«Жазарман»


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Əр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай.
-----------------------
Дүниеге жат адаммын. Ойым аспанның аржағында, аспан астымда.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Маған Сұрақ, сын, ой, пікірлер болса, жазып көріңдер...

http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=bcbkld


Жаратқан асықпайды, сен асығасың. Ол сабырлы, сен сабырсызсың. Сол үшін де сен стресс, депрессияға жолығасың.

#соңғыкездерітүсінгенім


Біреу сені тақуалы деп білсе, біреу күнәһар деп біледі. Біреу әдепті деп біліп жүрсе, біреу әдепсіз деп біледі. Біреу сені ақылды деп білсе, біреу ақымақ. Ал нәпсіңнің жағдайын өзің ғана білесің. Және кейбір сырлар бар, оны тек өзің жане Алла ғана біледі. Сондықтан, сені жақсы деп білетіндердің мақтауы сені алдап қоймасын. Ал жаман деп білетіндердің сөзі сені мұңайтпасын.


Бүгін аэропортта отырғанымда, аэропорттың бір шетінде отырған ерлі-зайыптыларға көзім түсті. Орта жаста. Сол кез күйеуі әйеліне жағымды дауыспен күлімдеп "Гүлім, білегің ашылып тұр" деді.

Әуес еттім. Сүннетті ұстанған, амал еткен нағыз еркек екенсің дедім іштей. Өйткені, әйелін Пайғамбарымыздайﷺ жақсы көру де сүннет. Олар сияқты құрметтеу, абайлау, қисық қабырғасын сындырып алмай, көркем мінезбен сөйлеу де сүннет.

Пайғамбарымыз Мұхаммедﷺ бір күні сахабаларымен отырғанда Айша анамыздың үйінде басқа бір әйелінің тамағын жеп, оны мақтайды. Бұны естіген Айша анамыз бөлмеге кіріп, сол тамақ тұрған табақты алып лақтырып жібереді. Сахабалар қайран.

Пайғамбарымызﷺ күлімдеп "Сіздер айып етпеңдер, бұл қызғанып жатыр" дейді. Сахабалар кеткен соң Айша анамыз ұялады һәм "Уа Алланың елшісі, мен ашулы едім, не істесем мені кешіресіз?" Дейді.

Сонда Пайғамбарымызﷺ "Табақ орнына бір табақ, ас орнына басқа бір ас!" Дейді.

сауап үстіне сауап жаудырушы сүннет те осы асылында. Бір бақшаны көркейтудің орнына, оның гүлдерін солдырып, ағаштарын солдырып, басқа бақшаға талпыну емес.

Түйгенім осы.


Сен. Жасап жүрген ісіңе, ниетіңе, арманыңа, мақсатыңа сен. Сенімсіз адам - адам емес.


Өмірден өткен соң артыңда қалатынын өзің таңдайсың. Жерге бір түп ағаш отырғыздыңба немесе оны жұлып тастадың ба? Біреудің ақысын жедің бе немесе садақа бердің бе? Көңіл алдың ба немесе көңілін ойрандадың ба?

Өмір қиын емес. Таңдаулар қиын.

Мен оралдым, сәлем, балалар!


Жәннәт талап етуде бізбен сахабалардың айырмашылығы - олар оны амалмен іздеді, талап етті. Ал біз арман, қиялмен.

Айман Йоги


Өткенді ұмыт.

Бірақ оның берген сабақтарын ешқашан ұмытпа.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Соңғы кезде кітаптан оқыған ең әдемі және ең әсер еткен сөз: «Біреудің қайғысын көре алмаған өз қайғысын қайғы, дертін дерт деп санайды». Айналаңа қара!


Көңіл күйіңнің жоқтығы біреуге дөрекі, қопал, жаман сөз сөйлеуіңе себеп, сылтау бола алмайды. Сол үшін, ілім-білім аламын деп жүгіре берместен әуелі әдеп үйреніңдер.

©Ұстаздан


Түн. Айнала тым-тырыс. Барлығы тәтті ұйқыда. Алла сені тахаджуд намазы үшін оятты. Намазға кіресің һәм раббыңмен тілдесуге кірісіп кетесің. Соң ұзыннан ұзын дұғалар арқылы жүрегіңдегілердің барлығын оған айтып тастайсың. Айтсаң тіліңді, айтпасаң діліңді ойрандайтын дерттеріңді барлығы ұйқыда кезде оған айтасың. Аспанға қарайсың, толы жұлдыз. Кім білсін, олар дәл қазір сен секілді қанша раббысымен тілдесіп жатқандарға куә екенін. Олардың ішінде сен де барсың.

Сұра, тәубе ет, Алла қабыл етеді. Хадисте айтылғандай, ол түннің бір бөлігінде «Менен сұраушы бар ма, сұрағанын берейін. Тәубе етуші бар ма, тәубесін қабыл етейін» деп тіл қатады.


Бұрын телеграмда оқыған кітаптары не туралы екенін, ол кітап оқырманға не бере алатынын жазатын канал болуын қалайтын едім. Кей арналар арасында жазады демесең, үнемі жазып отыратын арна тапқаным жоқ.

Кейде сені дамуға, әрекетке үндейтін кітап іздейсің. Кейде рухани ләззәтқа бөлейтін кітап іздейсің. Бірақ қай кітапты оқу керек білмейсің. Сондай кезде оқыған кітаптары туралы жазатын арна ең керегі-ақ.

Ақыры сол арнаны өзім аштым. Оқыған кітаптарым туралы барлығын сол жаққа жазатын боламын. Тіркеліп, пайда алғайсыздар. Тек бір ескерту, егер сенде кітап оқуға қызығушылық болмаса, тіркелме. Кітап оқитын досың болса, сілтемені жіберіп оны арнаға шақырғайсың

Сілтеме: https://t.me/+VxmZuZWx4kU2Mjky


"Мартин Иден" - Джек Лондон

Бұл роман тек еңбек және әрекет арқылы ең кедей қабаттан шығып кете алған адам туралы. Бір кездері ол теңізші болған, бірақ өте бай бір отбасының қызымен кездесуі оны жақсы және бай өмір сүру үшін күресуге итермелеген.

Әр күні жұмыс істеу, өз-өзін жетілдіру, тәрбиелеу, дамудан тоқтамау Мартинды өте атақты және бай етеді. Ләкин, ол өзі армандаған бай өмірге қол жеткізер екен, ол қашан-ақ еш нәрсені қаламай, көңілі тыныш емес, бай өмірді ұнатпай қалған еді... Бәлкім ол қаржы жағынан байып кетуге әрекет ете беріп рухани байлықты ұмытып кетті. Жүрек тыныштығы байлықта емес шүкіршілікте екенін түсіндірген кітап болды.

Қаһарман кітап авторы Джек Лондонның тағдырын қайталағанымен де роман дүниеде ең көп оқылған атақты кітаптар қатарына кіреді.


Бірер бір нәрсе жасау үшін ешқашан идеал уақытты, сәтті күтпе. Сенде өз-өзінен бос уақыт не идеал уақыт пайда болып қалмайды. Жауапкершілігің еш қайда қашпайды.

Көпшілік сәл кешірек, біраз уақыт өтсе мақсатыма, ниетіме жетемін деп ойлайды.

"Кейінірек оқимын" , "Кейінірек бастаймын, дүйсенбіден, айдың басынан бастаймын" , "Азырақ уақыт өтсін, қазір дайын емеспін" деп өз-өзін жұбатады.

"Кейін" деген мүлдем келмеуі, келсе де ситуация дұрыс келмеуі мүмкін. Бос уақытың да болмауы мүмкін.

Қолыңнан келгенін құдыретін жеткенше жаса. Қазір, дәл осы кезде. Қандай жағдай болмасын әрекеттен тоқтама. Өзіңді ақтап, сылтау табуды қой.

Һәм ойлап көр, сол ойлап жүрген нәрсеңді расымен жасай алмай жүрмісің немесе сол ойды іске асыруды өзің қаламай жүрмісің?
Расымен уақытың жоқпа? Немесе уақытың болмашы бір нәрселермен өтіп жатырма?

Түнде жатарда "Былай істеп көрсем қалай болар екен" деген ойларыңды ақиқатқа айналдырып, әрекет етіп көретін де уақытың келді.


Үнсіз еңбек ет, жетістігің, нәтижең шауқым салсын.
Жеке өміріңді жақсартудан, дамудан соншалықты қолың бос емес болсын. Біреуді жек көруге, біреумен сөз таластыруға, олардың өмірін сөз етіп, ғайбат айтып отыруға мүлдем уақытың болмасын.


Шүкір емтиханы.

Көпшілігіміз емтихан, сынақтарды тек ғана қайғы-қасірет, проблема, мұңнан тұрады деп ойлаймыз. Ал негізінде, айналамызды нығметтер орап тұрғаны да емтихан. Шүкір емтиханы.

Бұл сабыр етуден көре қиынырақ. Себебі басымызға сынақ, ауру, проблема келгенде ғана жаратқан Құдайымызды еске аламыз. Ләкин, нығметтер ішінде жүрер екенбіз, ақылымызға жаратқан Алламыз келмейді.

Соның үшін шүкір емтиханы сабыр емтиханына қарағанда қиынырақ. Алла баршамызды бақытты болған кезінде де оны ұмытпайтындар және шүкір ететін пенделер қатарынан қылсын!


Жүрегіңнің ауырған әр бөлігі үшін құранда бір ем бар


Осы жерде Көп жыл жұмыс істесем, зейнетақым көп болады зейнетке шықсам, деп жүретін адамдарды көрсем, теңіз бір шетте қалып, аквариумда өмір сүретін балықтар көз алдыма келеді..

Бұл деген сұмдық!

Таңнан шамға шекем жұмыс істейсің, әйтеуір бір түрі суық бастығың айтқанына көнуің керек. Оған сын айту мүмкін емес. Оған есеп беру...

Адамдардың көбінің өмірі осылай өтіп бара жатырғаны просто сұмдық...

Армандарыңды кең қыл, мақсаттарыңды биік қыл, сен аквариумдағы балық емес, теңіздегі акула бол.


Бір жұмысқа кіріп, сонда зейнетке шығам дегенше жұмыс жасаймын деп ойлау - 20 ғасыр идеясы. Ұзақ жылдық совет кезеңі ата-аналарымыздың ой пікірлерін осылай изоляциялап тастады.

Ал сол ата-аналар өз балаларын простой үкімет жұмысшысы болуға тәрбиелей бастады. Үкімет жұмысы жақсы, ауырып қалсаңда айлық береді, қартайғаныңда зейнет ақың көп болады, деген сияқты ойлар миымызға сіңдірілді.

Сен ондай болма! Болашақта балаларыңа мүмкіндігі барынша өз қалаған жұмысына, тәуелсіз бизнес жасауға үйрет.

Аз ғана зейнетақы үшін бүкіл өмір жұмыс істеп, биік армандарыңмен мақсаттарыңнан бас тарту - ақылсыздықтан басқа ештеңе емес...


Ұзақ өмір сүру өз қолымызда!

Имам Нәуәуи(рахимахулла) қырық бес жасында өмірден озған. Бірақ бізге "Сахих муслимді" шархтауға уақыт тапқан.

Тарафа ибн Абд жиырма алты жасында өмірден озған. Бірақ оның "Муаллақат"ты әлі де тірі...

Абдулхай Ләкнауи(рахимахулла) отыз тоғыз жасында өмірден озған. Бірақ жүзден астам кітап бізге қалдырып кеткен.

Ұзақ өмір сүру Жаман емес, қысқа өмір сүру кемшілік емес. Мәселе, адам өзіне берілген бұл өмірде нелер жасай алуында...

Өмір бұл - жәй сандар ғана. Хақиқи өмірімізді календарьлар мен өлімімізге тиісті құжаттар белгілей алмайды.

Біздің өмірімізге тек қана қалай өмір сүргеніміз, нелер бере алғанымыз, нелер істегеніміз мағына бере алады.

Терек жемісі мен маңызды. Үлкендігімен емес. Бұлт жауыны һәм саясы мен маңызды, аспанда жәй сүзуі мен емес.

Хақиқи өмір күндер саны мен емес, тәжірибелер һәм сезімдер салмағы мен қадірлі...

Көп уақыт өмір сүру сенің қолыңда емес шығар, бірақ ұзақ уақыт өмір сүру өз қолыңда!

Показано 20 последних публикаций.