Репост из: журфак
Мынадай қызық боп жатыр:)
Митинг кезінде қолшатырмен камерамызды жабатындарды кім жіберетінін бәріміздің ішіміз сезетін еді ғой. Бірақ олардың билік өкілі екені алғаш рет ресми түрде расталды.
Азаттық тілшісі Дилара Иса Шымкентте маусымның 6-сында полицияның азаматтарды жаппай ұстағанын түсіріп жатқанда масқа тағып, көзілдірік киген екі-үш жігіт қайта-қайта камерасын жапқан. Соның бірі полиция өзін күшпен ұстағанда Дилара әпкенің түсіріп жатқанын байқамай "Ішкі саясат..." деп тілін тістеп қалып еді.
Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасының мамырда декретке кеткен басшысы Жанар Бектаева да, қазір оның міндетін атқарушы Сәбит Реметов те "қолшатыр ұстаған жігітті — Абылай Әбдіәшімді танымаймын" деді. Бірақ мемлекеттік қызмет істері агенттігі Азаттыққа берген ресми жауабында оның тап осы басқармаға тікелей қарайтын коммуналдық мемлекеттік мекемеде маман болып істейтінін растады.
Солай🙂