Өткен жыл өз оқиғаларымен әлем үшін тарихта маңызды жыл боп қалатыны айқын. Скрипальдің тағдыры мен Мәскеу-Лондон қарым-қатынастары үшін бірге уайым кештік. Трамптың Иранмен (бір заманда әрең!) құрылған келісімшарттан бас тартқанынан, Израильдегі елшілігін Әл-Құдысқа көшіргенінен, Ким Жоң Ынға жазған твиттерінен біраз шошығанымызды да жасырмайық! Брексит жобасын бірге бақылап, арап журналисі Жамал Қашағжының ажалынан үркігеніміз де рас. Қазақстанымызға келсек, бәрімізді Денис Теннің қазасы дүрліктіріп, жұрт ІІМ реформасын талап етті. Астана Банкінің жағдайы үшін абыржып, Көкжайлаудың келешегі үшін ат салыстық. Сайрагүлдің амандығын ел боп бір ауыздан тілей білдік.
Алайда, 2018 жақсы жаңалықтарға да толы болды! Күллі түркі жұртының алтын бесігі Түркістан облысының киелі есімі қайтарылып, Шымкент қаласына ерекше статус берілді. Қазақтың төл өнері — айтыста — ең үздік жылсайынғы жүлде "Алтын домбыраны" әйел алды. Корея түбегінде де, Эритрея мен Эфиопия арасында да бүкіл әлем көптен күткен бейбітшілік таңы атты! Тайландтағы су тасқыны салдарынан үңгірде қамалып қалғанын балалар үшін де алаңдай білдік: олардың сәтті құтқарылуын біртұтас әлем боп бақытқа толы жүрекпен, жасқа толы көзбен тамашаладық.
Баршаңызға жаңа жылда да мол сәттілік тілейміз! Екінші азат жолымыз келесі жылы молырақ болсын!
Ізгі ниетпен,
Wake up Kazak ұжымы