#СоғысБолмасын
Екі тарап сап түзеп, бірі біріне жақындайтын соғыстың заманы әлдеқашан өтті. Соңғы жылдары «дрондар үйірі» (swarm) тактикасы әңгіме болып жүр еді.
Теорияда, дрондарды қаптатып жіберіп, жаудың жаяу әскерін де, танкісін де, басқа да кереметтерін жоққа шығаруға болады. Соққы қайдан болатыны белгісіз болғандықтан, өлгісі келмейтін адам бір жерде тығылып отыруы керек. Антибункер бомба түспесе, тірі қалуы кәдік. Ұшаққа, амуницияға, танкіге, ату құралдарына жұмсаған миллиардтаған доллар — арзан, бірақ тым көп дрондарға төтеп бере алмай, желге ұшады.
Қызығы, осы тактиканы өмірде алғаш қолданған түріктер сияқты. Идлиб аспанын толық бақылауға алғаны бәрін шошытып отыр. Әсіресе күрделі қаруға бәс тіккен Ресейге қиын болып отыр. Юзерлер, яки болашақ электорат, «мақтан тұтатын әуе қорғанысымыз қайда?» деп, жағадан алып жатыр. Айтатын өтірік те қалмаған сияқты. Қару түгілі, әйгілі радиоэлектронды құрсау-адастыру құралдары тіпті іске қосылмай, асадтықтар дрондардан кәдімгі шинаны өртеп, қою түтініне тығылып отырған көрінеді. Бірақ түтін сейіледі ғой...
Батылдық бар, бірақ салқын есеппен ұштасқан батылдық та бар. Осы, екіншісін түріктер ерттеп алған сыңайлы.
Айтпақшы, тарап жатқан видеоларда көбіне, экипаждың қашып бара жатқанын көрмейсіз. Яғни танкілер, автолар, т.б. жабдықтар лазерді сезетін қарапайым сенсорлармен жабдықталмаған, не олар жұмыс істемейді. Сәуле түскен кезде «нысанаға алындың!» деген белгі беріліп, экипаж жансауға іздеу керек. Алайда асадтықтардың жарағы күн өткен сайын сыр алдырып жатыр...