6-аңыз: АС
Хан бір күні ас беретін болды. Бірақ классикалық бәйге, күрес, ішу-жеуден бөлек болғанын қалап, креативтігімен де көзге түскен Зайбал батырға ұйымдастыру істерін тапсырды. Зайбал батыр сырттан қонақ көп болсын деді. Ішкі және Сыртқы Қытай, Русь, Киев, Моғол, Араб, Парсы елдерінен адам шақырды. Қонақтарға бөлек, зәулім киізүйлер тіккізді. (Шеберлерден өз үлесін алып қалды). Балалар мен жастарды әлем-жәлем киіндірді, төбеден қарағанда қошқар мүйіз ою сияқты қылып көрінетіндей етіп жинады оларды. Қолдарына түрлі түсті шүберектер ұстатты, түрлі ұрандар үйретті. Қонақтармен сауда айналымы, бейбітшілік, елшілік, көрмелер өткізу, ынтымақтастық сияқты тақырыптарда пікірталас, мәслихаттар өткізді.
Хан қатты риза болды. "Әлем бізді таныды!" сөз тіркесін алғаш рет қолданды масаттанған хан. Дүниетанымы мол және әлемнің өздері ойлағаннан да көп үлкенін сезетін Зайбал ішінен "Жепсің" деді...
@zaybalbatyr