ЖЫРТЫС НЕМЕСЕ МАРҚҰМНЫҢ СОҢҒЫ ӘЗІЛІ
Бозбаламыз. Бізге әлі де - мантасекілдің рулін, тоқпен жұмыс істейтін жабдықты бермейтін; бірақ өлік-тіріктерде құйрықтан бір теуіп құман құйдыратын, айғайлап отырып ағаш жарғызатын, күйелеш қазан тасытатын.
- Ал, әжең жүріп кетті, балам - деп қалады біреу ілеуде.
«Балам» деп тұрған кісі - әкем емес; өліп отырған кісі - әжем емес. Ауылдағы әжелердің барлығы - бәріміздің әжеміз.
Жан жарасын жеңілдетпек болған түріміз бе екен, ымды бірден түсінген болып:
- Қазан? - дейсің.
- Сосын - самауыр да тасыңдар! - дейді ол.
Кімде қандай қазан барын жатқа білеміз. Сосын өзі, сұрамаймыз да ғой сол. Аулаға біріміз секіріп түсіп, дарбазаны ашып, ошақтағы қазанды көтеріп кете береміз. Кейде апа-жеңгелер тарысымен әлде күмпиген қамырымен шығып қалып жатады.
- Үйбүй, нанымды пісіріп ала қояйын деп едім... Кім? - дейді.
- Несібелі әже! - деп гүж етеміз сонда біз маңызданып, құдды сол өлтіріп қойғандай.
- Алда тие берсін! - деп, артымыздан ере жүреді сонда қазанның қожасы.
Әсілі сондағы қызметіміз - сірә шал-шауқан асататын етке, не құлақ-тұяққа, кәмпит-пішінәйға бола емес-ау. Жай, кәдеге жарағанға мәз боламыз ба екен.
Дегенмен, бізге кемпір өлгендегі қызық бір көрініс бар. Ол - жыртыс жырту.
- Ал енді, әжеміздің жыртысын берейік! - дейді біреу аулаға шығып.
Аула соғыс алдындағыдай тына қалады. Кейін байқасам, иттер де үруді қойып, торғайлар да жым болатын сияқты өзі.
- Тігін мәшін - ғұмырлық құрбысы Сақыпқа, өзі айтқан әженің! - дейді әлгі.
Аулада ырзалық та, ыза да жоқ. Басқа бірдеңені күтіп отыр бұ қатын-қалаш.
Сосын әжеміздің кебеже-кебістері, мәсі-гәлөштері үлестіріледі. Бұлар, қазіргі мәңгүрт иттер сәтсіз аударғандай - «тыныштандыру сыйлығы» ғана сияқты. Әйтпесе қатын-қалашты бәрібір әлдебір «суперприз» алаңдататынға ұқсайды.
- Енді былай. Әжеміздің мекалай білезігі мен сырғалары - толайым, бүкіл кәмплектімен - өзі жақсы көрген келіні Ұлтуғашқа...
- Өш!
- Қасқаааа!
- А? Ааааааа ойбай, жер қылып кеттің, Несібелі!
Ауланың ортасына - еңгезердей бір кемпір отыра қалып, ойбайға басады дейсің. Алдымен марқұмға қылған жақсылығын, одан қалды - балаларына тигізген шапағатын айтып, зарлайды. Сосын жоқтау-назын «алтын-күмісті мен алмағанда кім аладымен» түйіндейді. Кейде жылтырақ кәкір-шүкірдің «заңды мұрагері» басу айтып, «жолымды бердім, сіз алыңыз» дейді. Ондайда жаңа ғана бүтін дүниені күңіренткен әжеміз жадырап сала береді. Әйткенмен, көбіне сонша алтын-күмісті ешкім қолдан бергісі келмейді...
...Мектебіміз «естияр» деген қағаз берген жылы нағашы әжемнің қасында болдым. Ол елді сағынады; ал мен ол жақтан қашып келгем. Бір күні оны-мұны әңгіме қылып жүріп, «неменеге кемпір өлгенде үнемі дау шығады осы?» деп сұрадым.
- Не білесің сен ұсқының құрғыр, - деді әжем сонда, - кемпірлер арты қызық болсын деп, әдейі солай - әділетсіз үлестіріп кетеді. Жыртыстағы төбелес-ұрыссыз неғылған қонақасы! Ертең мен де сөйтіп кетем мысалы... - деді.
Шынымен, уақытында ерсі көрінгенімен, қазір қарап отырсам, жыртыстағы бетжыртыс - тойдың төбелесі сияқты сән болған екен ғой...
Шоу-бизнес болмады дейсіздер ме, хе-хе...