"Өзенмұнайгаз" АҚ-ның бас директоры
Нұрдаулет Қилыбай ұжыммен кездесуі №1 Мұнай газ өндіру басқармасында жалғасты.
Жиында бас директордың бірінші орынбасары Нұржан Әбдірахманов Өзен, Қарамандыбас кен орындарын оңалту, игеру бойынша алдағы бірнеше жылдық жоспармен таныстырып, қатысушылар тарапынан қойылған сұраққа толыққанды жауап берді.
Компанияның экономикалық динамикасын баяндаған бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қуаныш Бекмағамбетов Қоғамның қаржылық жағдайы туралы мәлімет берді.
Сұрақ-жауап форматында өрбіген басқосуда Нұрдәулет Қилыбай мұнайшылардың сауалы мен ұсынысы назарға алынып, жіті қадағалауда болатынын жеткізді.
@yyedilov