№ 36 аңыз
Адам – мінсіз жаратылыс иесі! Демек ол соқыр эволюция жемісі емес-ті.
Мінсіз? Өзіңіз қарап көріңізші!
Адамда тек екі тіс жиынтығы бар – сүт және тұрақты.
Салыстырыңыз: қолтырауынның тісі екі жылда бір ауысады. Акуланың тісі тозған сайын жаңарады. Ал кеміргіштердің күрек тісі өмір бойы өседі.
Гепард сағатына 120 км жылдамдықпен жүгіре алады. Ашамүйізді бөкен – 100 км/сағ. Жабайы бөкен – 80 км/сағ. Адам болса, сағатына 30 км жылдамдықпен жүгіруі мүмкін… оның өзінде тез шаршап қалады.
Әлемдік рекорд орнатқан адам 170 м тереңдікке 2 минут 40 секунд ішінде аквалангсыз сүңгіген. Қашалот – ауамен тыныстайтын сүтқоректі 2 км тереңдікке сүңгіп, су астында бір жарым сағат жүре алады.
Адам күніне бірнеше рет тамақтанады.
Қаймандар аптасына бір рет түстенсе жеткілікті. Саршаян бір жыл тамақсыз жүріп, салмақ тастамауы мүмкін.
Саусағынан айырылған адам оны біржола жоғалтады. Кесіртке жауына қалдырған құйрығын қайта өсіріп алады. Түлеген өрмекші жұлынған аяқтарын қалпына келтіріп алады. Онымен қоймай көзін, өкпесін және басқа да ішкі ағзаларын ауыстырып алады.
Орынсыз теңеу дерсіздер! Адамға бұның керегі жоқ! Гепардша жүгіріп, қашалотша сүңгудің керегі не…
Солай-ақ болсын. Адам жүріп кетпес бұрын бір жыл күтуі қаншалықты керек? Қозы туылғаннан бір тәулік ішінде-ақ жүріп кетеді. Адам баласы алғашқы қадамын 10–12 айлығында (кейде – одан да кештеу) жасайды, ал үйретпесе тіптен жүрмейді.
Тік жүрудің де қиындықтары жетерлік! Төртаяқтыларға беймәлім қаншама омыртқа және аяқ дерттері бар! Омыртқа аралық дискілердің таюы, жүйкенің жаншылуы, радикулит, сколиоз, майтабан. Ал тік ішектің не жатырдың түсуі секілді «тағдыр сыйларын» не істейсіз?
Адамнан басқа қай жануар түзу жерде құлап, мыйын жарақаттап не өліп кетуі мүмкін?
Тамаққа қақалып өлу қаупі ше? Steven Pinker пайымынша: «Жақында ойлап табылған Геймлих әдісіне дейін Құрама Штаттарда тыныс жолына тамақтың түсуі жазатайым өлім себебі ретінде алтыншы орында болған. Деректерге сүйенсек, жылына 6000 адам қақалып өлген». (Шимпанзе үшін бұл сұмдық үш ұйықтаса, түсіне кірмес. Ал біз төмен орналасқан көмей көмегімен сөйлей аламыз, – тамақ ішіп отырғанда емес!)
Ірі мый – мақтанышымыз… Бірақ сәбидің үлкен басы босанушы әйелге қаншама азап «сыйлайды»! (Босану азабынан да теңбіл қорқаулардан қалыс қалдық…)
Өзін мінсіз жаратылыс есептейтін еркектерге жақын туысымыз – шимпанзелерде жыныс мүшесін ұстап тұратын букулумның яки «пенис сүйегінің» болатынан білген абзал.
Ал егер әйел болсаңыз, эпиляцияға сонша қаражат пен ақылақтық күш жұмсаудың керегі не? Диетаға отырып, табиғатқа қарсы шығуда қандай себеп бар? Целлюлитпен күресудің не керегі бар? Онсыз да мінсіз жаратылысты өзгертудің керегі не?
Таға да бір нәрсе. Мінсіз аяқтарыңызда бес-бестен башпай бар. Сұрақ: сол мінсіз башпайларыңызбен не істей аласыз? Мәтін тере аласыз ба? Бізбен тоқи аласыз ба? Тапаншамен ата аласыз ба? Жүріп-тұруға көмектеседі дейсіз бе? Жылқылар жалғыз башпаймен де жүре алады. Аяғымыздағы кеміс башпайлар – бұтақты аяқ-қолымен бірдей ұстаған ата-бабаларымыздан қалған сый деу – қисынға көбірек келеді емес пе? Айтпақшы, жаңа туған нәресте тек қолында емес, аяғында да болатын қармау рефлексі арқылы бұл жайлы әлі ұмытпағанын көрсетеді, алайда табанмен ештеңе қармай алмайсың.
Одан қалды, адам мінсіз болса, оған көмекші құралдың не керегі бар? От? Аяқ-киім, киім? Медицина?
Ал егер эволюция бізді «қолда бар заттан жасап шығарды» дейтін болсақ, келіспеушілік шешімін табатын еді.
Ата-бабаларымыз бізді жасақтап, жолға жіберді. Букулум секілді затты жолай жоғалтып алдық. Көп затқа қиындықпен қол жеткіздік. Әркез өткен денемізде жазылмас жара қалдырып отырды. Не дегенмен, адам мінсіз болмаса да, басқа адамтәрізділерден көрі аса табысты. Осы күнді сүру мүмкіндігі берілген бірнеше түр – гоминидтер ұлылығының қалдықтарының тағдыры шешіліп қойған… Ал адам сытылып шықты. Бұған себеп – адам мінсіз денесін қолда бар затпен түзей алуы болуы мүмкін.