Репост из: "SHAPAĞAT" qory
✅ Тәшриқ тәкбірі
⠀
"Тәкбір-тәшриқ" дегеніміз, арапа күні таң намазынан бастап, Құрбан айттың төртінші күні екінтіге дейінгі аралықта әр парыз намазының соңында сәлем бергеннен кейін айтылатын дұға.
⠀
Сүннет, үтір және нәпіл намаздардан кейін айтылмайды.
⠀
➡️ Тәкбір-тәшриқты айту – намаз оқу міндет болған әрбір мұсылманға уәжіп. Өйткені, Алла тағала өзінің қасиетті кітабында:
⠀
«Санаулы күндері Алланы зікір етіңдер», – деп бұйырған. Аяттағы "санаулы күндер" дегенді Әзірет Әли арапа күнгі таң намазынан бастап, айттың төртінші күні екінті намазының соңы деп тәпсірлеген.
⠀
Бұл аралыққа 23 парыз намазы енеді.
⠀
➡️ Тәкбір-тәшриқ дұғасы төмендегідей:
⠀
«Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар. Лә иләһа иллалЛаһу уалЛаһу әкбар. Аллаһу әкбару уә лилЛәһил хамд».
⠀
🔺️ @shapagat_atyrau