#ЕсімеТүсіпКетті
КҮЛЕГЕШ САРЫ ҚЫЗДЫҢ КЕСІРІНЕН КІТАБЫМ ШЫҚПАЙ ҚАЛДЫ
Кілең аянышты әңгімелер жазғанмын.
Жүзге тарта, бәрі аянышты. Жоқ-жітіктер, мүгедектер, тағдыр оңдырмай сабағандар, қартайғанда қубас қалғандар, аяғын сылтып басатын ұсқынсыз қыз туралы, ұстала беретін ұрылар, тағысы тағылар. Жартысын өмірден алып, жартысын өмірден алғандай етіп. Кейбірінің өмірден алынғанына өзім сеніп қалып. Кейіпкерлер — өлім, кесел, сәтсіздіктің айналасынан бір шықпай қояды бәрінде. Қысқасы, уытына баға бере алмаймын, бірақ сериалға жылайтын орта есеппен ауыл көрерменін өкіртіп қоюға жарайды шамасы. Жақсы, ең болмаса кемсеңдетуге жетеді деп ойлаймын.
Қолжазбаны компьютерге теруге лабораторияға әкеліп қойғанмын, ол кездерде «жеке комп» дегенді армандауға да қорқасың. Бір сыралас вахтовик тұтастай елу данасын шығаруға демеуші боламын деген. Сөйтіп жүргенде, басекең Алматыға жұмсап жіберді. Келсем.
Лабораторияға кіріп-шығып жүрген сары қыз:
- Әңгіме жазатыныңыз бар екен ғой? - деп, қарап тұр!
- Енді... бар ондайым иә, ұстама сияқты, болып тұрады анда-санда... - деймін күмілжіп.
- Өлдім күлкіден ше.
- А? Неге??? Қай жеріне???
- Анау, инвалидіңнің көшеде ұшып жүрген бес теңгелікті қуатын жері бар емес пе, қисалаңдап па, «тура жүрсе де бұрылып кете береді» дегенің, ой, не могуууу...
- Арбасы қисық қой енді!
- Түзетіп бере салсайшы енді, өзің ғой жазатын, хихихихи...
Ішімде бірдеңе қырт етіп үзіліп кеткендей болды. Кім жыласа, мынау жылауы керек еді.
Кейін жұмыстан кеткенше «арбаны түзеттің бе, қашан оқимыз» деп қанды ішіп жүрді о қыз. Қолжазба майонездің астына төсеніш болып жүріп жоғалды.