#КітапОқуТуралы
Жасөспірім шақта кітап көрсем неге делебем қозғанын жаңа заманда түсініп жүрмін. Оқымыстылықтан емес. Жай ғана — қат болды.
Әрине, тәрбие берген ата-ана, көрші-көлем, ауыл-аймақ, мектеп-үйірме бізді кітап оқуға баулып бақты. Ең төмені - «кочегар болып кетесің!» деп қорқытты. Ұлысы - бөтеннің білгір ұлын үлгі қылды.
Бірақ сол кітап дегенің ыңғайымызға, санамызға шақтап табыла қойғаны шамалы. Қолға не түссе - соны оқи бересің. Тепловоздың автоматикасы мен «Қан мен терді» қатар оқу түк емес-тін. Қазақ қазақша кітапқа жарыған күнді көрген емен әйтеуір. Бір тақырыптарға әуес болғанымыз рас. Бірақ биологияға қызықсаң - сол мектептің биологиясынан басқасы жоқ еді.
Ал тоқсаныншыларда, тоқырауға ұшыраған кітапханалар мен клубтар кітаптарды аулаға үйіп шығарып тастағанда, түгін қалдырмай тасып кеттік. Отынға. Парақтап оқып отырып жағу бір ғанибет еді. Партияның көсемдерінің ас-суын әзірлегендердің ныспысы сияқты өте сирек мәліметтер сондайдан есте қалған, әйтпесе ана мылжыңды сабап та оқыта алмайды ғой.
Осы жерден көп адаммен керісіп қалып жатамын. «Оқу жерде қалмайды ғой, іске асты ғой әйтеуір?!» деп тап-тап береді кейде біреулер. Жоқ. Еш. Бәлкім, ұтысқа - о, тоба - тағы да кітап тігілген ойында жасырған сөзді тапқан болармын. Басқа не? Басқасы жоқ екен.