10-аңыз: НАЙЗАҒАЙ
Бір күні бір ауылды топан су басты. Кедей-кепшік үйсіз қалып, байлар оларға жағдай жасап, басқа жерге көшірді. Жан жақтан жәрдем де көп болды. Апатты жағдайда өздерін көрсетіп қалуға шолақ белсенділер де келе қалды. Көмектен кедергісі, ісінен сөзі көп бұлардан бәрінің зайбалы шықты. Адекваттығымен де мәлім Зайбал батырдың да ашуын келтірді белсендісымақ. Шыдамы таусылған ол бір жебені түкіріктеп жіберіп, садағын кере тартып, сігіндіргені сол еді, күн күркіреді. Шолақ белсендіге алдымен найзағай ма, әлде садақ оғы ма, қайсысы бұрын тигенін түсіне алмады Зайбал. "Имансыз болсын..." деп күбірледі.
Көктемнің жаңбырлы бір күні еді...
@zaybalbatyr