⚜️Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдадыКездесуде Қазақстан мен Euronews телеарнасы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бұл – көптеген тілде хабар тарататын әлемдегі көшбасшы БАҚ-тың бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews арнасының елімізде аймақтық хабы ашылуын өте маңызды оқиға деп бағалады.
Осы арқылы дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі көрермен Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның экономикалық, мәдени және туристік әлеуетімен жақын танысуға мүмкіндік алады.
Президент аталған медиа алаңы аймақтағы елдер мен Еуропа Одағы арасындағы диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетуге септігін тигізетініне назар аударды.
Педро Варгас Давид Euronews Academy жобасының жоспарымен таныстырды.
Аталған бастама Қазақстан журналистерінің заманауи технологияларды меңгеруі мен жоғары кәсіби стандарттарды игеруіне бағытталған.
Бұл отандық медианың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
👉 Бізге жазыл | zakon.kz