ұстаз Ерсін Әміре


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


🕌 "Сейітжан қари" мешітінің Бас имамы
☀️ Құраннан бес қырағат иесі | Хафиз
🌐 Ресми парақша

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций




Құлшылық - ол міндет. сауда емес
🎙ұстаз Ерсін Әміре
@yersin_amire






👆🏼осындай ескертулерді барынша таратсақ. ері болсын, қызы болсын. біреудің жүрегіне алдап кіруден, сырттай алдап көрсетуден қорқайық. адамның ақысы ауыр зат. Алла баршамызды сақтасын. (admin)






🎙Жамағатқа не жетіспейді?

t.me/yersin_amire






ҰЙҚЫДАН ШОШЫП ОЯНҒАНДА, НЕМЕСЕ ҮРЕЙ БИЛЕГЕНДЕ

أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ مِنْ غَضَبِهِ وَ عِقَابِهِ، وَ شَرِّ عِبَادِهِ، وَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاطِينِ وَ أَنْ يَحْضُرُونِ

Аудармасы: «Алланың кәміл сөздерімен Оның ашуынан, жазасынан, және пенделерінің жамандығынан, әрі шайтандардың азғыруы мен олардың маған келуінен Оған сиынамын»

t.me/yersin_amire #dua #zikir


ТӘШӘҺҺУДТАН КЕЙІН ПАЙҒАМБАРҒА САЛАУАТ

اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا صَلَّيْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ، اللَّهُمَّ بَارِكْ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ، كَمَا بَارَكْتَ عَلَى إِبْرَاهِيمَ وَعَلَى آلِ إِبْرَاهِيمَ، إِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ.

Аудармасы: «Я, Алла! Сен Ибраһимге және оның отбасына игілік еткеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына да игілік ет, шын мәнінде, Сен Аса Мақтаулы әрі Данқтысың! Я, Алла! Сен Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей, Мұхаммедке және оның отбасына да береке бере гөр. Шын мәнінде, Сен Аса Мақтаулы әрі Данқтысың!»

t.me/yersin_amire #dua #zikir




Жүректің парызы иман, тәубеден кейін:

1. Амалды ықыласпен Алла үшін жасау;
2. Адамдарды қателікте көретін болсаң жақсы пікірде болу;
3. Алланың уәделеріне сену;
4. Алланың азабынан қорқу;
5. Алланың жақсылығын үміт ету.

"Рисалятуль мустаршидин" кітабы бойынша дәрістерінен
t.me/yersin_amire


ӘТ-ТӘХИЙЯТ (ТӘШӘҺҺУД) СӨЗДЕРІ

اَلتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَ الصَّلَوَاتُ وَ الطَّيِّبَاتُ، اَلسّلاَمُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللَّهِ وَ بَرَكَاتُهُ، اَلسَّلاَمُ عَلَيْنَا وَ عَلىٰ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ، اَشْهَدُ اَنْ لاَ إِلَهَ اِلاَّ اللَّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ

Аудармасы: «Сәлемдер, салауаттар және барлық жақсылықтар Аллаға тән. Уа, Пайғамбар! Саған (Алланың) сәлемі және Алланың рақымы әрі Оның берекеті болсын! Алланың сәлемі бізге және Оның ізгі құлдарына болсын! Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екендігіне куәлік беремін және Мұхаммед - Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін».

t.me/yersin_amire #dua #zikir




Тәубенің дұрыс болуының шарттарынан:
7 сезім мүшесін сақтау
1. Құлақ
2. Көру
3. Тіл
4. Иіскеу
5. Екі қол
6. Екі аяқ
7. Жүрек — бүкіл сезім мүшелерінің амиры (басшысы), сонымен дененің дұрыстығы немесе бұзылуы болады.

"Рисалятуль мустаршидин" кітабы бойынша дәрістерінен
t.me/yersin_amire


🎙Бұрындары шариғат ілімдері қалай алынған




ИСЛАМИ ПСИХОЛОГИЯ??

Дініміз екі нәрсеге де көңіл бөледі. Біріншісі — адамның сыртқы іс-әрекеті, екіншісі — оның ішкі жан дүниесі. Адамның сыртқы іс-әрекетінің қабыл, дұрыс болуының өзі ішкі жан дүниесіне байланысты. Жүрек мәселесі, рухани жағдай деген мәселелер дінімізде үлкен маңызға ие.

Имамдарымыз жазып кеткен “Ихъя улюмиддин” және тағы да басқа сол сияқты пәндер адамның ішкі жан дүниесімен, нәпсінің тәрбиесімен айналысады. Соның ішінде бұның барлығы айтылады. Мысалы: сабырлық, шүкіршілік, қанағат, қалай кішіпейіл боламыз, қалай өзгені кешіре білеміз, қалай біреуді жақсы көріп, оған жақсылық тілей білеміз. Осындай мәселелердің барлығын ішінде үйретеді. Және оның барлығы шариғатқа негізделіп, оның принциптеріне қайшы келмейді.

Ал, қазіргі көбінесе Ислами психология деп ұсынып жатқандары, олар толықтай шетелдің, батыстың көзқарасына негізделген, солардың психологиясынынан шыққан дүниелер. Түбін іздеп келетін болсаң, Шариғаттың принципіне қайшы, бір адамның жеке талдауына, мысалы Фрейд болсын, Дюркгейм болсын, солардың көзқарасынан туындаған дүние. Тек қана соған ұқсас аятты немесе хадисті алып келеді де, сыртына жабыстырып, клейлеп қояды. Былайша айтқанда, батыстың көзқарасын, психологиясын толығымен, түбегейлі алып келіп, оны қорапқа салады да, бір аятты не хадисті қосып, қораптың сыртына Ислами псиохология деп жазып соны адамдарға ұсынып жатыр. Ал, көп адамдар дінде осылай екен деп алданып жатыр.

©ұстаз Ерсін Әміре
t.me/yersin_amire

Показано 20 последних публикаций.