Wake Up Kazak ақпараттық алаңы осы уақытқа дейін аударылған мақалалар топтамасын баспадан шығармақшы!
Wake Up Kazak - қазақ тіліндегі академиялық бағыттағы әлеуметтік желілердегі таптырмас платформа. Оның негізгі қызметі - әлемдегі үздік мақалаларды ағылшын және орыс тілдерінен қазақ тіліне аудару.
Бүгінде, қазақ тіліндегі БАҚ-тың сапасы көптеген кемшіліктерге ие. Мұның негізгі себептерінің бірі әлемдегі өзекті мәселелер бойынша әртүрлі аналитикалық көзқарастардың және сапалы сараптамалардың болмауы. Бұл мәселе, өз кезегінде, қазақ тілді аудиторияның әлем жаңалықтарын қазақ тілінде еркін оқып-үйрену мүмкіндігін шектейді.
Мақсатымыз: қазақ тілінде сөйлейтін аудиторияға жаңа білім алуға, ақыл-ойды тереңдетуге, аналитикалық дағдыларды қалыптастыруға және қазақ тіліндегі контенттің көлемін және сапасын арттыру. Сол себептен, әлемдегі интелектуалды бағыттағы үздік мақалаларды қазақ тіліне аударып, оны кеңінен тарату.
Қазіргі уақытта «Wake up Kazak» Instagram, Telegram және VKontakte сияқты әлеуметтік желілерде үнемі жарияланады. Бұл бастаманың аясында 70 тен астам мақалар мен видожазбалар қазақ тіліне аударылып, әлеуметтік желілерге жол тартқан болатын. Барлық жұмыс толықтай жанашыр еріктілердің арқасында жасалуда.
Алайда, әлеуметтік желілерде біздің көптеген мақалаларымыз бен жазбаларымыз қазақ тілді аудиторияны жеткілікті деңгейде қамти алмай жатқанын түсінеміз. Сондықтан, "Wake up Kazak" парақшасындағы ең үздік мақалаларды таңдап алып, баспадан шығармақшымыз! Шығарылған баспа журналдар Қазақстанның түкпір -түкпіріндегі мектептер мен кітапханаларға таратылмақшы. Бұл бастаманы толығымен жүзеге асыру мақсатында қызығушылық танытатын адамдарды краудфандингқа қатысуға шақырамыз.
Краудфандинг - бір мақсатты көздейтін адамдардың ауызбіршілігінің аясында ресурстар мен қаражаттың жиналуы және сол мақсатты іске асыру жолында толығымен игерілуі.
Сондықтан, Сіз біздің мақсаттарымыздың шыңайылығы мен маңыздылығына сеңетін болсаңыз, осы осы игі бастамаға қатысуыңызды сұраймыз! Біз үшін әрбір көмек маңызды!
Жоба туралы басқа да ақпарат алу үшін немесе пайда болған сұрақтарыңызды қою үшін бізге хабарлассаңыздар болады.
Құрметпен,
Wake Up Kazak тобы!