Құдысқа көшіргенінен, Ким Жоң Ынға жазған твиттерінен біраз шошығанымызды да жасырмайық! Брексит жобасын бірге бақылап, арап журналисі Жамал Қашағжының ажалынан үркігеніміз де рас. Қазақстанымызға келсек, бәрімізді Денис Теннің қазасы дүрліктіріп, жұрт ІІМ реформасын талап етті. Астана Банкінің жағдайы үшін абыржып, Көкжайлаудың келешегі үшін ат салыстық. Сайрагүлдің амандығын ел боп бір ауыздан тілей білдік.

Алайда, 2018 жақсы жаңалықтарға да толы болды! Күллі түркі жұртының алтын бесігі Түркістан облысының киелі есімі қайтарылып, Шымкент қаласына ерекше статус берілді. Қазақтың төл өнері — айтыста — ең үздік жылсайынғы жүлде "Алтын домбыраны" әйел алды. Корея түбегінде де, Эритрея мен Эфиопия арасында да бүкіл әлем көптен күткен бейбітшілік таңы атты! Тайландтағы су тасқыны салдарынан үңгірде қамалып қалғанын балалар үшін де алаңдай білдік: олардың сәтті құтқарылуын біртұтас әлем боп бақытқа толы жүрекпен, жасқа толы көзбен тамашаладық.

Баршаңызға жаңа жылда да мол сәттілік тілейміз! Екінші азат жолымыз келесі жылы молырақ болсын!

Ізгі ниетпен,
Wake up Kazak ұжымы
Читать полностью
Wake up Kazak 30 Oct 2018, 10:55
Сүлеймен пайғамбар өзінің ұлына: “Мен құдайдан хабар алдым. Мен сенің Жерді шарлап, ондағы рухани тірі адамдар көп пе, әлде рухани өлі адамдар көп пе екенін көріп қайтқаныңды қалаймын” – депті. Біраз уақыт өткеннен соң баласы қайтып келіп: “Әке мен көптеген жерлерге бардым және барған жерімнің барлығында да өлі адамдардың әлдеқайда көп екендігін көрдім” – деген екен.

Көршілес Қытайдағы ұйғырлардың қазіргі өмірі антиутопия əдебиетіндегі қорқынышты əлемнен алыс кетпеген сияқты. Шыңжаң провинциясындағы "полиция мемлекеті" туралы ақпарат келесі мақалада.

Аударған: Асет Жұматай
Редактор: Меруерт Уахит

#WUK_longread

https://vk.com/@wakeupkazak-ytai-sinczyandy-tedes-zho-policiya-memleketne-ainaldyrdy
Читать полностью
Wake up Kazak 30 Oct 2018, 10:53
Неге соңғы кезде адамдар стресске көбірек ұшырайды? Қазіргі заманның адамының ми құрылымы алдыңғы уақыттардан айырмашылығы қандай? Мазасыздықпен қалай күресуге болады?

Джеймс Клиар (James Clear) американдық танымал автор. Өз блогында ол адам психологиясы жайлы сұрақтарға ғылыми негізделген жауаптарды оңай және түсінікті түрде жеткізеді.

Бүгін біз осы автордың ең қызықты мақалаларының бірімен бөліскіміз келеді. Оқыңыздар және уайымдамаңыздар:)

Аударған: Ақжарқын Құдайбергенова
Редактор: Қасиет Темірзахқызы

#WUK_longread

https://vk.com/@wakeupkazak-mazasyzdy-evoluciyasy-bz-nege-uaiymdaimyz-zhne-uaiymdaanda-n
Читать полностью
Wake up Kazak 18 Sep 2018, 19:02
“Қазақстанда қамауда отырған кез келген күдікті ... қандай да бір нақты мақсатсыз азаптауға ұшырайды”. Заң үстемдігі мен жазалауды гуманизациялау туралы әңгіме қозғап, түрлі конвенцияларға қосылып жатқан елде тұтқындар әлі де азапталып жатыр.

Бүгінгі мақала басқалардан өзгеше. Ондағы ақпарат ресми дереккөзерден алынған факттер және Қазақстанның осындай жүйелі заң бұзушылыққа қарсы жүргізіп жатқан шараларға шолу жасайды. Барынша мұқият оқып, өздеріңізге ой-түйін жасауға шақырамыз.

Аударған: Қасиет Темірзахқызы

https://telegra.ph/%D2%9Aaza%D2%9Bstanda%D2%93y-azaptaular%D2%93a-%D2%9Barsy-k%D2%AFres-09-18
Қазақстандағы азаптауларға қарсы күрес
· Қазақстан 1998 жылы БҰҰ Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенциясын ратификациялады. · 2001 жылы Азаптауларға қарсы Комитет дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанның Азаптауға қарсы конвенция бойынша міндеттемелерін орындау туралы алғашқы баяндамасында Қазақстанға 16 ұсыныс берді, оның ішінде есепті кезеңде небәрі 4-і орындалды. · 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап пенитенциарлық мекемелер Ішкі істер министрлігінен…
Читать полностью
Wake up Kazak 11 Sep 2018, 18:27
"Дипломатия – кішігірім болса да, өте маңызды әрі күрделі атомдық ғылым. Бірақ, орташа Американдықтардың Иран тарапынан келіп жатқан қастандықтары жайлы қорқыныштары – түкке тұрғысыз әңгіме. 2015 жылы Ислам Республикасы мен АҚШ және оның 5 әлемдік серіктестері арасындағы ядролық бағдарламаға қол қойылған сәтте, GALLUP Америка қоғамының 84%-ы Иранды қолайсыз деп тапқан."

Бүгін біздің редакция Сіздер үшін АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынастардың басын ашуға көмектесетін мақала дайындады.

Аударған: Асет Жұматай
Редактор: Айгерім Жетпісова

https://telegra.ph/Trampty%D2%A3-Iran%D2%93a-%D2%9Batysty-kel%D1%96s%D1%96mshartyna-dilemma-%D2%9Balpyna-kelt%D1%96ru-nemese-bas-tartu-09-11
Трамптың Иранға қатысты келісімшартына дилемма: қалпына келтіру немесе бас тарту
Дипломатия – кішігірім болса да, өте маңызды әрі күрделі атомдық ғылым. Бірақ, орташа Американдықтардың Иран тарапынан келіп жатқан қастандықтары жайлы қорқыныштары – түкке тұрғысыз әңгіме. 2015 жылы Ислам Республикасы мен АҚШ және оның 5 әлемдік серіктестері арасындағы ядролық бағдарламаға қол қойылған сәтте, GALLUP Америка қоғамының 84%-ы Иранды қолайсыз деп тапқан. АҚШ халқының Иранға деген ұдайы антипатиясы Дональд Трампты ядролық келіссөзге популисттік кандидат ретінде шабуыл жасауға итермеледі. Сонымен…
Читать полностью
Wake up Kazak 3 Sep 2018, 17:31
Түнгі ұйқысымен қиындықтар көретін азаматтардың арасында болсаңыз, бізде керемет жаңалық бар: бәлкім, сізге бұл түнгі ұйқы керек емес. Түн сайын үш сағаттық ұйқысыз кездерге тап болсаңыз, тынығуға мүмкіндік беретін ұйқы режимін жоспарлауға да болады. Шын мәнінде, тарихи оқиғаларға сүйенсек, бұл ежелде көпшіліктің ұйықтау тәсілі болғандығына көз жеткізуге болады.

Аударған: Дарина Жунусова
Редактор: Мақсат Шалабай

https://telegra.ph/M%D2%AFmk%D1%96n-s%D1%96zge-de-ezheldeg%D1%96dej-k%D2%AFn%D1%96ne-ek%D1%96-ret-%D2%B1jy%D2%9Btau-%D2%9Bazhet-09-03
Мүмкін, сізге де ежелдегідей күніне екі рет ұйықтау қажет?
Түнгі ұйқысымен қиындықтар көретін азаматтардың арасында болсаңыз, бізде керемет жаңалық бар: бәлкім, сізге бұл түнгі ұйқы керек емес. Түн сайын үш сағаттық ұйқысыз кездерге тап болсаңыз, тынығуға мүмкіндік беретін ұйқы режимін жоспарлауға да болады. Шын мәнінде, тарихи оқиғаларға сүйенсек, бұл ежелде көпшіліктің ұйықтау тәсілі болғандығына көз жеткізуге болады. Бір рет ұйықтап алдық, ал екінші ұйқы туралы не айтуға болады? 2001 жылы тарихшы А. Роджер Экич сегменттелген ұйқы үрдісін ойлап тапты. Ол адамдар…
Читать полностью
Wake up Kazak 25 Aug 2018, 08:42
Чайлд-фри — не демек? Чайлд-фри — баласыз өмір сүру жолын таңдау. Балаларды жек көру, қатыгез болу, тасжүрек болу емес мүлде. Саналы түрде бала сүймеуді, бала сүюді өмірдің жалғыз мәні деп санамауды өзіне (және тек өзіне) жөн деп көру яғни. Бұл мақалада чайлд-фри әйелдің қандай қиындыққа кезігетінін көре аласыз.

Бала сүюге шешім қабылдаған адамдар басқа тұлғаларға «балажан» бола ма? Адамның, әсіресе әйелдің баласыз болуға шешімін жұрт қалай сын астына алып, әйелдің өзін жерден алып жерге салады? Ол әйел неге бұндай шешім қабылдады?

Аударған: Гульназ Жамбулова
Редактор: Бибарыс Сейтақ

https://telegra.ph/Men-40-zhastamyn-chajldfrimyn-balasyzbyn-zh%D3%99ne-ba%D2%9Byttymyn-Nel%D1%96kten-ma%D2%93an-eshk%D1%96m-senbejd%D1%96-08-25
Мен 40 жастамын, чайлдфримын (баласызбын) және бақыттымын. Неліктен маған ешкім сенбейді?
Глиннис Макниколь 42-ші туған күніме бірер ай қалғанда, достарыммен кешкі асқа шықсам, танымал, үлкен жасты еркек жазушының қасында отыр екенмін. 40 жастан асқан, баласыз, жалғыз басты әйел болу туралы мемуар жоспарын қорытындылап жатқан кезім болғасын, іштей дәл осы сәтте оған тап болғаныма таң қалдым. Мен оны сүйіп оқушы едім. Мүмкін ол ақылымен бөлісер? Шабыттандырар сөздер айтар? Сусындар әкелгенше, мен әңгімемді жобалап қойдым: өмір қандай қызық бола алатынын маған ешкім ескертпеген еді. Мені 30 жыл бойы…
Читать полностью
Wake up Kazak 9 Aug 2018, 11:16
Экономикалық кеңеюден кейін Пекин өзінің дипломатиялық әсерін кеңейтуде. Көптеген аймақтарда Ресей, АҚШ немесе ЕО-дан сәттірек болуда.

Қарапайым мысал - Таяу Шығыс.

Бүгінгі мақалада Қытай Халық Республикасының Израиль, Иран және Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарың табиғатын түсіндіреді.

Аударған: Сабина Мэлиева
Редактор: Меруерт Уахит, Гульназ Жамбулова

http://telegra.ph/%D2%9Aytaj-%D2%9Bas-d%D2%B1shpandaj-%D2%9Byryl%D2%93an-Izrail-Iran-zh%D3%99ne-Saud-Arabiyasy-memleketter%D1%96men-dosty%D2%9B-%D2%9Batynasty-%D2%9Balaj-sa%D2%9Btap-otyr-08-09
Қытай қас дұшпандай қырылған Израиль, Иран және Сауд Арабиясы мемлекеттерімен достық қатынасты қалай сақтап отыр?
Иран, Израиль және Сауд Арабиясы кез келген дипломатиялық пікірталаста қашанда дерлік баррикаданың әртүрлі жағында. Бірақ аталған мемлекеттерді Қытаймен орнаған берік достық біріктіреді. Бірнеше онжылдықтар бойы Таяу Шығыс геосаясатының негізгі белсенділері бір-біріне күмәнмен қарап келеді, ал олардың өзара қарым-қатынасын «күрделі» және «мүмкін емес» деген сөздермен суреттеуге болады. Тегеран мен Эр-Рияд - аймақтың негізгі (сәйкесінше) шиіттік және суниттік күштері. Олардың даулары, әдетте, серктестері - Сирия…
Читать полностью