Тоқсаныншыларда не ақыларың бар осы? Ресей бүкіл тарихында нағыз еркіндікті сезініп, рахаттана демін бір алған уақыт ол.
Біріншіден, мемлекет ендігәрі екіжүзділікті сап тиды. Халықтың бетіне айтты, «біз сендердің қауіпсіздіктеріңді, тамақтарыңды қамтамасыз ете алмаймыз» деп. Және барлығына бірдей мүмкіндік берді. Кішкене батылдық пен арсыздыққа барсаң, бір түнде байып шыға келу түк емес еді. Ал байығаннан кейін сәл қалғып кетсең, мүрдең өзенде қалқып жүруі ғажап емес-ті. Яғни алғаш рет жауапкершілік адамның өз мойнына жүктелді. Әрине, бұл ең мықтылар жеңіп шығатын ойын. Сондықтан батырлар жанкештілікке барды; ал қорқақтар артын қысып, ауылда аурухананың шопыры болып жүре берді. Адамдар алғаш рет өмірдегі шын орнын сезінді. Баюға, кенет баюға - кәнігі мәскеуліктің де, Сібірдегі мұжықтың да мүмкіндігі бірдей болды.
Адам адаммен мемлекет арқылы емес, тікелей араласты алғаш рет. Сонда барып адамдар құны бір оқ екенін түсініп, оқығасын емес, шын мәнінде ізетті болды. Мылтық — әлжуаз көтерем мен бүкіл подмосковьені ұстап тұрған бұзақыны теңестірді. Олардың екеуі де дәл, айқын сөйлеп үйренді. «Сіз» деп сөйлесу мектепте үйреткен жаттанды ғадеттен, тірі жүрудің бір шартына айналды...
...Амал не, «халық» деп аталатын топ өзінің проблемасын тағы да билікке тапсыруды ұйғарды. Билік бұған қуанды. Есесіне — қауіпсіздік те, тамақ та, мылтық та жоқ.
Тоқсаныншыларды сталинист кемпір-сампыр, шал-шауқаннан емес, сол заманды болдырып, сосын жаңа кезеңді үлкен үмітпен қарсы алған біздерден сұраңдар. Жеті соғыс, екі сарай төңкерісіне қатысқан адам ретінде айтайын: нағыз еркіндікті мына құл халық сол кезде қолдан берді. Енді сендерге боқ та жоқ.
© А. Невзоров