Зайбал батыр


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Заманының заңғар тұлғасы, қоғам қайраткері, батыр, әнші, спортшы, саясаткер, блогер Зайбал батыр туралы қысқа аңыздар сериясы

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций




Зайбалбатыр болашақта қазақ даласында ізбасарлары шығатынына сенімді екенін айтқан едік қой




11-аңыз: ҚАЛМАҚҚЫРҒАН
Ақпараттың күшіне сене бастаған Зайбал батыр бір эксперимент істеуге бел байлайды. Ана жақтан қалмақ, мына жақтан жоңғар, елдің зайбалы шығады кәдімгідей. Содан алдымен қалмақты құртайық деп, бір жоба бастайды.
Қалмақтарға "Балқаш түбінен охуенді жер береміз, сулы-шұрайлы, кейін туризмге де қолайлы, тек құжат рәсімдеу оңай болу үшін шағын топтармен келіңдер" деген "Соғыспайық, сігісейік" мессаджы жіберіледі.
Мұны естіген қалмақтар арбаларына жүктерін тиеп, ақырындап жолға шыға бастайды. Атырау мен Торғайдан өткен далбандарды Арқадан бастап қазақтар ампылдата бастайды. Соңғы көштерді Кіші Жүз тентектері үлкен тәбетпен қабылдап тастайды.
Содан бері кең байтақ жерінде бірталай Қалмаққырған деген жер атаулары қалған екен. Қалмақтар да сосын көттерін қысып, бір Буддаларына табынып, қаратақыр Элиста маңында қала беріпті.
Ал Зайбал батыр үшін бұл ақпараттық соғыста үлкен жеңіс және тәжірибе болды
@zaybalbatyr


Асан Қайғының бұрын еш жерде жарияланбаған ойлары тек мына жерде 👉 @asanqaigy 🐫




10-аңыз: НАЙЗАҒАЙ
Бір күні бір ауылды топан су басты. Кедей-кепшік үйсіз қалып, байлар оларға жағдай жасап, басқа жерге көшірді. Жан жақтан жәрдем де көп болды. Апатты жағдайда өздерін көрсетіп қалуға шолақ белсенділер де келе қалды. Көмектен кедергісі, ісінен сөзі көп бұлардан бәрінің зайбалы шықты. Адекваттығымен де мәлім Зайбал батырдың да ашуын келтірді белсендісымақ. Шыдамы таусылған ол бір жебені түкіріктеп жіберіп, садағын кере тартып, сігіндіргені сол еді, күн күркіреді. Шолақ белсендіге алдымен найзағай ма, әлде садақ оғы ма, қайсысы бұрын тигенін түсіне алмады Зайбал. "Имансыз болсын..." деп күбірледі.
Көктемнің жаңбырлы бір күні еді...
@zaybalbatyr




9-аңыз: ҚҰСШЫ
Бір түні Зайбал батырдың жағып отырған шөбінің түтіні тым биік шығады. Түтіннің иісінен бе, жерге бір құс жалп етіп түседі. Шашлық қылып жеп қойғысы келген Зайбал құстың үстінен хат тауып алады. Жоңғар барлаушы, тыңшыларының хаты екен. Хатты оқып алған Зайбал мазмұнын өзгертіп, құс есін жиғаннан кейін қайта ұшырып жібереді. Осылайша жоңғарлардың зайбалын шығарып, жоспарларын бұзып, үнемі жеңіп отырады. Соғыстағы негізгі қару - қару емес, ақпарат екенін сол кезде түсіне бастайды Зайбал батыр
@zaybalbatyr


Репост из: 🧠 MISIGUSHI
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Шамалы уақыт түтін иіскеген Зайбал батыр да бұл құбылысты түсінбеді...




8-аңыз: САҚАЛ
Хан өзінің нөкерлерімен серуендеп келе жатқанда алдынан сақалы ақ, шашы қара бір адам кездесіп, сәлем береді. Былай шыққан соң хан қасындағыларға қарап:
- Әлгі адамның сақалының ақ, шашының қарасы қалай? - деп сұрайды: Сонда Жиренше шешен:
- Үйде кейінген, түзде тебінген, қатыны жаман, аты шабан бір бейбақ шығар, - депті.
Жиреншенің кезекті лепірмесін естіп қалған Зайбал батыр жүгіріп барып "Қатыным жоқ, метросексуал интроверт хипстермін, мінген атым бұл ауылдың ең пиздец аты" дегісі келіпті де, осы сөздердің сол кездегі баламасын білмей іштей күйзеліп [зайбалы шығып] кете беріпті
@zaybalbatyr




7-аңыз: АЯҚДОП
Бірде Зайбал батыр керуенге сақшы болып, Қытайға барады. Қытайдың базары мен қыздарынан зайбалы шыққан ол басқа нәрселер көруге шығады. Бірнеше адамның 2 топқа бөлініп, ішіне құс мамығы толтырылған былғары допты тепкен ойыны Зайбалға бірден ұнап, баурап алады. Бұл ойынды қазақ даласына апаруға асығады. Бірнеше доп сатып алып, аулына әкеліп аяқдоп ойынын үйрете бастайды. Ойынның сиқырына ешкімді еліте алмайды. "Ойыншылардың" түк икемі келмейді доп тебуге. Қытайлар "Бұл болашақтың ойыны, бұдан көп ақша да табатын боламыз" деп сендірген еді Зайбалды. Зайбалдың ойынға деген махаббаты басылмаса да, "Бұл бізге берілмеген нәрсе екен, жұртымызға тек қасірет пен лағнеттен басқа ештеңе әкелмейді" деп доп ойнауға тыйым салдырады. Сол тыйымның арқасында қазақтар 20-ғасырға дейін қайғы-қасіреттен ада, бақытты ғұмыр кешеді
@zaybalbatyr


Аңыздарға комент жазу мүмкіндігі қосылсын ба?


Зайбал батыр сексист емес еді. Сондықтан бәрін құттықтай беретін мейраммен. Мына ән мейрамға сый болсын! 🌷
https://youtu.be/jFBJnbTW_z8
Jah Khalib - Медина | Премьера Клипа
Альбом E.G.O. уже здесь - https://jkhalb.me/ego Премьера клипа - Jah Khalib - Медина Автор музыки и слов: Jah Khalib Сведение: Ернар Мырзабай Director: Айсул...




6-аңыз: АС
Хан бір күні ас беретін болды. Бірақ классикалық бәйге, күрес, ішу-жеуден бөлек болғанын қалап, креативтігімен де көзге түскен Зайбал батырға ұйымдастыру істерін тапсырды. Зайбал батыр сырттан қонақ көп болсын деді. Ішкі және Сыртқы Қытай, Русь, Киев, Моғол, Араб, Парсы елдерінен адам шақырды. Қонақтарға бөлек, зәулім киізүйлер тіккізді. (Шеберлерден өз үлесін алып қалды). Балалар мен жастарды әлем-жәлем киіндірді, төбеден қарағанда қошқар мүйіз ою сияқты қылып көрінетіндей етіп жинады оларды. Қолдарына түрлі түсті шүберектер ұстатты, түрлі ұрандар үйретті. Қонақтармен сауда айналымы, бейбітшілік, елшілік, көрмелер өткізу, ынтымақтастық сияқты тақырыптарда пікірталас, мәслихаттар өткізді.
Хан қатты риза болды. "Әлем бізді таныды!" сөз тіркесін алғаш рет қолданды масаттанған хан. Дүниетанымы мол және әлемнің өздері ойлағаннан да көп үлкенін сезетін Зайбал ішінен "Жепсің" деді...
@zaybalbatyr



Показано 20 последних публикаций.

22

подписчиков
Статистика канала