Қазақтың қараңғылығына қарным ашады. Мемлекет тарапынан істелген есті қадамдардың бірі – әлемдік жауһарларды қазақ тіліне аудару. Өте керемет бастама. Әлемнің дамыған елдері қолданатын әдебиеттер енді қазақ тілінде! Керім емес пе? Ал біздің қараңғы қазақ оны да ұқпайды. Мына суреттегі "Homo sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы" атты туынды әлем іліми әдебиетіндегі тың шығармалардың бірі. Bill Gates елсіз аралға өзімен ала кетер кітаптың бірі деп рецензия берген туынды. Бұл кітап менің Құраным мен Інжілім. Адамның қайдан шығып, қайда бара жатқанын, әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық құрылысын, ақша, саясат, тарих, т.с.с тақырыптарды ерекше тәсілмен баяндайтын Yuval Noah Harari, шынымен де, гомосексуал. Мен оны кітабын оқып біткеннен кейін, Уикипедиядағы мақаладан білдім. Содан? Не болды? Бірдеңе өзгерді ме? Менше жоқ! Ол кім болса да, ол осындай жауһар дүниенің авторы болып қала бермек. Бір қызығы кітапта гомосексуализм жайлы мүлде қозғалмайды. Бір де бір рет. Тек екінші кітабында бір мәрте мысал ретінде келтіреді (толық оқып бітірмедім, бәлкім тағы кезігер). Оның өзінде мәнмәтіннен автордың ұстанымы білінбейді де. Мына жазбаның авторы Хараридің кітабын оқымады деп 100% кепілдік берем. Кітапты кім жазғаны, қалай жазғаны, неге жазғаны маңызды емес, маңыздысы – ішіндегісі. Маған десе ол кітаптың авторы гермафродит болсын, одан кітаптың мәні өзгермейді. Барша сүйіп қолданатын iPhone смартфонын шығаратын Apple компаниясының Бас директоры Timothy Cook жария гомосексуал. Демек біздің ел Apple құрылғыларын сатуға рұқсат беру арқылы гомосексуализмді насихаттап жатыр ма? Cook'тің сондай екенін білгендіктен қолыңыздағы смартфонды қолданбай қоясыз ба? Ессіздік қой?