Yerlan Ospan

@yerlanospan Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Блоги
Добавлен в индекс
31.10.2017 20:24
реклама
Все секреты подсознания
Активируй весь потенциал
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
SearcheeBot
Ваш гид в мире Telegram-каналов
79
подписчиков
~38
охват 1 публикации
~14
дневной охват
~2
постов / нед.
48.1%
ERR %
0.09
индекс цитирования
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Yerlan Ospan 4 Apr, 08:33
#IT

ОНЛАЙН ОҚЫТУ ТУРАЛЫ КӨПӘРІП

2004 жыл болатын. Бір білім шенеунігі шақырды. Шай қойды, бірақ берген жоқ. Өзі де ішпеді. Ұмыттық шайды. Себебі ол Наполеонның жоспарын айтып, мен қоштап үлгерген едім.

Қысқасы ол - облыс мектептерінде неше адам зейнетке кететінін, келесі жылы қай мектепке неше физик қажет болатынын көріп отыратын жүйе жасауға бола ма деп сұрады. Үлкен экранда облыстың картасы тұрса дейді. Онда мектептер тұрса дейді. Солардың төбесінен — неше адам оқиды, қанша адам керек деген сияқты сандар шығып тұрса дейді.

Неге болмасын! Әбден мүмкін!

Бірақ шенеунігің мұның алдында да осы мәселе бойынша ізденген екен. Экономика, орташа компьютер сауаты деген түсініктермен таныс емес бір әумесерлермен жолығыпты. Олар Алматыда тұратын экспаттың дәстүрімен - серверге екі миллион, Oracle-ге лицензияға екі миллион, кодерлерге айына 4 миллион, сосын... әр мектепке Oracle лицензиясына 400 мың депті. Сосын, ай сайын 5 миллион және төлеп тұрасың депті, «обслуживаниеге». Одан шенеунігім шошып кетіпті. Бірақ арзан жолымен істеуге болатынын сезіп жүріпті.

Мұны ... менің ақымды төлесе, тегін шығатынын айтқанымда, көзі атыздай болды.
Тегін деп айтқаным рас еді. Менің архитектурам былай болатын.

1. ЭФНО сияқты толтыруға болатын форма жасап береміз. Мысалы, #1 форма - мектептегі мұғалімдердің тізімі. Оны мектептегі хатшы қыз толтырып... кәдімгі электронды поштаға жібереді! Иә!

2. Біз жақта пошталарды бір бумаға көшіріп тұратын клиент тұрады. Мысалы Thunderbird. Поштаға хат келсе дереу көшіріп алып, бумаға зытырып отырады.

3. Өз кезегінде ол бумаға түскен файлдарды тағы бір программа оқып, базаға енгізіп отырады.

Әрі қарай өзің біл! Картаға шығарып қоясың ба, қағазға басып аласың ба - өз еркің!

3 ай ішінде прототипін жасадым. Әрине, database ретінде өзімнің сүйікті Interbase таңдадым. Мұның алдында бұл жүйені тіпті «Abrams» танкісі мен Мюнхен метросының билет сату жүйесінде тұр деп естігем. Рас-ау дедім. Авариялар жасап, тоқты жорта ажыратып та көрдім: түк болмағандай, тоқтаған жерінен жалғастыра береді енді сабазың!

Презентация жасадым. Мектептен электронды есеп формасын толтырып жіберудің имитациясын жасадым: дос-жарандар мен белгі берген кезде толтырылған форманы поштаға жіберді. Экрандағы картадан жыпылықтап сандар да секіріп шыға берді. Тіпті Алтықарасу мектебіндегі Қатипа интернет болмағасын, форманы флешпен әкелген жағдайды да көрсеттім. Тізімде жоқ поштадан хат қабылданбайтынын да көрсеттім. Қысқасы, файл-сервер архитектурасы өзін керемет жағынан көрсетті.

Бәрін министрліктегі шенеуніктер мен соларға ақыл айтып жүретін мердігерлер бүлдірді. Біз ондайды баяғыда жасағанбыз, ертең өзіміз қоямыз деді. Клиент-сервер екен. Базасы - Informix. Мәңгіреді де тұрады. Құлап қалса, толтырып қойған қырық жолың жоқ болып кетеді. Әйтеуір азабы қанша болса, лоббиі сонша болды. Тоқетері, бір-екі ай айтысып көрдім де, сосын қолымды бір сілтедім.

«Онлайн-оқыту» мәселесі де сол. Метрополия өз әлемінде өмір сүріп жатыр. Презентация кезіндегі ADSL — ауылда қайда, қарақтар. Ауылға — қауға, балта, сүймен сияқты қарапайым нәрсе керек. Бірақ оны он бес жылда әлі түсінбепті. «Енді малды смартфонмен сатуға болады» деп соғып еді бір шенеунік. Білім министрлігі де консультацияға жарымай, сол шенеуніктің деңгейінде қалғаны қынжылтады.

Фотода: Ауылшаруашылық шенеунігің «шопандар малды онлайн сататын болады» деп отырған тарихи сәті.
Читать полностью
Yerlan Ospan 2 Apr, 21:53
«ЖАТЫР»

Қазақстанда юзерлер аямай юздейтін сайт — kolesa.kz деп білемін. Ешқашан «сұлап жатқанын» көрген емеспін.

Ал e-gov — мемлекеттік сайт. Абылайдың асында шаппай қалды. Өзінің реализациясы да о бастан бір түрлі көрінген. Мысалы, NAT қойдыратыны. Сайт дегенді ашып жіберіп, пайдалана бермегесін. Оның сырын реті келгенде сұрағанмын да. «Безопасность!» деп маңызданды біреу. Банктің сайттары ше, ештеңе орнатуды сұрамайтын? «Нет, вы немного не понимаете» деп шығарып салған.

Бағып-қаққан беймәлім мақұлығы монстр болып шығып, енді бағуға мәжбүр болатын бір гректің бе, кельттің бе, мифі бар еді. e-gov — сол. Қайта жасауға тым кеш, тұтастай толқын карьера жасады, марапат алды. Енді қоштасу қиын. Амалсыз жемдеуге тура келеді. Жалғыз шешім —`database ашып тастап, жекеменшік девелоперлерге беру. Жалғыз шешім. Әйтпесе, «пернетақтада зырылдағаннан» табалдырық тоздырған тиімді болып бара жатыр.
Читать полностью
Yerlan Ospan 1 Apr, 06:16
«Биыл минуста қалсақ, тағы триллион теңге сұрап алармыз» деп отырған банкирлер ақыры өздеріне ауыз салғанда трансқа кеткен болар.

Дұрыс. Біздің банктердің қасында Еуропаның банктері халал банктер ғой.

Бір себеппен аграрлық реформа жасап алсақ керемет болар еді. «Продкорпорация», «Иволга» сияқты делдалдарсыз. Әйтпесе «зерновиктердің» ай сайын джип ауыстырып жарысқанын көрді мына көз. Элеваторлардың жанында қанша көз жасы, тағдырлар қалды де (біреу ауылшаруашылықтағы зұлматты кітап қылып жазуы керек негізі). Бандылар мен шенеуніктердің (яки, тағы да - бандылардың) ақысын тауып бере алмай, асылып қалған фермер қанша. Жалақысы берілмегесін, қырманнан тракторымен бір қалақ бидай ала кетіп, сотталып кеткендер қаншама. Мемлекет беріп тұрған жағармайды ала алмай, шаруасы күйіп кеткендерде сан жоқ. Одан қалды - сату маусымында вагондарды қаңтарып қоятын теміржол мафиясы бар.

Сол есек қып мінген бағбандарға күн түсті енді. Азық-түлік биыл қиын болады деп, БҰҰ-да айтып отыр. Қайтер екенбіз бұл жолы? Ештеңе екпей, субсидия алатын жылыжайларды әлі ұстап отырамыз ба, әлде өмір шындығы май құйрықтан шындап тепкенде —-жүгіріп кетер ме екенбіз?
Читать полностью
Yerlan Ospan 29 Mar, 14:03
#коронасюжет

«ЖАС ӘКІМ» ТІРКЕСІ ТУРАЛЫ

«Аудармашының жалған досы» деген сияқты, журналистің де «жалған досы» бар. Ол - мәселенің бетінде қалқып тұрған фактілер. Өкінішке қарай, көрінеу фактілер көп жағдайда — хайп көтеріп, одан пайда болған толқынның жалында қаһарман болып жүруге әбден жетеді. Ал бұл — биліктің өз әрекетін түсіндіруге самарқаулығымен араласса, дайын әлеуметтік бомба деуге болады.

Айталық, «астанада індет жұқтырғандардың Алматыдағыдан көп болуының себебі - жас әкім» деп жатыр. Кәрі әкім келсе көңілі жай табатындай. Бұл көріністің объектив себебі бар шығар, оны ойлап жатқан ешкім жоқ. Кеше демократтар да Трампты түтіп жеді, біз #коронавирус бойынша неге Қытайдан озып кеттік деп. Оған Трамп: «себебі біз тестті жылдам әрі көп өткізіп жатырмыз. Басқа елдерде ондай мүмкіндік жоқ» деді. Астананың себебі де осылай болуы мүмкін. Немесе, коронавирусты - бұқарадан гөрі, орта таптан жоғары таптың індеті деп жатыр, себебі әлемді аралайтын солар. Бұған елдің саяси және қаржылық истеблишменті астанада екенін қосыңыз. Әйтеуір, жұқтырғандар саны қалай бар - солай айтылып жатыр.

#Коронавирус тақырыбында бірсыпыра блогерлер мен журналистер бейсана түрде де, әдейі де жеке қауіпсіздік мәселесін қоғамдық қауіпсіздікпен шатастырып, әкімдердің, министрлердің құбыжық бейнесін қоюлата түсуде. Бұл жерде өте-мөте құйтырқы кілтипан бар. Билік жеке қауіпсіздікке еш жауап бермейді. Ол тек қоғамдық тәртіпті қадағалай алады. Лифтінің түймесіне түкірген адам үшін билік жауап бермейді. Дүниедегі бір де заң-зәкүн даяшының, жек көретін клиентінің табағына түкіруден сақтай алмайды. Бұл қауымның, үйелменнің мәселесі. Жеке қауіпсіздік мәселесін билікке аутсорсингке беріп қойған Советтер Одағы 29 жыл бұрын опат болды. Есіңізде болса, әрине.
Читать полностью
Yerlan Ospan 8 Mar, 21:56
Бұл оқиғаны маған сонау 1999 жылы, «Қазақтелекомда» жұмыс істейтін бір жігіт айтып еді.

Интернет жеке қолданысқа енді еніп жатқан уақыт. Адамдар телефон шалып, әрбір қимылын айтып, мезі қылады екен. Мысалы, біреу хабарласып, Мәскеуде оқыған кезінде «интернеті қызыл түсті болғанын» айтып, «ал Қазақстанда интернет неге көк, сондықтан жай емес пе?» деп тиіскен. Сүйтсе, Мәскеуде басқа броузер пайдаланған екен.

Мына суреттегі оқиғаны да сол айтты. Керек емес файлдарды орнына қалай қоюға болады деп қоймапты бір қыз. Файлдарды пайдаланғаны үшін кейін ақша төлеу керек болады деп ойлайды екен.

Оны мен тағы біреулерге айттым. Олар біреулерге айтты. Солай-солай әңгіме әлемді шарлап кетсе керек. Қазір анекдот ретінде айтылып жүрген осы оқиғаның бастауы дәл біз екенімізге сенімдімін)))

Ал сіз, кейін бүкіл жұрт айтып жүретін оқиғаға не әңгімеге бас кезінде куә болып көрдіңіз бе?))
Читать полностью
Yerlan Ospan 8 Mar, 17:57
БІЗДІҢ ПОПУЛИСТЕР

Мысалы, Навальный (әлде Милов па) айтады. Зейнетақы реформасын жасамай-ақ қоюға болады деп. Сосын, өз ұсынысын айтады: жетпей тұрған 300 млрд рубльді — «Роснефтьке» берілетін преференция есебінен алу керек деп. Нақты жоспар, нақты ұсыныс.

Бұдан кейін біздің белсенділерді көресің. «Бәріне жоғары жалақы, бәріне бақыт!». Бәріне - бәрін. Мұғалімге мәртебе, фермерге жер, жоқтарға — үй, тамақ, киім-кешек.

Бірақ оның бәрін қайдан аламыз?

Әсілі, буржуазия тарапынан қолдау көрмейтіні де — осы сұраққа жауаптың жоғынан.

Популистер экономикалық белсенді тапты артымнан ерді не ереді деп ойлап жүр. Бірақ олар үшін популистер — «дым жоқта бұл да азық» қана. Ал теңгемен дауыс беруге келгенде ермейді. Себебі нан табудың шарттылықтары мен ауыртпашылығын жақсы түсінеді. Лайкта жөн жоқ. Сондықтан популистер көбіне адам құқы мәселесі тұрғысынан шығады. Ал ол енді рас, ақсап тұр.
Читать полностью
Yerlan Ospan 6 Mar, 04:35
#БарлықАғартушыларғаТылақ

- Аш қарынға чеснок жеп алсаң — коронавирус жұқпайды екен.

- Жоқ. Өтірік ол. Мұрынның ішіне кір сабынды көпіртіп жағып алу керек! (сірә, коронавируспен бір ауырып жазылған болса керек).

Сен мен сияқтыларға: халықтың 99,9% ЖОО бітіргені, бәрі шетінен сауатты екені, жаңа медиа арқылы бұқаралық ақпар тарату бұрын-соңды болмаған жетістікке жеткені, идеологиялық жұмыстардың жолға қойылғаны, SMM ғажабы, PR кереметі, қаламы қарымды журналистің арқасында халықтың мәселемен таныс екені, т.б. туралы ертегілерді сағаттап айтуың мүмкін.

Ал мен автобусқа мінемін де, бәрі өтірік екенін көремін.

Ақша да, дауыс та - осы буржуазияда. Және ол — өздерін керемет ақпаршы, идеолог, теолог, пропагандист, журналист т.б. есептейтін адамдарға тылақ көрсетуден еш шаршамайды.

Жай, біздің оқымыстылар көпшіліктің ығына жығылып үйренген емес. Сондықтан, әлі өз көзқарасына мас. Бірақ осы қараңғы буржуазияның дегені болады.
Читать полностью
Yerlan Ospan 4 Mar, 04:47
#КітапОқуТуралы

Жасөспірім шақта кітап көрсем неге делебем қозғанын жаңа заманда түсініп жүрмін. Оқымыстылықтан емес. Жай ғана — қат болды.

Әрине, тәрбие берген ата-ана, көрші-көлем, ауыл-аймақ, мектеп-үйірме бізді кітап оқуға баулып бақты. Ең төмені - «кочегар болып кетесің!» деп қорқытты. Ұлысы - бөтеннің білгір ұлын үлгі қылды.

Бірақ сол кітап дегенің ыңғайымызға, санамызға шақтап табыла қойғаны шамалы. Қолға не түссе - соны оқи бересің. Тепловоздың автоматикасы мен «Қан мен терді» қатар оқу түк емес-тін. Қазақ қазақша кітапқа жарыған күнді көрген емен әйтеуір. Бір тақырыптарға әуес болғанымыз рас. Бірақ биологияға қызықсаң - сол мектептің биологиясынан басқасы жоқ еді.

Ал тоқсаныншыларда, тоқырауға ұшыраған кітапханалар мен клубтар кітаптарды аулаға үйіп шығарып тастағанда, түгін қалдырмай тасып кеттік. Отынға. Парақтап оқып отырып жағу бір ғанибет еді. Партияның көсемдерінің ас-суын әзірлегендердің ныспысы сияқты өте сирек мәліметтер сондайдан есте қалған, әйтпесе ана мылжыңды сабап та оқыта алмайды ғой.

Осы жерден көп адаммен керісіп қалып жатамын. «Оқу жерде қалмайды ғой, іске асты ғой әйтеуір?!» деп тап-тап береді кейде біреулер. Жоқ. Еш. Бәлкім, ұтысқа - о, тоба - тағы да кітап тігілген ойында жасырған сөзді тапқан болармын. Басқа не? Басқасы жоқ екен.
Читать полностью
Yerlan Ospan 4 Mar, 04:43
#КітапОқуТуралы

Есептеп көрдім.

Өмір бойы шамамен 350-400 кітап оқыппын (мектептегі кітаптарды және «Витязь-51ТЦ» телевизорының брошюрасын қосқанда); шамамен, бірақ аспайтыны анық.Қажетті рухани-техникалық мәліметті көбіне мақалалардан, эсселерден, мәселенің резюмесі іспетті бюллетеньдерден алады екенмін. Ал Гомер сияқты әдеби айуанның «Одиссейін» көне грекше оқымасаң, киносын қарай салған дұрыс-ау. «Гомердің кезінде аспан көк емес, қызыл болған екен» дейтін пікірталасқа түсуге құлқым да, уақытым да ендеше ақшам да - жоқ.
«Гамлеттің» Пастернак пен тағы біреудің аудармасын салыстырып, төбелесіп жататындарға қызығамын, бірақ қызығамын да қоямын.

Әлде, «басқа он мың кітапты оқымай-ақ қоюға болатын басты екі кітабым» осы төрт жүздің ішінде кезіккен шығар. Бірақ қай кітаптар екенін білмеймін. Дегенмен болады сондай кітаптар.

Мыңдап қалай оқыдыңдар? Қиын ғой.

Trends. Аудиал болып барамын. Көздерімнің, өзін сақтау жолындағы астыртын әрекеті ме, әлде аудиомазмұндау жаңа биікке шықты ма, білмедім. Білетінім, уақытым зая кетті: мектептің кей кітаптарын оқымай-ақ қою керек еді, бәрі өтірік болып шығып, қоқысқа кетті. Иә, мысалы, Мәуерен маған нахр керек болды?
Читать полностью
Yerlan Ospan 3 Mar, 19:20
#МонополияғаҚарсыКүрішАгенттігі

Монополистердің жарнамасын ешқашан түсінген емеспін. Жарнама деген — бәсекеде басыңды қылтитып болса да көрсетіп қалуға жанталас, еркін нарықтағы өлермендік емес пе?

«Супергипермегагигатеміркөмірмұнайтелекомгазэлектрдің қызметін пайдаланыңыздар».

Бұл не, капитализмнің имитациясы ма, құсадан өліп қалмасын дегені ме, өздерін еркін бәсекедегі сезініп көргісі келе ме, не бұл?

Ал енді блогерлерді шақыруы тіпті. Жалпы, блогерлерді де нарықтағы ахуал қыштағаннан емес, истеблишментке месседж үшін шақырады ғой. Гогольдің бе, бір кейіпкері айтпақшы, «патша ағзамды көрсең айта бар, осындай, өзімен өзі жүрген қарапайым мұжық бар, шаруасы түгел, ештеңе сұрамайды, бірақ сізбен кездессе бақытты болар еді, ал статс-советник қылсаңыз - ол енді...»...

Бейшаралар. Бейшаралық. Тьфуй.
Читать полностью
Yerlan Ospan 3 Mar, 07:25
#СоғысБолмасын
Екі тарап сап түзеп, бірі біріне жақындайтын соғыстың заманы әлдеқашан өтті. Соңғы жылдары «дрондар үйірі» (swarm) тактикасы әңгіме болып жүр еді.

Теорияда, дрондарды қаптатып жіберіп, жаудың жаяу әскерін де, танкісін де, басқа да кереметтерін жоққа шығаруға болады. Соққы қайдан болатыны белгісіз болғандықтан, өлгісі келмейтін адам бір жерде тығылып отыруы керек. Антибункер бомба түспесе, тірі қалуы кәдік. Ұшаққа, амуницияға, танкіге, ату құралдарына жұмсаған миллиардтаған доллар — арзан, бірақ тым көп дрондарға төтеп бере алмай, желге ұшады.

Қызығы, осы тактиканы өмірде алғаш қолданған түріктер сияқты. Идлиб аспанын толық бақылауға алғаны бәрін шошытып отыр. Әсіресе күрделі қаруға бәс тіккен Ресейге қиын болып отыр. Юзерлер, яки болашақ электорат, «мақтан тұтатын әуе қорғанысымыз қайда?» деп, жағадан алып жатыр. Айтатын өтірік те қалмаған сияқты. Қару түгілі, әйгілі радиоэлектронды құрсау-адастыру құралдары тіпті іске қосылмай, асадтықтар дрондардан кәдімгі шинаны өртеп, қою түтініне тығылып отырған көрінеді. Бірақ түтін сейіледі ғой...
Батылдық бар, бірақ салқын есеппен ұштасқан батылдық та бар. Осы, екіншісін түріктер ерттеп алған сыңайлы.

Айтпақшы, тарап жатқан видеоларда көбіне, экипаждың қашып бара жатқанын көрмейсіз. Яғни танкілер, автолар, т.б. жабдықтар лазерді сезетін қарапайым сенсорлармен жабдықталмаған, не олар жұмыс істемейді. Сәуле түскен кезде «нысанаға алындың!» деген белгі беріліп, экипаж жансауға іздеу керек. Алайда асадтықтардың жарағы күн өткен сайын сыр алдырып жатыр...
Читать полностью
Yerlan Ospan 27 Feb, 06:23
#БуриданЕсегі

АҚ АДАМНЫҢ ЖҮГІ

Киплингтің «Ақ адамның жүгі» дегенге саятын өлеңі бар. Онда ақ адамдарды (яки еуропалықтар да сол) бұратана халықтарға шамшырақ болуға шақырады.

Өзімді ауылдан кеткенмен, қалаға жетпегендердің шоғырына жатқызамын. Көңілімнің түкпіріндегі тіндер ауылдың шарттылықтарына шақырады да тұрады. Етті шанышқымен жеп үйренгенім соңғы бесжылдық шығар. Онда да, бір жиында бір қатын біреуді «қолдарының кірін езіп қалай жейді» деп, сампылдап қоймағасын.

Өткенде өзіме жаңа культура таңдым. Ендігәрі дедім өзіме, екі лифті тұрса, екеуін де шақырмай, жақын тұрғанын шақырамын деп.

Сол мәдениетті бүгіннен бастаймын ба деп едім - әттең, екі лифті де 12-қабатта тұр екен! Ақ адам мұндайда қайтер еді деп, қақшидым да қалдым. Ақыры екеуін де шақыра салдым.

Келесі дүйсенбіден бастаймын енді...
Читать полностью
Yerlan Ospan 22 Feb, 21:35
#ЕсімеТүсіпКетті #СалапАнекдот #редактор

Анабір жылдары шетелдіктерге жармасып, елімізге комплимент тілену үрдісі болып еді. Қымыз ұнады ма, ет ұнады ма деген сұрақтарды, редакторға Жарғының берген өкілетінің барлығын салып отырып, қырқып тастап отыратынмын. Оным үшін үлкеннен лағнат, кішіден — кейде кекке ұласқан наз естідім. Қазақтың мерейі тасығанын көре алмайтындар кастасынан бір шығарды өсек-аяң.

Осыбір жарамсақ сұрақтан арылмағандар әлі көп.
Шетелдікке - елім қандай, суым қандай, нуым қандай, қонақжай ма екенбіз, құрт күшті ме, айранымыздың ләззатынан ұйықтап, талқаннан талып қалған жоқсыз ба деп тап-тап береді екен. Мынабір — сақалды болғанда да қауға сақалды, тіпті балағы қысқа анекдоттың орайы келіп тұрғаны.

Бір жапон Советтер Одағын аралапты. Бармаған жері қалмапты. Билік те жапонды таң қалдыруға бүкіл амалды жасапты.

Содан, еліне қайтатын күні одан сұрапты-мыс:

- Не ұнады біздің елде? - деп.

- Балалар - депті анау.

- А?

- Иә, балалар: совет балалары сондай сүйкімді, алғыр болады екен де.

- Жоқ, машиналарымызды көрдіңіз, телевизор шығаратын фабрикаға бардық, комбайндарымызды көрдіңіз...

- Еее, жоқ, жоқ: қолмен жасаған еш дүниелерің ұнамады - деген екен жапон...
Читать полностью
Yerlan Ospan 20 Feb, 17:57
- Бұрын ана жерде құдық болатын...
- Аха?
- Енді... жоқ...
- Ааа...

- Мына жерде үлкен сырық жататын...
- Аха?
- Сосын астау тұратын, мынаааадай, үлкееен...
- Аха?
- Жоқ қой енді қазір, көріп тұрған жоқсың ба!
- Иә, былай, түк жоқ жер екен...

- Әй, тұра тұр! Мен ана жаман шалдар сияқты - жоғалып кеткен, жоғалып кеткір жоқты жоқтап жатқан жоқпын. Үрдіс қой енді, үрдіс. Әр нәрсенің заманы болады. Биыл тақияны теріс кию үрдіс десе - теріс киесің. Жай... Көз көргесін, нетесің де жаңағы...

Бұлар, «сағынам» дегеннің өзін еркектің сөзі емес деп есептейтін нағыз сірі қариялар ғой. «Ұнатам», «сүйем», «сағынам» деген сезімдерді «нетіп-неғылам» деп келген өмір бойы. Домбыралатып, қыз-келіншектерді жағалайтын жігіттерге күдікпен қараған. Әуейілік деп. Өмір жақсылап сабаған не де болса.

- Алда, алда, алда-ай! Ал мына көмбе ешқашан жоғалмайды! Көр де тұр, осылай тұра береді! Асыр салатын едік, заман-ай, зыр-зыр қаққан!

Ернеуі кеберсіген, сор тартқан көмбеге ырзалықтан тоқтамастан балпылдап жатты шал. Өзінің сағыныштан жылап тұрғанын сезген жоқ...
Читать полностью
Yerlan Ospan 19 Feb, 10:16
ЖЫРТЫС НЕМЕСЕ МАРҚҰМНЫҢ СОҢҒЫ ӘЗІЛІ

Бозбаламыз. Бізге әлі де - мантасекілдің рулін, тоқпен жұмыс істейтін жабдықты бермейтін; бірақ өлік-тіріктерде құйрықтан бір теуіп құман құйдыратын, айғайлап отырып ағаш жарғызатын, күйелеш қазан тасытатын.

- Ал, әжең жүріп кетті, балам - деп қалады біреу ілеуде.

«Балам» деп тұрған кісі - әкем емес; өліп отырған кісі - әжем емес. Ауылдағы әжелердің барлығы - бәріміздің әжеміз.

Жан жарасын жеңілдетпек болған түріміз бе екен, ымды бірден түсінген болып:
- Қазан? - дейсің.
- Сосын - самауыр да тасыңдар! - дейді ол.

Кімде қандай қазан барын жатқа білеміз. Сосын өзі, сұрамаймыз да ғой сол. Аулаға біріміз секіріп түсіп, дарбазаны ашып, ошақтағы қазанды көтеріп кете береміз. Кейде апа-жеңгелер тарысымен әлде күмпиген қамырымен шығып қалып жатады.

- Үйбүй, нанымды пісіріп ала қояйын деп едім... Кім? - дейді.

- Несібелі әже! - деп гүж етеміз сонда біз маңызданып, құдды сол өлтіріп қойғандай.

- Алда тие берсін! - деп, артымыздан ере жүреді сонда қазанның қожасы.

Әсілі сондағы қызметіміз - сірә шал-шауқан асататын етке, не құлақ-тұяққа, кәмпит-пішінәйға бола емес-ау. Жай, кәдеге жарағанға мәз боламыз ба екен.

Дегенмен, бізге кемпір өлгендегі қызық бір көрініс бар. Ол - жыртыс жырту.

- Ал енді, әжеміздің жыртысын берейік! - дейді біреу аулаға шығып.

Аула соғыс алдындағыдай тына қалады. Кейін байқасам, иттер де үруді қойып, торғайлар да жым болатын сияқты өзі.

- Тігін мәшін - ғұмырлық құрбысы Сақыпқа, өзі айтқан әженің! - дейді әлгі.

Аулада ырзалық та, ыза да жоқ. Басқа бірдеңені күтіп отыр бұ қатын-қалаш.

Сосын әжеміздің кебеже-кебістері, мәсі-гәлөштері үлестіріледі. Бұлар, қазіргі мәңгүрт иттер сәтсіз аударғандай - «тыныштандыру сыйлығы» ғана сияқты. Әйтпесе қатын-қалашты бәрібір әлдебір «суперприз» алаңдататынға ұқсайды.

- Енді былай. Әжеміздің мекалай білезігі мен сырғалары - толайым, бүкіл кәмплектімен - өзі жақсы көрген келіні Ұлтуғашқа...

- Өш!
- Қасқаааа!
- А? Ааааааа ойбай, жер қылып кеттің, Несібелі!

Ауланың ортасына - еңгезердей бір кемпір отыра қалып, ойбайға басады дейсің. Алдымен марқұмға қылған жақсылығын, одан қалды - балаларына тигізген шапағатын айтып, зарлайды. Сосын жоқтау-назын «алтын-күмісті мен алмағанда кім аладымен» түйіндейді. Кейде жылтырақ кәкір-шүкірдің «заңды мұрагері» басу айтып, «жолымды бердім, сіз алыңыз» дейді. Ондайда жаңа ғана бүтін дүниені күңіренткен әжеміз жадырап сала береді. Әйткенмен, көбіне сонша алтын-күмісті ешкім қолдан бергісі келмейді...

...Мектебіміз «естияр» деген қағаз берген жылы нағашы әжемнің қасында болдым. Ол елді сағынады; ал мен ол жақтан қашып келгем. Бір күні оны-мұны әңгіме қылып жүріп, «неменеге кемпір өлгенде үнемі дау шығады осы?» деп сұрадым.

- Не білесің сен ұсқының құрғыр, - деді әжем сонда, - кемпірлер арты қызық болсын деп, әдейі солай - әділетсіз үлестіріп кетеді. Жыртыстағы төбелес-ұрыссыз неғылған қонақасы! Ертең мен де сөйтіп кетем мысалы... - деді.

Шынымен, уақытында ерсі көрінгенімен, қазір қарап отырсам, жыртыстағы бетжыртыс - тойдың төбелесі сияқты сән болған екен ғой...

Шоу-бизнес болмады дейсіздер ме, хе-хе...
Читать полностью
Yerlan Ospan 19 Feb, 08:50
ң историям саған. Сен мені осылай имиіп, мыжырайып, аспаннан салбырап түсіп қалды дейтін шығарсың? Ойбай, әке-шешемнің өзі бетіме тіфәй-тіфәй деп барып қарайтын сұлу болдым ғой мен. Бойжеткен болмай жатып теміржолға қойды партия ма, басқа бәле ме. Светофордың лампысын жағатын қылып. Он шақырым алға, он шақырым кейін - жұмыс сол. Боран, қасқыр, аяз, жаңбыр - сылтау болып қана есептелетін уақыт еді. Түсімде менің кесірімнен аударылып-соғысып қалған пойыздарды көріп, шошып оянатын шошымал жағдайға жеттім ақыры.
Бір күні Гамаюн деген келді бастық болып. Қарағаны жаман әйтеуір, ішіп-жеп қарайды. Әйтеуір ниеті жақсы емес. Түсінесің ғой?

Әйел мен еркектің қатынасына ұласып бара жатқан әңгіме маған ұнамай тұрған жоқ, ұялтып бара жатыр. Сақып әже сезіп қойғандай:

- Қорықпа, керегінен артығын айтпаймын өзім де. Содан, бір күні үйге келсем, шешемнің көзі бұлау-бұлау. Домбыққан бетін түртіп қалсам жарылайын деп тұр. Әкеңді бастығың Гамаюн қаматып тастады дейді. Арқалаған қабынан бидай сыздықтап ағып тұрыпты. «Мүлікті қасақана бүлдіру». Статья! Бірақ нас айғырың әкемді жібере аламын депті. Егер... мені әйелдікке берсе...

Қараша үйдегі алай-дүлей көңіл-күйді жан-тәніммен сездім. Сақып әже де кесесін бір жағына қисайтып, ойланып кетіпті.

- Не көрмедім мен, - деді бір кезде өксігін шаймен жұтып жіберіп, - Россияға тарттық қой... Күнім күн болмады. Қаладан қалаға секектедік те жүрдік. Аузы арақтан, арқам таяқтан босамады. Он бес жыл бойы елден бір түйір хабар алғызбады. «Секретно!» бәрі. Сығалатып, аңдытып қоятын адамы да көп еді өзінің. Ақыры әке-шешемнің көз жасы жіберсін бе, бауыры іріп-шіріп, қор болып өлді. Көз алдымда. Байың ғой, бірдеңе десеңші дейді доғдыр. Ана байғұс та қолын созады, Төлеген мен Жібектей боп өмір сүргендей. Өзің айт, мен өлгенін күтіп отырмын дедім.
Енді қара, елім деп жетіп келсем, мені сөз байласып, өзім қашып кеткендей жақтырмады ақыры осы жұрт. Анау сенің атаң да сол жұрттың ішінде. Әндетсем сол - балалығым қазір ғана шығып жатыр. Асыр-салып билейтін шақтан жылап өтіппін. Кейде бар ғой - жақсылааааап бір ән салып жіберіп, барлығының есесін бір-ақ қайтаратын сияқтанып кетем! Не? Не болды саған, ей бала???

«Теміржол. Ресей. Қырықтағы кісі. Әскери гарнизондар. Зауыттар. Бір адамның басына тым көп емес пе...». Әңгімеден мәңгіріп, дел-құлы боп қалыппын.

- Сенбей отырсың ба не? Мә, қара!

Әжем паспортын лақтырып жіберді. Ақырын ашып қарадым. «Гамаюн Сахип Якубовна»... Уфф...
Читать полностью
Yerlan Ospan 19 Feb, 08:50
#SicTransitGloriaMundi
САҚЫП ӘЖЕНІҢ ӘНДЕРІ

Осы бар ғой, әжелердің - сөз аяғында, не жайшылықта «оупыфф...» деп күрсінгені жаныма батады. Бүкіл өмірбаянынан сыр беретін дыбыс өзім үшін. Көз жасымен ақпай, жоқтаумен шықпай, жүректе біржола бекініп алған шердің дыбысы. Жиі күрсінсең там-тұмдап азая беретін шығар сірә.

«Оупыфф...» дейді Қазына әже. Жалғыз ұлы Ауғаннан оралмапты.

«Оупыфф...» дейді Несібелі әже. Немересі әскерде, Тбилисиде. Жаңалық түгілі, фильмнен зәресі ұшады. Сол кездері, «жариялылық» деп, имене-имене бастаған («perestroika, glasnost, uskorenje!») журналистердің ақыры тығыны ашылып кетті емес пе. Көгілдір жәшіктен қан шелектеп кетті. Басында тамшылап тамғанымен, кейін асау толқындары көрерменді тұншықтырып өлтіруге қарады. Сондай шыншыл бағдарламалардың бірінде Гүржістандағы азаматтық соғыстың күйбеңін көрсетіп жатса керек. Бір есуас «әже, әже, Талғат міне, мына қалада!» депті жерден жеті қоян тапқандай. Бозөкпеге атыс-шабыс мәртебе ғой, есалаң қайдан білсін. Танкілер, шашылған өліктер. Бер жақтағы біреу ар жаққа лағнатты да, оқты да боратып жатыр. Осы жерде Несібелі әжеміз сылқ етіп құлапты. Содан бері қорқады. Телевизордың да, радионың да, магнитофонның да дауысынан.

««Оупыфф...» дейді Зада, Қанымай, Тәрбие, Есенкүл, Балажан, Миуа әжелер. Отыз екі, отыз жеті, отыз тоғыз, қырық бір. Дерегі жоқ ата, әке, бауыр. Маскүнем «бай». Чернобыльден келеге келмей оралған ұл. Жасауы жетімдікіндей болып кеткен қыз. Ауғанстан, Тәжікстан. Жарар, бұл нәзік жүректерде дүниедегі есек біткеннің арқасын ақжем қылатын уайым-қайғы барына сене салыңыз.

Сақып әжем ерекше бәрінен. Ерекшелігі сол: оқтын-оқтын күрсінгенімен, мезетте шаттанып кетіп, әуелетіп әндетуді де біледі. Әндеткенде, бұл бір, қызық әндету. Сақып әжемнің әндерінің барлығының сөздері ... бірдей!

«Сала берме көзіңді,
Әр жақсыға -
Бәрі жақсы көреді,
Алғашында...».

«Құралайды» жазбай танып қопаңдап қалсаңыз, ерте қуандыңыз. Кешке дәл осы сөздерді «Алма ағаштың гүліндей-айдың» әуеніне салып айтып жатуы мүмкін. Астапыралла, осы өлеңнің сөзі ме деп қаласың! Сенбесең, екінші шумағы басталатын жерден өзің ыңылдап көре ғой.

«Сала берме көзіңді,
Әр жақсыға -
Бәрі жақсы көреді,
Алғашында...
Дедім-ай ау!

Алма ағаштың гүліндей-ай,
Текеметтің түріндей-ай!...».

Ал бірде мен осы сөздерді... «Весна на Заречной улице» фильмінің әнімен айтып жатқанын естігенде(!), шыдамадым:

- Әже, орысша өлең ғой ол! Мен де көрдім ол киноны! Қазақша ұрып жатырсыз ғой тіптен! Ха-ха-ха-ха!

- Көтек?! Кет-ей жетпегір! - деп, атаукеремді лақтырып, қуып шықсын. Қап, бауырсақ-кәмпитімді айырып жүрген жақсы әжемді ренжітіп алдым.

Сақып әжемнің ашуы газорамал кепкенше ғой, шіркін! Кешке: «әй жетпегір, самауыр қайнат, шай ішейік» деп дауыстағанынан
ашуы тарқағанын түсіндім. Әнебір, набат дегенімен шай ішсек екен қазір...

...- Сен бала, - деді Сақып әже кесесін шайқап-шайқап қойып, - мен сорлының өлең білмейтінімді жақсы байқадың. Сен айтқасын, өзім де байқадым. Ойланбаппын да. Мына кеуде ән сұрайтын қыз кезімізде бала болған жоқпыз біз... Қадыр Мырзалиев дегенді оқыдыңдар ма мектепте?

- Ол кім?

- Әлі оқымаған шығарсыңдар онда. Сол кісіде «кіріс-шығыс кітабы әліппе боп» деген мықты өлең бар. Тап мына менің өмірім сол. Бала болмадық. Бел жазбадық. Пішеннен балыққа, балықтан теміржолға, теміржолдан пішенге сүйрелеңдеп жүріп, өтті де кетті балалық...

- Аааа...

- Аааа саған! Ие шырағым. Онда кейін үйренбедің бе дейсің ғой сен жаңағы, өзіңше? Абысын-ажын, құрбы-құрдас бар жаңағы деп?

- Жоқ әже, мен жай...

- Дейсің, дейсің! Ана үйіңдегі шешең де дейді. Пыш-пыштың барлығын да білемін!

- Менің мамам өсек айтпайды!!!

- Ах-ха-ха-ха, иә айтпайды саған! Қарағым, есі дұрыс қатын өсек айтады! Одан шешең жаман болмайды. Шырақ, өсекті дүниеде екі адам айтпайды: мен, өйткені есім дұрыс емес; сосын анау Рыскүл әжең айтпайды, мылқау болғасын. Онда да қолын ербеңдетіп өліп бара жатады, аххахахаха...

Әңгіменің бала үшін томпақтау боп бара жатқанын жоныммен сездім. Соны ойлап, түрегеле берсем керек, Сақып әже:
- Отыр жаныңның барында! - деп зекісін. Сәкіге қадалдым да қалдым.

- Ал енді мені
Читать полностью
Yerlan Ospan 11 Feb, 19:35
#😢

Алматыға хат жеткізу бағасы DHL-да - 12 мың теңге.

Одан қашып, сүйікті ҚазПоштама бардым. Екі тәулікте жеткізіледі деп, бір мың сегіз жүз теңге алды.

«Екі тәулік болса, шыдауға болады, жұмаға дейін жетсе болды да; бағасы да жақсы» деп, әуелде жаным жай тапқанымен... ҚазПоштаға байланысты бір оқиға еміс-еміс есіме түсіп, сосын айқындалып, ақыры тап кеше болғандай көз алдыма келді.

Бұрнағы жылы өртеніп бара жатқан шаруа бойынша Атырауға шұғыл хат жіберткем. Осы ҚазПоштамен, осы EMS. Екі тәулік түгілі, апта өтті. «Алған жоқпыз, келген жоқ». Тағы бір аптадан кейін Атырауға жолым түсе қалып, әлгі хатты қайта жасап, қолыммен тапсырдым.

Үшінші аптаның орта шені. Телеграм боты ма, SMS-пе, тіңк етті. «Сіздің хатыңыз Атыраудағы нөмірі бәленше-түгенше сұрыптау орталығына түсті»...

Не істедім мен, бәрін бүлдірдім! Хатты қайтып бере ме екен?(((
Читать полностью
Yerlan Ospan 4 Feb, 07:45
42+
#ОртаҒасырдыңОртаШеніАуғанШақЕді

Бір хикая айтып берейін. Айға артын беріп ұйықтайтын жігіт туралы.

«Қой етін жегендерге індет жұқпапты» деген тұжырым желіде әлдеқашан медицинаның шекарасын тастап шығып, фашистік теорияларға арқау болып кетті. Соған осы әңгіменің орайы кеп тұр. Әдетте, жасамыс вискимен айтатын әңгімелердің қорамсасында жататын; бірақ барлығыңмен бірдей стақандас болуға бауыр қайда. Әрі, шыны керек: кейбіреулеріңмен отырудың өзі азап болар еді.

Әлқисса, құрылыста жан сақтап жүрген шақтарда, барақта бір жігіт бар еді. Ол айлы түндері ... тыр жалаңаш шешініп, терезеге артын беріп жататын!

Түнде жоқ іздеп жүргендерге қиын сол. Жұмысын таңалагеуімнен бастайтын жұмысшылар құрал-сайман сұрап, барақты айналып, әр терезеге үңіліп жүреді. Ояу біреу болса асай-мүсейін сұрайын деп. Сонда осы жігіттің терезесіне келгенде... Бірдеңе ағараңдайды... Әуелде түсінбейді ғой, бет екен деп, бірақ бет болса – көздері қайда деп қала ма тағы.

Сосын шекесі екен дейді. Тек анау есалаң бері аунап түскен кезде барып, «ой, азғын шешеңң!» деп, боқтанып-қарғанып безіп кетеді.

Бұл әдетінің сырын айтыпты әлгі. Бір жерден оқыпты. Айға көрсетсең - алдың өсіп, артыңның қуаты артады-мыс. Бірақ күтінгеннен гөрі, есалаңдық еді сонысы.

Енді ойлап отырсам, сол кездері болған: пневмония, құс тұмауы, энцефалит, сібір жарасы, эбола, қырым безгегі сияқты індеттерден дін аман шықты ол.

Менің амандығым түсінікті: қой етін жегеннен. Ал анау тірі қалғанын — Айға артымды бергеннен деп ойлауы мүмкін бе?

Мүмкін. Нағыз есуас еді ғой, әбден мүмкін. Әрі қарай тіпті қып-қызыл ұят 50+ әңгіме болып кетті, қартайғанда бір айналып соғарсыңдар...
Читать полностью
Yerlan Ospan 27 Jan, 19:53
Бір кітапқа жетіп қалды ау деймін материал. Әлде жетпей ме?!
Садық, тәжірибеңмен бөліс.
Тиын істевалайық.

@Одмин