yuzarsif


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Ассалаумағалейкум, құрметті бауырлар!

Қасиетті Құранды бірлесе оқып, сауап алуға ниеттенген жандарды іздеймін. Қазір оқылуы керек қалған 10 пара бар, 1 парадан оқитын 10 адам қажет. Қатысуға дайын болсаңыз, маған жеке жазып, өзіңізге тиесілі параны алыңыз.

@kadyrovtn

Алла баршамызға сауаптан жазсын!


Жоспарсыз адам - қара жердегі қаңбақ.

+ жарты жылдық жасалған/жасалмаған жұмысымды көре аламын;
+ мида - мынаны істеу керек еді, деген қаптаған нәрселер жоқ)


Жігіт деген атты арқалағанның барлығы нағыз жігіт бола бермейді. Құс деген атты - айбынды бүркітте, қоқылдаған тауықта алып жүреді.


Егер сен дүниенің барлығын жоғалтып, бірақ Алламен бірге болсаң, онда сен ешнәрсе жоғалтпадың. Ал егер сен дүниенің барлығына қол жеткізіп, бірақ Алладан алыс болсаң, онда сен барлық нәрсені жоғалттың.

(с) Ұстаз Олжас Ханафин (Алла рахымына алсын) телеграм парақшасынан.




Қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін іс-шараларды ұйымдастыру өте жақсы инвестиция дер едім.

Отбасыңызбен қыдырыңыз, жұбайыңыз бар болса, оны театрға апарыңыз, бірге кино көріңіздер.


Әрбір жабырқаған кезде өзіңнің Пайғамбарымыз (‎ﷺ) үмметінен екендігіңді еске түсір.

Адамзат жаратылғаннан бері бұдан артық шарапат ешқандай да қауымға берілмеген…


Іні бола алмаған, аға бола алмайды.


Біз туралы бізден нашарлар ғана жаман ойлайды, бізден жақсылардың бізге уақыты жоқ.

Бүгін таң сәресімен естіген даналық ой.




Көзіңізді күнәлі заттардан сақтаңыз.

Имам Шафиғи: "Тыйым салынған нәрселерге қарау - ұмытшақтың себебі" деген.


Жігіттер әлсіз болмаңдар!

Бала-шағаң “мынау менің ӘКЕМ” деп айтатындай мықты болыңдар! Басқаның әкесіне қызығып қарамайтын болсын! Көпке үлгі болыңдар! Көп еңбектеніндер!

(с) Полковник Исин Б.М.


Ибн Рәжәб әл-Ханбали былай дейді:

“Бұрынғы ізгілеріміз Алладан барлық қажеттіліктерін сұрайтын. Тіпті қамырына тұз, қойларына жемді де сұрайтын”.


Жәмиғул ғулум уәл хикәм📚


Кімде-кім сөз үшін сауап не күнә жазылатынын білсе, пайдалы сөзден өзге сөзді сөйлемес еді.


Басқа еркектің назары үшін абыройыңды жоғалтпа.


Ілім ізденуші тек сабақ алумен шектелмеу керек. Бәлки ұстаздың жанында жүріп әдебі мен тәрбиесін алу керек.

Шейх Мухаммад Аууама (حفظه الله)


Бізге берілген басқа да ризықтар секілді уақыттың да сұрауы бар.


Өміріңізді "шағым кітабына" айналдырмаңыз.




ramazan planner 2024 x bir paqyr.pdf
4.6Мб
Рамазанды күтіп жүрген жүректерге арналады 💖

Ішіндегі QR код’ты сканерлеу арқылы, дәрістермен, дұғаларды көре аласыз.

Алла баршамызға Рамазан айын берекелі өткізуді нәсіп етсін 🤲🏻

#бөлісугеболады

Показано 20 последних публикаций.