Репост из: Қазақша жаз
Қазақ тілі туралы
Банкоматта қай тілді таңдайсыз?
Кафеде даяшымен қай тілде сөйлесесіз?
Таксиге отырғанда қай тілде амандасасыз?
Қазақша жаңалық сайттарын оқисыз ба?
Тәңірі болсын, нұры болсын - бәрінде қазақша нұсқалары бар ғой. Егер онда сапасыз аударады, қатесі көп десеңіз, онда неге сапасыз екенін ойланып көрдіңіз бе? Себебі, сіз тұтынбаған соң, қазақша нұсқасының статистикасы нашар болады, содан барып, қазақшасын дамытуға ешкім назар аудармайды, талап етпесеңіз, ешкімнің құлқы болмайды.
Желідегі парақшаңызда жаңалықты қай тілде бөлісесіз?
Мемлекеттік органның сайтына қай тілде қарайсыз?
Көбінің жауабы орыс тілі екеніне сенімдімін.
Дәл сол себепті де қазақша сөйлейтін адамдар - Қазақстанда кемсітуге ұшырайтын ең ірі топ.
Қазақ тілін дамытқыңыз келсе, қазақша білмейтін адамдарға “қазақша сөйле” деп айғайлағаннан гөрі қарапайым тұтынушы құқығын қазақша талап ете бастау керек. Ел сол кезде-ақ қазақша сөйлеп, жаза бастайды.
Болды.
Қазақстандағы ең ірі топ өз тілінде ақпарат алуға құлықты болмағаны, ниет танытпағаны себепті тіл дамымай отыр.
Сол үшін Қазақстанға келген халықаралық компаниялар да, жергілікті компаниялар да, тіпті мемлекеттік органдар да аккаунттарын қазақша жүргізгісі келмейді, жүргізбей-ақ қойғанды жөн санайды. Бәріне солай ыңғайлы. Тіпті қазақша білетін адамдардың өздеріне де солай ыңғайлы болып тұр.
Енді міне желідегі ресми парақшаларға ревизия жасап, қазақша ақпарат талап еткен еріктілердің чаты ашылған екен. Ниеті түзулер сол чатқа қосылсаңыздар болады. Сілтеме биода тұр.
Инстаграмдағы парақшамызға да жазылыңыз. Сілтеме төменде.