7-аңыз: АЯҚДОП
Бірде Зайбал батыр керуенге сақшы болып, Қытайға барады. Қытайдың базары мен қыздарынан зайбалы шыққан ол басқа нәрселер көруге шығады. Бірнеше адамның 2 топқа бөлініп, ішіне құс мамығы толтырылған былғары допты тепкен ойыны Зайбалға бірден ұнап, баурап алады. Бұл ойынды қазақ даласына апаруға асығады. Бірнеше доп сатып алып, аулына әкеліп аяқдоп ойынын үйрете бастайды. Ойынның сиқырына ешкімді еліте алмайды. "Ойыншылардың" түк икемі келмейді доп тебуге. Қытайлар "Бұл болашақтың ойыны, бұдан көп ақша да табатын боламыз" деп сендірген еді Зайбалды. Зайбалдың ойынға деген махаббаты басылмаса да, "Бұл бізге берілмеген нәрсе екен, жұртымызға тек қасірет пен лағнеттен басқа ештеңе әкелмейді" деп доп ойнауға тыйым салдырады. Сол тыйымның арқасында қазақтар 20-ғасырға дейін қайғы-қасіреттен ада, бақытты ғұмыр кешеді
@zaybalbatyr