Сәлем достар!
Сіздерді күздің алғашқы күнімен құттықтаймыз. Жаз бойы жоқ болып кеткеніміз үшін кешірім өтінеміз. Алайда, бізде сіздерге бірнеше керемет жаңалықтар бар:
Біріншіден, естеріңізде болса, жаздың басында біз "Wake up Kazak" журналының бірінші басылымын шығарған болатынбыз. Жаз бойы журналдың сатылымы мен таратылуы үшін біраз тер төгіп, қорытындыларымен бөлісуге дайынбыз:
Айгерим Шадеева 700 дана журналды "book to aul" жобасына сыйлады, енді ол журналдар ауылдарға жетуі қажет
Адиль Рамазанов төмендегі мекемелерге өз атынан журналдарды жіберді:
50 дана - Кентау қаласындағы 12-ші орта мектеп
20 дана - Орал қаласындағы "Балалар Ауылы"
25 дана - Орал қаласындағы "Мектептен тыс жұмыс орталығы"
15 дана - "Ана мен бала ұлттық орталығы"
Краудфандингтан және өзге оқырмандардың жіберген ақшаларына 150 дана журнал Орал қаласындағы "Мектептен тыс жұмыс орталығына" жеткізілді.
Одан бөлек журналдарды қарапайым оқырмандар да сатып алды. Көбіне журнал ұнады. Егер сіз сатып алғыңыз келсе - бізге жазыңыз. Астана, Алматы қалаларында әлі де журналдар бар.
Екіншіден, біздің ұжым ресми түрде үш тілді басылым ретінде мемлекеттік тіркеуге тұрды. Бұл дегеніміз, болашақта әлі де көптеген басылымдар жарық көрмек. Жақын арада орыс тілінде авторлық мақалалармен феменизм туралы басылым болады. Жуырда толық ақпарат шығады.
Үшіншіден, біз алдағы аптадан бастап парақшаның жұмысын жалғастырамыз! Апта сайын қазақ тілінде әр түрлі ақпаратты және қызықты мақалалар жарық көретін болады!
Осыған байланысты, біз ұжымымызға аудармашылар, үйлестірушілер, PR менеджерлер, графикалық дизайнерлер іздестіреміз! Тәжірибеңіз бен арнайы біліміңіз маңызды емес - қазақ тілді ортаны дамытамын деген ниетіңіз болса жеткілікті. Егер осы жобаға өз үлесімді қосамын десеңіздер, маған жазыңыздар.
Біздің өзге желілердегі парақшаларғада тіркеліңіздер:
Инстаграм - @wakeupkazak
Вконтакте - @wakeupkazak