Репост из: коментариялар.
Саясаттан сәл ғана ауытқып, Илон Масқтың Starlink жерсеріктері туралы қысқаша деректер жинағын оқып шығыңыз. Өйткені кей оқырмандар ол туралы қате пікірде болуы мүмкін (дәл Сіз емес).
Алдымен, Starlink деген не? Starlink — Илон Масқ деген кісі басқаратын SpaceX компаниясының Жер төңірегінде жерсеріктер жүйесін құруға арналған жобасы. Мақсаты — бүкіл Жер бетіне жылдам және арзан серіктік интернет тарату және ақша табу.
1. Жерсеріктер саны әзірше 60. SpaceX оларды орбитаға 24 мамырда шығарды. Дәл қазір олар 500 шақырым биіктікте үстіңізден өтіп бара жатуы мүмкін. Басты байқа.
2. SpaceX жалпы 12 мың жерсерік шығаруды жоспарлап отыр. Қазір орбитада Starlink'тен басқа шамамен 4900 жерсерік бар.
3. Әр жерсеріктің салмағы 227 келі. Яғни екі семіз қоймен бірдей.
4. Аспанда жарқырап, періп бара жатқан жерсеріктердің видеосы мына сілтемеде.
5. Starlink интернеті тегін болмайды. Тегін интернет тек "Рухани жаңғыру" бағдарламасында.
6. Интернет жерсеріктен тікелей вай-фай арқылы таратылмайды. Телефоныңыздағы вай-фай байланыстар тізімінен бірден Starlink атауын тауып ап, "rahmetMask123" деген кілтсөзбен кіре алмайсыз.
7. Интернетке қосылу үшін арнайы қабылдағыш (receiver) құрылғы қажет болады. Көлемі лаптоптай, бағасы $500-1000 төңірегі деген сыбыс бар. Интернетті вай-фай арқылы осы құрылғы таратады.
8. Қабылдағыш тарататын интернетке де айына ақша төлеу керек екені түсінікті.
9. SpaceX осылайша интернет-провайдерлер нарығына "зеңбірегін сұғып", одан 3-5%-ға жуық көлемін алмақ. Ал нарықтың бүкіл айналымы 3 трлн. жасыл президент, соның 3 пайызы SpaceX'тің осыған дейінгі барлық шығындарын ақтауы керек. Тіпті шемішке мен сыраға да қалады.
10. Провайдерлер/мемлекеттер өз нанын тартып алып жатқандармен қалай күреспек? Ең тиімді тәсілі — әлгі қабылдағыш құрылғылардың елге кіруіне шектеу жасау. Соңғы жағдайларға қарасақ, Қазақстанда бұған ерекше көңіл бөлетініне күмән жоқ. Осы жерде төсектен кәдімгідей атып тұрып #Ояндым әкесс.
11. SpaceX'тен бөлек басқа да компаниялар осындай жерсеріктер жіберу арқылы интернет таратуды жобалап жүр. Мысалы, OneWeb, Telesat, Amazon.
12. Жерсеріктер кәсіби астрономдар мен астрофотографтарға ұнамады. Мүлде ұйқысын бұзды. Себебі "түнгі аспанды суретке түсіру, оны зерттеуге кедергі болады" дейді. Илон Масқ бұған кері дәйектерін айтты, бірақ желіде осы тақырыпта боқжағыс дауылы тоқтамай соғып жатыр.