Бөрілі Байрақ !!!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Қазақ болайық!!!

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


*Жүйкені тоздыратын және желіктіретін 7-нәрсе*

1.Еңбексіз жеген нан.
2.Некесіз болған жан.
3.Боямалы тән.
4.Нашадан бұзылған қан.
5.Темекенің түтіні.
6.Арақтың жұтымы.
7.Ақшалы ойынның ұтымы.
Мұндайларға бой бермес, асыл адам тұқымы.


*Жан дүниенді жақсартатын 7-жәйіт бар.*

1.Әкімдердің шапағаты.
2.Ғұламалардың шариғаты.
3.Байлардың салауаты.
4.Кедейлердің қанағаты.
5.Үлкендердің ұлағаты.
6.Жастардың инабаты.
7.Азаматтың ар-ұяты.
Осыларды азық етеді, асыл жандар жұрағаты.


*Тек кетпейтің үш дұға*

1.Ата-ананың қарғыс дұғасы.
2.Мүсәпірдің налыған дұғасы.
3.Аш адамның ашынған дұғасы.
Халык та оларды жазғырар, қасында болса куәсі.


*Үш нәрсеге арқанды сүйеп үйрен*

1.Өмірге арқа сүйемеген-өледі.
2.Уақытқа арқа сүйемеген-өтеді.
3.Жүрекке арқа сүйемеген-өзгереді.


*Азамат ерді бақытқа жетелейтің үш нәрсе.*

1.Бір қарағанда өзіңе ұнайтын, өзің жоқта абыройыңа, малыңа сенімді-әйел.
2.Жуас, мықты, сені досыңа жеткізетін-көлік.
3. Кең, әрі қажетті нәрселерге толы-үй.


*Азамат ерді бақытсыздыққа жетелейтің үш нәрсе.*

1. Өзіңе ұнамаған, сенімсіз надан әйел.
2.Жүрмейтін жолда қалдыратын көлік.
3. Күнде-күнде ұрысатын жаман көрші.


*Ұмытпа:*

1.Алланы ұмытпа.
2.Ата-ананы ұмытпа.
3.Тамақ біреудікі болғанымен қарын өзіңдікі екендігін ұмытпа.
4.Алған қарызынды уақытылы қайтаруды ұмытпа.


*Ұмыт:*

1. Құдайыга берген садағанды ұмыт.
2. Біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт.
Сақтан:
1. Аманатқа қиянат етуден сақтан.
2. Барлық кезде тіліңнен сақтан.

*Сен де осыны тарат, мән бермей калдырма*


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


​​Ағайыннн!!! ТЕГІН ЖЕР БАР.. Abzal досым өзінің Алматы қаласы, Талғар ауданының Нұра елді мекеніндегі 8-сотық меншікті жерін - көп балалы отбасына тарту етпек екен. Жерді сыйға берер ағамыздың аты Бақытжанұлы Ержан. Үш ұл, алты қыз тəрбиелеп отырған Отаға. Осыған байланысты, көп түкірсе көл дегендей -аз маз ақша жиып сол кісінің үйін көтеріп беруге үлес қосу арқылы - Абзалдың игі ісін жалғастыруды ұсынам. "Əр Қазақ- менің жалғызым дегендей арыстандай үш ұл, алты қыз тəрбиелеп отырған отағасына БАР ҚАЗАҚ БІРІГІП бір үй соғып берейікте - бүлдіршіндердің рахметіне бөленейік... Үйсіз жүрген көп Қазақтың саны біреуге болсада қысқарсын ағайын. Сондық 1000-2000 теңгеміз темекі анау-мынауға кетіп қалады. Оданда, сол қаржыны өзімізден қиып - осы кісілердің үйлі болуына сеп болайық.. Қысқасы, Халықтың разылығын алу арқылы - Алланың разылығына жетейік!!!
Ақша Наурыз айының соңына дейін жиналып- құрылыс сəуір айының басында басталады. Жиылған ақшаны сол күні яғни ай соңында отағасының қолына өз қолыммен тапсырып, үйін көтеруге қол ұшымды тигіземін!!!
Айтпақшы, ақша артылып жатса - сол маңнан тағы бір жер телімін сатып алып, тағы бір отбасыға қуаныш сыйлаймыз. Сол себепті аянбаңыз ағайын!!!
Асарлатам, көмектесем деген ер жігіттер болса - құшағымыз ашық!!! Кірпіш шығарып, цемент, құм сатумен айналысатын адамдар табылса- нұр үстіне нұр!!! Наурызда бір- емес екі отбасыға үлкен қуаныш сыйлап мерейімізді тасытайық!!! Ал Тəңір сəтін салсын!!!
Міне шот номерлер:
Касспи Банк:
Карточка номері: 5169 4931 3995 5028
Дақанова Шынар Болатқызы
ЖСН/ИИН: 970 715 450 764
Халық банкІ:
Карточка номері :6233 5710 7743 7123
Дақанова Шынар Болатқызы
ЖСН/ИИН: 970 715 450 764
Менің тел номерім: 87787040597 (тек ватсап)
Жазбаны барынша таратып, күллі халықты құлақдар етейік халқым!!! Шет қалмаңыздар.( ватсап, телеграм желілеріне де таратуларыңызды өтінемін)
Пы-сы: Жиналған ақшаның орнымен кеткенін бақылау үшін- осы парақшаға жазылып, есеп берген жазбалардан хабардар болып отыруларыңызды сұраймын.
Ізгі ниетпен: Бөрілі Байрақ ұйымының іргесін қалаушы Бурахан Дақанов




​​Жүректі ауыртар түрі жаман тəмсіл.(аударған Бурахан Даканов(адам аттары ойдан құрастырылған)
Дархан мен Əлия... Бұлар бақытты да берекелі жас отбасы тұғын.. Кішкентай кездерінен бірге өсіп, бір сыныпта оқыған екеуі бір- бірін шексіз сүйіп, ақыры үйленіп тынған. Уақыты келе, жұбайы жүкті болып, баласын өмірге əкелу үшін перзентханаға жатады. Өкінішке орай, дəрігерлер баланы аман-есен тудырғанымен, Əлияның өмірін сақтай алмады... Бұл ауыр жағдай Дарханға үлкен соққы болып, қатты қайғырған болатын... Өлгеннің артынан өлмек жоқ дегендей, қатынын қырқынан шығарған ол, шақалақты өзі бағып өсіре алмайтынын түсініп - əпкесіне апарып береді... Өз өмірін қиып, өмірін баласына сыйлаған Əлияның құрметіне ұлдың атын Жұбаныш деп қойған Дархан - Жұбанышты əпкесіне аманаттап, өзі Алматыға жұмысқа кетеді... Алматыға келген Дархан жақсы жұмысқа орналасады да, бір жылдан кейін айдай сұлу Айзаданы кезіктіріп- үйленеді...
Айзада болса бірінен кейін бірі екі бала, яғни ұл - қыз перзенттер туады. Арадан үш жыл өтіп, Айзаданың қарсылығына қарамай Дархан - Семейдегі əпкесіне берген ұлын отбасына алып келіпті... Əкелгені құрысын, өгей қатын өз балаларына жақсы,ал жетім балаға жаман көзбен қарап - мейірім көрсетпес, айқайлап - əр сөзінде түрткілеп күн бермес һəм тамақты бөлек ішкізетін, дастарханда бірге отыруына рұқсат бермейтін нағыз жалмауыз қатынға айналған тұғын...
Сонымен, бір күні аяқ астынан Айзадаға төркін жағынан қонақтар келіп, өгей қатын туыстарын күтуге кіріседі.. Қонаққа арнап жасалған дастарханда түрлі тағамдар, жемістер бар... Жұбаныш, шеткері тұрған жүзімнен жегісі келіп қолын созғаны сол еді - өгей шешесі қолынан оқтаумен бір салып, тарелкедегі кішкене күрішімен қоса қылтимаға (балконға) қуып шығады. Долы қатын долданып: - Сол жерде қозғалмай отыр ырбимай, қонақтар кеткенде бірақ шығасың.. Дауысың да шықпасын қу жетім. Жаныңды шығарамын!!!- деді де есікті тарс жауып ішке кіріп кетті.
Жұбаныш болса, ішке кірсе өгей шешесінен оңбай таяқ жейтінін біліп, сол жерде көзінен сорасы аққан күйі ұйықтап кеткен екен..
Сонымен не керек, үйдегілер тынышталып қонақтарын қайтарған. Айзада, өз балаларын бөлмелеріне ұйықтатуға алып кіріп, қылтимадағы Жұбанышты мүлдем ұмытып кетіпті...
Дархан болса, кеш түсе жұмыстан келіп, балаларын сұраса, қатыны:
- Бəрі ұйықтап қалды жаным. Барып оятпай ақ қой. Бүгін қатты шаршады - деді. Жұмыстан онсызда шаршап, ештеңеге зауқы болмай тұрған Дархан, тамақтанып болғасын қалың ұйқыға кетеді. Түсінде, көзінен сорасы аққан Əлия кіріп:
- Мырзам, ұлыңыздың жағдайын көріңізші! - деп жалынады. Оянып кеткен ол, Айзададан Жұбаныш жайлы сұрады.Əйелі бұртиып:
- Айттымғой сізге, ұйықтап жатыр, - деді. Еркектің көңілі тынышталып ұйқыға кетті. Көзі іліне сала Əлия тағы түсіне кіріп:
- Ұлыңыздан хабар алыңыз димін. Неге бейқам жатсыз?! - деп жағасына жармасады. Тұншығып, шошып оянған Дархан Айзаданы оятып: - Жұбаныштың жағдайы қалай?- десе қатыны ашуланып:
- Уфф, не болды сонша уайымдап?! Айттымғой ұйықтап жатыр.Қатты еркелетіп жібердіңііз, сол ұлыңызды! Мен туған ұлға да неге сөйтпейсіз? - деп теріс қарап жатып алды. Дархан үндемей, ұйқыға кетті . Бір кезде Əлия түсіне кірді де :
- Болды. Ұлым, жалғызым менің қасыма келді.. Енді мазаламаймын. Бақытты болыңыз.. Қош - деп, ұлын жетектеген күйі ғайып болыпты. Шошынып оянған ол, атып тұрып ұлының бөлмесіне жүгіреді! Келсе, Ол жоқ еді. Басқа бөлмелерді, тіпті дəретханаға дейін қарап шықты. Ол жоқ.. Жанұшырып, не істерін білмей қалған Дархан, қылтимаға көзі түседі. Аша сала Жұбанышты көрген ол, аяғынан əл кетіп тізерлей отыра кетті... Қараса, Жұбанышы қос тізесін құшқан күйі бүктеліп отыр екен.. Жылыну үшін басын тізелерінің арасына қойыпты да, қатты ұйқыға кетіпті.. Бірақ, аязға нəзік дене шыдамай - жаны үзілген екен... Көп жыласа керек.. Екі аяғының арасында мұз боп қалған төмпешік.. Қасында, тарелкеде кішкене жеген күріші тұр... Ия.. Бəрі кеш.. Ол енді, өгей шешеден қорлық көрмейтін, ез əкесін ойлап жыламайтын, зұлымдық пен қайғысы жоқ һəм бақытты жаққа аттанып кеткен еді.....


Құрметті де қадірлі ҚАЗАҚТЫҢ ақ самайлы əжелері , ақ жаулықты аналары , ибалы келіндері , сұлу қыздары !!!
Сіздерді осы бір арнаулы күнмен шын жүректен құттықтай отырып , отбасыларыңызға Алладан амандық -саулық , бақыт пен ырыс -несібе нəсіп болуын тілейміз .
Жүздеріңіз күлімдеп , əрқашан жайнап , бойларыңыздан намыс пен ар жоғалмай , ұлтымыздың ұйытқысы болып жүріңіздер .
Қазақтың ар - намысты сыпайы сіздердей алтын аналары мен қыздары барда Еліміздің туы əрқашан биікте болмақ .
Көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын баршаңызға !!!




"КІМ КІМНЕН ТАРАЙДЫ?"

- Апа! – деді бір күні кішкентай Мішім.
– Біздер осы Жолбарысқа қатты ұқсаймыз. Соған қарағанда Мысықтар солардан тараған болуы керек.
- Неге біз жолбарыстан тараймыз? – деді апасы жұлып алғандай, ренжи сөйлеп. – Біз олардан емес, олар бізден тарайды! Ғылыми кітаптардың өзінде Жолбарыстар Мысық тұқымына жатады деп кесіп айтқан.
- Жолбарыс үлкен, біз кішкентаймыз ғой. Әдетте кішкентайлар үлкендерден тарамай ма?!
- Үлкен болса ше?! Онда тұрған ештеңе жоқ! Біз де – Мысық, олар да – Мысық. Бірақ біздер адамдармен ерте жақындасып, мәдениетке ертерек қол создық та, үй хайуанына айналдық. Ал олар сол баяғы жабайы күйлерінде қала барды! Өркениет деген сөз олардың ойына да кіріп шықпайды. Жылы пеш, жұмсақ диван бізге бұйырған... Әй, қойшы соларды! Жабайының аты жабайы! Кейде біреулер оларды бізбен аталас, туыс дегенде... қатты намыстанам!

⇒⇒⇒⇒⇒⇒⇒(Қадыр Мырза Әлі, «Ғибратнәмә» кітабынан)




"АРҒЫ ТЕГІН АСПАННАН ІЗДЕГЕНДЕР"

Үлпілдеген Ақ Мақта жолдың жиегінде өскен жабайы Түйе Тікенге мақтанып:
- Сен менімен ойнама! Біздің арғы аталарымыз аспандағы Ақша Бұлттан тараған, - дейді бірде.
- Болса болар, - дейді әлгі әңгімені естіп қалған қыз құлағындағы Сұлу Сырға. – «Біздің арғы атамыз қора төбесіне шаншулы қол орақтай әдемі аймен ағайын» деп айтып отыыратын менің әжем. Несі бар?! Таң қалатын түгі де жоқ!
- Шынында да таң қалатын түгі де жоқ! – дейді Сырғаның әңгімесін Доға одан әрі іліп әкетіп. – Біз, мысалы, жазғы жылы жаңбырдан соң жарқ етіп шыға келетін керемет Кемпірқосақпен жақын туыс болып келеміз!
Бұлардың парықсыздау әңгімесін әрі тыңдап, бері тыңдап, әбден ығыр болған Түйе Тікен:
- Айтпай-ақ қояйын деп едім, болмадыңдар ғой! – деді. – Бәз де тегін сиырдың тезегі емеспіз! Арғы атамыз – аспаннан ағып түскен жарық жұлдыз екен. Гүл атқан кезде біздер содан аумаймыз. Мүмкін бәріміздің сөзімізде де бір шындық бар шығар. Әйтсе де өз басым түсінбейтін бір нәрсе: ата-тегім аспан әлемінің тұрғындары болса, біз өзіміз нағып жер басып жүрміз осы?!

⇒⇒⇒⇒⇒⇒⇒(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)




99жыл бұрын (1919-2006) актриса, Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан» сыйлығының иегері ӨМІРЗАҚОВА Әмина Ерғожақызы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Санкт-Петербор сахна өнері техникумының Қазақ студиясын бітірген. 1938-1940 жылдары Шымкент облыстық драма театрының труппасында, ал 1942-1949 жылдары «Казақфильм» студиясында қызмет атқарды. 1949 жылдан Қазақ академиялық жастар мен балалар театрының актрисасы болды. Оның ойнаған рөлдері қатарында Баян (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»), Луиза (Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), Смерильдина (К.Гольдоний «Екі мырзаға бір қызметкер»), Шәуәли (М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Қалампыр шешей (Ш.Уәлиханов «Тағдыр»), Глумова (А.Островский «Адам аласы ішінде»), т.б. бар. 1942 жылдан киноға түсіп, Ажар («Абай әні»), Мұғалима («Қанатты сыйлық»), Айша («Бір аудан»), Ана («Ана туралы аңыз», 1964 жылы Қазақстан және Орта Азия республикаларының кино өнері бойынша өткен жарыс-байқауының 1-ші сыйлығы; 1966 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы), Тана («Тақиялы періште», Алматы қаласында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының 8-ші кино өнері жарыс-байқауының сыйлығы), т.б. бейнелерді сомдаған.

«Отан», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.




Қазақ батырына орыс елшісі Угримовтың да айтары бар екен. Дәл жүрерде Қабанбайды оңашалап, тілмаштыққа Жүсіп-қожаны шақырып, бірнеше сауалға жауап беруін өтінді.

– Қазақ елі үш жүзге бөлінеді екен. Ұлы жүз түгелімен дерлік жоңғар қоластында. Ал Кіші жүз ханы Әбілқайырдың осыдан он бес жылдай бұрын Ресей патшалығына бодан боламыз деп ант бергенін өзіңіз білесіз. Сонда Орта жүздің не ойлағаны бар? Орта жүз ханы Әбілмамбет пен Абылай сұлтан 1740 жылы Ор бекінісіне барып, ақ патшаға адалдық, сауда-саттық туралы келісімге қол қойды да, содан қайтып ол жаққа ат ізін салмай кетті. Осының себебін білесіз бе? – деген мұның бетіне сынай қарап.
Орыс елшісі былайша аңқаусырағанымен екі ел арасындағы қатынасты жақсы білетін, байыпты адам екені байқалады.
– Ол жағын, елші мырза, сол Ор бекінісіне барып, келісімге қол қойған Әбілмамбет пен Абылай хандардың өздерінен сұрағаныңыз жөн ғой, – деді Қабанбай езу тартып, – Мен ол сапарда болған жоқпын. Біз болсақ – қара халықтан шыққан батырлармыз. Сіздерше айтқанда, әскер басы. Мемлекет аралық мәселені бізде хандар мен сұлтандар шешеді.
Қабанбайдың шетелдік қонаққа сыр ашқысы келмей тұрғанын елші де түсінді. Көгілдір көзі ұшқындап, көдедей ұйысқан сақал-мұртын тулата күлді де:
– Бекер олай дейсіз, Қабанбай батыр. Қазір қазақ елін басқаруда батырлардың үлесі өте жоғары екенін біз жақсы білеміз. Мәселен, Жәнібек батыр, сіздер оны Шақшақ Жәнібек дейсіздер ғой, өзіне қарасты біраз рулармен бірге Ресей патшалығының қамқорлығына бөленіп отыр. Ал сіздің беделіңіз қазір кез келген сұлтаннан жоғары. Соған қарамастан, осы күнге дейін Ресеймен арадағы бірде-бір келіссөзге, не ант беруге қатыспауыңыз қалай? – деді, ортан қолдай ғып орап алған темекісін құшырлана сорып. Іле-шала танауынан будақтаған көк түтін сақал-мұртына сіңіп, бейне орман өртеніп жатқандай бір кейіпке түсті.
– Ел мен елдің арасындағы татулық, достық қатынасты мен де құрметтеймін, – деді Қабанбай. – Әйткенмен азаттықты бәрінен жоғары қоямын. Біреуге кіріптар болуға, бодандыққа жан-тәніммен қарсымын. Әсілі, батырдың парызы – өз елін жат жұртқа бағынышты ету, құлдыққа түсіру емес, қолынан келсе оның бостандығын қорғау, туған жеріне көз алартқан жауды жолатпау. Мен өз міндетімді осылай түсінемін.

© Қабдеш Жұмаділов
"Дарабоз" романы


Бүгін – Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні!

ӘЛИХАННЫҢ АМАНАТЫ: ҮЛГІ АЛАР ҮЗІНДІЛЕР...

«Құдайды ұлық деп ұқса...»

Неғұрлым Құдайды жоғары деп, биік деп, ұлық деп ұқса, соғұрлым жақсырақ танымақшы. Жақсырақ таныған сайын, Құдайға жақынырақ болмақшы. Жақын болуының мағынасы – рақметін көріп, рақымды болмақ, мейірбандығын көріп, мейірімді болмақ... Сауап ең ақырғы пайғамбар Мұхаммед жолында.

«Жанкештілік болмаса...»

Бөтен кісі қазаққа еш қайдан жақсылық әкеп бермейді. Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді. Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің. Зауыт ісі жұрттың жалпы шебер, көнбіс, ұста болуына байлаулы. Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсағанда ғана іс көркейеді. Қазаққа өз жағдайыңды өзің ойлап, өлмес қамыңды істе деп отырғанымыздың мәнісі осы...

«Тәрбиеміз кем болса...»

Қазақтың ұлт болып өркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өнер-білім керек, онан да керегірегі – тәрбие. Қанша оқысақ та, тәрбиеміз кем болса, қасиетіміз аз.

«Тарихын жоғалтса...»

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн тауашағына көз жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады. Қазақтың көбі оны шежіре деп айтады. Бұ заманның ғалымдары тарих ең оңды мұғалім деп түсінеді. Дүние де өңге жұрттар қатарында кім қор болмаймын, тұқымым құрып қалмасын деген халық өзінің шежіресін имани дәрежеде ұғып білуге тиіс болады... Бұл кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.

«Тізе қосып іс қылса...»

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады. Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады. Қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?! Міне, Әлихан Бөкейхан «қазаққа сөз үйретіп жатыр» деп айтады. Мен қазаққа сөз үйретпесем... Менің не керегім бар еді. Қазақ жоғалып кетеді, «бұған жер неге керек» деп оттаған дұшмандар бар. Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Ол үшін осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «қазақ мәдениетін» құрып, бір жағынан «қазақ әдебиетін» тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы...

«Кім шебер болса...»

Тіршіліктегі жүйріктік – ақылда, ұсталық пен жанкештілікте... Қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі. Аустралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жүріп келіп, Петербор базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр. Профессор Күлешовтың жазғанына қарасақ, қазақтың қойының етіндей жер үстінде ет жоқ... Кім шебер болса, жалықпай талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса – ғұмыр бәйгесі соныкі.

«Алла» деп іске кіріселік...

Азаттық таңы атты! Тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл едік – енді бүгін теңелдік! Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық ісін ұғынбаса – тарих жолында тезек теріп қалады. Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүрер алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ! Бұл болып тұрған заман – Алаштың азаматына зор жүк. Ұлық іс ұсақтан ұлғаяды. Кірпіш зор емес, қаласаң қандай зор үй шығады. Шөпшектеп жиып шөмеледей илеу істейтін құмысқаны көрмейміз бе? ...Құдай сәтін салғай «әмин» деп қол жайып «Алла» деп іске кіріселік!






...Бүркіт көп өмір сүреді, бірақ ол өзінің ұзақ өмірінде ұяда жатқан балапанын небәрі бір рет қана ұшырып үйретеді. Енді ғана темір қанат болып келе жатқан балапанын бүркіт тістеп алған күйінде көз жетпес аспан тұңғиығына самғап ұшып шығады да, кенет аузындағы балапанын төмен қарата лақтырып жібереді. Әлі бір рет те қанат жазып, ұшып көрмеген өз балапанын аямайды екен – ау деп қаласың.

Бірақ қас – қағым сәтте әлсіз қанаттарын ашуға шамасы келмей, жерге қарай құлдырап бара жатқан балапаны соңынан ана бүркіт құйындай ағып келеді. Егер балапан жерге жақындағанша қанатын аша алмаса, онда ана бүркіт шүйіліп кеп оны қағып алады да, қайтадан биік шың басындағы өз ұясына апарып қояды. Бірақ ана қыран шексіз аспан әлемінде өз күш – қуатымен бірден самғап кете алмаған темір қанат балапанына қайта мойын бұрып қарамайды екен. Енді әлгі балапан өзінің жер бауырлап жүретін жылан емес, аспан әлемінде құйындап ұшатын қыран екенін тек өз қайратымен, ерік – жігерімен ғана дәлелдей алады.

Егер оған рухы жетпей қалса, онда қайырымсыз қанаттарына қарғыс айтып, үн – түнсіз мына жарық дүниемен мәңгілікке қоштасады екен... Өмір сүргің келсе – өз бетіңмен тіршілік етуді қазірден бастап үйрен. Өмір аспанында өз қанатымен ұша алатын қыран екеніңді балапан кезіңде көрсет. Мен сені сақалың шыққанша сүйрей бермеймін. Жетелеген ит ауға жарамайды. Өз әрекетіңді өзің жаса...

Немат Келімбетов «Ұлыма хат»


​​ҚАЗАҚ ЕКЕНІМІЗДІ МАҚТАН ТҰТАЙЫҚ АҒАЙЫН!!!



Показано 20 последних публикаций.

64

подписчиков
Статистика канала