Ақ Сарбаз - Тәңір Жауынгері


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Эзотерика


Адамзат ғасырлар бойы күткен Ғарыш Жауынгері туралы, Ақ Сарбаз жолын ашқан Эволюцияның Алтыншы Сатысы мен қазақ халқы туралы, Ғарыш Заңдары туралы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Эзотерика
Статистика
Фильтр публикаций


ЖАПОНИЯ ТУРАЛЫ
Ш.: Сіздің «Бауырлас ел – Жапония» деген сұхбатыңыздан соң Zhanna Uzakova есімді оқырман: «Жапон халқы Екінші Дүниежүзі Соғысы кезінде корей, филиппин, қытай елдеріне зардап келтірді. Тіпті төрттік одақта болып, бізді жаулап та алғысы келді емес пе? Корей қыздарын өз солдаттарына қорлатып, Кореяда соншама дәлелдер жатыр, сонда олар істеген ісіне жауап бермейді ме?» деп сұрапты.
Ұ.: Жауап берді олар. Бастарына екі атом бомбасы түсті. Токионы америка ұшақтары бомбалағанда Хиросима мен Нагасакиден екі есе көп адам қырылды. Олардың үйлері бамбуктан жасалғандықтан тез өртенетін.
Сөйтіп олар өз конституциясының бірінші тармағында ешқашан да бөтен елге соғыс ашпау туралы заң қабылдады. Енді қайтып жапон солдатын ешқашан жапон елінің шекарасынан сыртқа шығармау туралы шешім шықты. Содан бері олардың жаулап алушы армиясы жоқ. Қорғаныс армиясы ғана бар.
Қара халықтың жазығы жоқ еді. Басқыншылықты шығарған самурайлар болатын. Қазір самурайлар класы жойылды. Енді Жапония нағыз мейірбан, тыныш, бәрін бейбіт жолмен шешетін халыққа айналды.
Ш.: Жапон императорлары мен жауынгерлерінің бәрі бұрын самурайлардан шықты ғой. Намысын қорғап өзіне харакири жасайтын да самурай. Сонда сол тек жойылып кетті ме, әлде ел ішіне тарап кетті ме?
Ұ.: Олар тарап кетті. Оның ұйымын заңмен таратып жіберді. Ол туралы «Соңғы самурай» деген фильм бар. Соны көрсең түсінесің. Сөйтіп олар мейірбандықпен даму жолына түсті. Содан кейін Шығыс Азия мен әлем халқы ішінен менің таңдауыма жапон халқы ілінді.
Бұдан былай жапон халқы бізге туыс болады. Қазіргі ғалымдардың зерттеуінше біздің генетикамыз жапондықтарға 97 пайыз ұқсас екен. Үш-ақ пайыз айырмасы бар. Ол туралы мен алдыңғы сұхбатымда айтқанмын.
Бұдан былай біздің елге нағыз жақын халық жапондар болады. Біріншіден олар еңбекқор, одан кейін дамуға деген ұмтылысы да күшті. Қазір жердүниеде ғылымы нағыз дамыған халық – жапондықтар. Олардың бізге бауыр болғаны жақсы. Ал, анау оқырманды кореецтер айтақтаған шығар. Әйтпесе корейліктің сойылын соғып несі бар?
Біле білсе біздің жерімізде бірінші миллиардер Ким деген корейлік болды. Қазіргі банктердің көбісі сол корейліктердің қолында.
Ш.: Сізді бұрынғы үйіңізден көшіріп жіберуге әрекет жасаған құрылыс компаниясының басшысы да корейлік болды емес пе?
Ұ.: Иә. Мені көшіріп жіберген корейлік. Оның фамилиясы қазір есімде жоқ. Сөйтіп мені өз елімде отырған жерімнен ығыстырып шығарып жіберді. Содан кейін мен қиын ауырдым. Өзің көрдің ғой қалай ауырғанымды. Басымда ісіктер шығып аяқ-қолдарым дірілдейтін болды. Әрең-әрең түзеліп кеттім. Қазақта «жаман үйді қонағы билейді» деген сөз бар. Міне бізге келген келімсектер бізге не көрсетпей жатыр! Кеңес дәуірінде қалыптасқан әдет қала көшесінде қазақтың ұлы мен қызын көрсе тиісетін. Ұрып-соғып, тонайтын. Қазақша сөйлесең жекіретін. Қазақтар өз елінде емін-еркін жүре алмайтын. Қазір кішкене тыныштау болды. Бірақ одан түгел құтылуға бірталай уақыт керек.
Мемлекеттің шешімімен енді Жаңа Қазақстан дами беретін шығар. Күтеміз.
Ал, халыққа айтарым: ШЫДАҢДАР! Желтоқсанда халық түгел көтерілмей шыдады. Есесіне бостандыққа жеттік.
Басқа елмен салыстырғанда жердүниеде болашағы бар жалғыз халық қазақтың елі. Басқа елдердің болашағы жоқ. Басқалардың Алтыншы Сатыға өтуге мүмкіншілігі өте аз. Біз жапон бауырларымыздың 2-3 мың балаларын қажет болса Жерұйыққа алып кетеміз. Олар ол жақта қазақ болып жаңа өмір бастайды. Бұл шешім өзгерілмейді. Ол жазылды, бітті. Сонда бір-ақ халыққа осындай таңдау мен жақсылық жасалды. Міне, жапон бауырларымызға деген менің шешімім осы.
Біз айттық. Бұл шешімді олар қабылдай ма, қабылдамай ма өздері біледі. Қабылдаса оларды қарсылауға біз дайынбыз. Қабылдамаса апат келгенде амал жоқ жүгіретін болады. Солай.




ҚЫТАЙ ЕМІ ТУРАЛЫ
Ш.: «Қытайдың нүктелік массажы зиян ба?» деген де сұрақ бар екен.
Ұ.: Ол бізге жараспайды. Қытайлар біледі, нүктелік массаждың емі де зияны да болуы мүмкін. Оның арты қандай болатынын істеген дәрігер ғана біледі. Қытай дәрігерінің ниеті қандай екенін ешкім де білмейді. Оның орнына моншаға барып, буға отырып, шөп дәрілер қолдану – нүктелік массаждан кем емес.
Біздің қазақтың жеріне қытайдың талай улы дүниесі келді ғой. Тоқсаныншы жылдарда коммерсанттар әкеп сатқан қытай көйлектерінің түймесінің ішінде улы дәндер болды. Қытай ойыншықтарының ішінен улы ұнтақтар шықты. Бұлардан адам жайлап уланып, науқасқа ұшырайды.
Анау Жаннаның шешесі аяқкиім сатып отырып, иісінен уланып ауырып қалғаны бар. Мен сонда емдеп жазып жібердім.
Кей жерде далаға түрлі кеміргіш, насеком жіберіп жүрген қытайлар ұсталды.
Ш.: Кейбір жылдары кене қаптап кетті ғой.
Ұ.: Иә. Олардың тактикасы белгілі. Қай жерге келсе сол жерге зиян келтіреді. Түрлі ауру індет әкеліп, жерді елден тазартып өздері кіреді. Сөйтіп ешқандай қантөгіссіз мінекей Тянь-Шанға дейін жетті.
Қытайдан барлық көршілері қорқады. Әсіресе ветнам, камбоджа, монгол, корей елдері бәрі де қытайға дос болудан бойын аулақ ұстауға тырысады.
Сол себепті олардың тактикасы қалай құрылғанын білмесең, дұрысы құлай сенбе.




ҚЫРҒЫЗ БЕН ҚАЗАҚ
Ш.: Инстаграмда: «Қырғыз елінің болашағы не болады екен? Біз қашан даму жолына түсеміз?» деген сұрақ болған екен Нұрсәулеге...
Ұ.: Ата оларды ұмытпайды де. Қырғыздар – біздің бауырымыз. Көршілеріміздің ішінде қазақтарға нағыз жақыны – қырғыздар.
Ш.: Қырғыз көршілерден тағы сұрақ бар екен: «Ақ Сарбаз аға «Ақ Сарбаз» кітабының 7-циклында қырғыз халқы туралы айтыпты. «Қырғыз халқы қазақ халқына берген жәрдемі үшін Эволюцияның Алтыншы Сатысына емтихансыз өтуге рұқсат алды» дегенді қалай түсінуге болады?
Мен қырғыз болғандықтан маған өз елім туралы ақпарат қызық» депті.
Ұ.: Басқа халықтардың бәрі де емтиханнан өтеді. Ал, қырғыздар бізді жақтағаннан кейін Алтыншы Сатыға емтихансыз көтерілді. 1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде қырғыздың 200-ге тарта жігіті атқа мініп Алматыға бізге көмекке аттанған. Оларды ұстап, жібермей қойды. Бірақ қырғыз елінің ұмтылысы оның рухани деңгейін көрсетті. Олар енді қиналмай Алтыншы Сатыға өте береді.
Ш.: Апатқа ұшырамай ма?
Ұ.: Иә, иә. Басқа елдер сияқты қиын табиғат апатына ұшырамайды. Қырғызстандағы Алтыншы Сатының балаларын мен көрдім. Бір рет Қырғыстаннан репортаж болды. Сонда қырғыз мектептерін көрсетті. Қарапайым ауыл мектебі ішінде Алтыншы Сатының балалары жүрді.
Алайда сол мектептің жағдайы өте нашар болды. Әбден тозған. Жаңбыр өтіп қабырғалары шірігеннен саңырауқұлақ шығатын болыпты. Бұл оқушылар мен мұғалімдердің дем алуына зиян ғой!
Сол жерде ақылды қырғыз журналистері қарсы тұрған су жаңа мешіт ғимаратын көрсетті. Мінекей жарқыраған мешіт тұр! Мешіттің орнына сол қаражатқа жаңа мектеп салуға болатын еді.
Бұл не деген сұмдық?! Мынау балалар оқитын мектеп дәлізінде ыдыстар тұр. Өйткені жаңбыр жауса төбеден су ағады. Сонда: «Біз кімбіз? Мұсылманбыз ба, әлде адамбыз ба?» деген сұрақ болды.
Енді қырғыз бауырларымыз ойлансын. Біздің елімізде де мешіттер толып жатыр. Анау қантөгіс болған Талғарда қазақ мешіті, ұйғыр мешіті, түрік мешіті, шешен мешіті – 4 мешіт жұмыс жасап тұр.
Желтоқсан оқиғасынан кейін Горбачев 100 күн теледидардан көрінбей қойды ғой. Содан кейін Талғардың техникум мұғалімін жақтаған әңгімемен шықты.
– Талғардағы ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру техникумының оқытушысы диабетпен ауыратын анасы үшін техникум асханасынан бір-екі кило қарақұмық сатып алып еді. Осы үшін оны «антисоветчик» деп айыптап, жұмыстан қуып жіберді. Жолдастар, бұл не деген бассыздық! Ол не, сол қарақұмықты ұрлап алып па? Мұндай асыра сілтеуді доғарайық, жолдастар! – деді Горбачев.
Бұл өте жақсы техникум болатын. Халыққа керек мамандық иелерін механизатор, электрик, сварщик, матористер дайындайтын.
Қазір сол техникумның орнында мешіт тұр. Мешіттердің соңынан ОПГ шықты. Ақырында ата-анасының көзінше 15 жастағы баланы өлтірді. Сонда олар тамыр жайып әбден бетімен кеткен болып тұр. Мінекей даму мен құлдыраудың айқын мысалы.
Қырғыз бауырларымыз осыдан сабақ алсын. Ислам дінін шектеген өзбектер қалай дамып бара жатыр. Дінге шырмалған біз қайдамыз!
Қазір кейбір өзбек дүкендерінің алдында азық-түлік пен құрылыс материалдары сатушысыз сатылатынын теледидардан көрсетуде.
Біздің елімізде соны істеп көрші, бәрін тонап кетсін. Міне екі мемлекеттің арасындағы айырмашылық. Ол жерде мешіт жоқ, ислам жоқ, ұры жоқ.
Ал, біздің еліміз бен қырғыз елінде исламның зардабын тартып халық тозып барады. Біз осыдан сабақ алуымыз керек.




САНДУҒАШ, АҚЖАРҚЫН ЖӘНЕ АНТИХРИСТ
Ш.: Айтолқын Қадырбекова есімді оқырман: «Сіздің кітаптарыңызды оқығанда Жаратушының біраз қиын сынақтарынан сүрінбей өтіп, талай зұлымдықты мейірімділікпен жеңген едіңіз. Сандуғаш анамыз да сондай сынақтардан өтуі керек пе?» деп сұрапты.
Ұ.: Иә. Сандуғаш та күн сайын қиын сынақтардан өтеді. Ол да шәкірт.
Ш.: «Ізденуші» циклында жүргенде сынақтан өтеді иә?
Ұ.: Иә. Оның жолы қиын. Оны текке мазалауға болмайды. Не болса соны айтып одан көмек сұрау – бекершілік. Оның жұмысы басқаша.
Ш.: «Сандуғаштан көмек сұрап едім, ауа-райы бұзылып жаман боп кетті» деп жазыпты Маңғыстаулық оқырман Гүлшатай Исанбаева. Жалпы кез-келген іске Сандуғаштан көмек сұрау дұрыс па?
Ұ.: Бұл дұрыс емес. Сұрағанда үлкен рухани көмек сұрау керек. Ал, біреуден есе қайтаруды, үйінің, әулетінің жұмысын түзетуді сұрап мазасын алуға болмайды. Онсыз-ақ Сандуғаштың жұмыстары жетіп жатыр. Оған қазір барлық планетаны өзгерту керек. Оның картасын қарасаң, алдында бір ғаламшар тұр. Оның мақсаты барлығын түзетіп, Алтыншы Сатының қонысын құру.
Ш.: Ғасырлар бойы зұлымдық иелері жайлаған үйді тазартып, жаңа қоныс жасау оның міндеті ғой.
Ұ.: Иә. Бірақ оларды тазартам деп әуре болудың керегі жоқ. Оларды судың астына жібереді. Бітті сонымен! Адамзаттың химиялық зауыттары, атом қару-жарақ жасайтын жерлері Алтыншы Сатыда тұруы мүмкін емес. Бұлар – Бесінші Өркениеттің қалдықтары. Оның жоспарымен континенттердің бәрі де судың астына кетеді.
Тынық мұхитынан жаңа континент шығады. Мұны дамыған адамдар қазірден айтып жатыр. «Мұхиттан жаңа континент көтерілгенде үлкен цунами болады. Цунами Европа мен Азияның төмен жерлерін шайып кетеді. Соған дайын болу керек» дейді.
Бұл ешқандай да апат, қиянат емес. Бұл – өркениеттің жолы.
Ғарышқа апат пен қиянатты қисық дамыған Жер өркениеті әкелуі мүмкін еді. Міне Ғарыш Жерді осыдан тазалайды. Ал, зұлымдық иелері жайлаған үйді жуып-шайып, оған паналау дұрыс емес. Жаңа өркениетке қиын болады.
Бәрін бастағанда жаңадан бастау керек. Жаңа жерден, жаңа елден.
Сол Сандуғаштың мақсаты. Бірдемені жөндеу, түзетумен айналысу оның жоспарында жоқ. Оның жоспары – жаңа цивилизацияны сақтау.
Оған бағыну керек. Оның шешімін ешкім де бұза алмайды. Жер дүниеде оған қарсы тұратын күш жоқ.
Ш.: Осы қазіргі Бесінші Саты адамдарының ішінде Люцифер де жүр ғой.
Ұ.: Ол жүр. Бірақ ол Ғарыш Мектебіне оралды. Бұл оның Жер ғаламшарындағы ақырғы ғұмыры. Енді ол да мен сияқты Жер дүниеге ешқашан оралмайды.
Ақжарқын Ғарыш Мектебінде білімін жалғастырып Алтыншы Дәрежелі, Жетінші Класты Ғарыш Құрылысшысы деңгейіне көтеріледі. Бұл – Жұлдыз Жүйесінің Жаратушысы дәрежесі. Ол менің галактикамда жұмыс істейді. Мен осылай шештім. Біріншіден менің қарамағымда болады, екіншіден маған серік, көмекші болады. Бітті сонымен.
Ол бұл шешімге әбден риза болды. Өйткені Планета Құрылысшысы деңгейінен жылжымай отырғанына тым көп уақыт өтті ғой. Енді жаңа деңгейге көтерілуге ол бар күшін салады. Ол бұл дүниеге енді ешқашан да оралмайды. Ешқашан да Қаратүнектің жақтасы болмайды.
Қазір оның революционер шәкірті Антихрист Жер дүниеге ең қауіпті жау болып бәрін бүлдіруде. Антихрист қазір Ресейде отыр. Антихрист христиандықтар үшін үлкен қорқыныш.
Ш.: Даниил Андреевтің «Роза Мира» кітабында Антихристің бір мезгілде бірнеше жерде көріне алатын қасиеті болады. Ақыр соңында ол өзін «Құдаймын» деп жариялайды деген ақпарат бар ғой. Ол мүмкін бе?
Ұ.: Иә. Ол мүмкін...

1.3k 1 17 3 182



САНДУҒАШ
Ш.: Сандуғаш Ләззәттің алдындағы ғұмырында қазақ болған ба?
Ұ.: Иә. Ол Екінші Дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан.
Ш.: Еркек пе?
Ұ.: Жоқ, қыз бала.
Ш.: Негізі қазақтан соғысқа қатысқан қыздар көп болған. Бірақ көбі зерттелмей қалған ғой.
Ұ.: Есімі белгісіз. Қазір көптеген майдангер қыздарымыздың есімдері ашылып жатыр. Снайпер қыздарымыз, ұшқыш қыздарымыз белгілі боп жатыр. Тіпті қазақтың қыздарынан құралған танк экипажы болыпты. Олар фашистерді қырғанда асқан ерлік көрсеткен. «Қазақтың қыздары неткен батыр қыздар! Оттан да, оқтан да қорықпайды!» деген сөз тараған.
Сандуғаштың ғұмырларының көбі батыр тұлғалар. Томирис, Жанна д Арк. Жанна д Аркты айтса француз елі селк етеді. Оларға рух беретін есім.
Сандуғаш талай ғұмырында ел мен жерді сақтау үшін өз-өзін құрбандыққа шалу арқылы рухани дамып, жетілді.
Енді оның да Зұлым Күштерден жақсылап тұрып кек алатын кезегі келді. Оның кек алуы – қазақтың болашағына жол ашу. Ол қазаққа, қазақтың еліне қастандық жасағандардың бәрін аямай қырып тастайды.
Енді орысекеңдер көттерін қысып отырсын. Қазақтың еліне нағыз сұмдықты – революцияны, ашаршылықты, желтоқсанды жасаған солар. Желтоқсан құпиясы әлі түгел ашылған жоқ. Ашылмай-ақ қойсын. Өйткені ол қызған қоламта секілді. Көсесең қайтадан лап ете түсуі мүмкін.
Сандуғаш өз жұмысын істеп жатыр. Қазір ол «Ізденуші» деңгейінде жүр. «Құдайдың алдына келуші» деңгейіне жеткен кезде өз күшіне кіреді. Ал, «Жауынгер» деңгейіне жеткен кезде бәрінің жазасын береді. Бұл Әлем үшін аз уақыт қана.
Ш.: Сіздің алдыңғы сұхбатыңызда: «Планетаны түгел дене десек, оның басы – қазақтың кішкентай қызы – Сандуғаш.
Соған сиыныңдар! Көмек сұраңдар! Жалыныңдар! Ән салыңдар!» деген едіңіз. Христиандарда «Ave Maria» деген ән бар ғой. Сол секілді болашақта Сандуғашқа арнап сиынатын әндер де шыға ма?
Ұ.: Иә. Ол енді елдің сақтаушысы, ұйытқысы, басқарушысы болады. Сондықтан оған арнап әндер, тіпті спектакльдер шығады. Артынан фильм түсіреді. Адамзат оған өзінің барлық құрметін көрсетеді.
Сандуғаш өзіне сенетін халықты ешқашан далаға тастамайды. Бәрін қолынан жетектеп өзімен бірге параллель дүниеге ертіп кетеді. Сол жерде де жұмыс істейді. Гиперкеңістікке жеткенде ғана оның жұмысы аяқталады.
Бұл – бітпейтін жұмыс. Рухани жұмыс, ол – ешқашан да бітпейтін жұмыс.
Ш.: Халық: «Ақ Сарбаз ата, Сандуғаш ана» деп Сіздің есіміңізге Сандуғашты қосып айтып сиынып жатады. Осы дұрыс қой, иә?
Ұ.: Ол ешкімге белгісіз қыз бала. Енді қазақ елінің сиынушы тұлғасына айналды. Ол бұрынғы ғұмырында қазақтың батыры, билеушісі, патшасы да болды.
Ел мен жердің ендігі тағдыры сол кішкентай қыздың қолында. Ол қалай бұрылса әлем солай бағыт алады. Ол – Жердің миы. Әлемнің ментал, астрал дүниесі енді Сандуғаштың ойы мен сезіміне қарай құбылады.
Оны бас компьютер деп санауға болады.
Ш.: Жақсы Аға, бірталай уақытыңызды алдық.
Ұ.: Ештеңе емес. Халықпен күн сайын сұхбаттасқан маған жақсы. Елдің реакциясын көремін. Көңілім ашылады. Кішкене ауырып қалсам, чаттағы елдің тілектерін оқып жазылып кетемін. Қарияның өмірі сондай ғой.
Мынау рухани жұмыс болмаса мен әлдеқашан өліп қалатын едім. Халыққа рахмет! Сәлемімді жеткіз. «Атаның дені сау, жұмысын істеп жатыр» де.
Алдымда өте қиын жұмыстар тұр. Бәрін де көтеремін. Солай.

1.5k 2 18 2 311



БҰРЫНҒЫ ҒҰМЫРЛАР ЖАДЫ
Ш.: Аға, рейнкарнация демекші, қазақ кісі өлгенде, әсіресе жас адам өлгенде жоқтап жылайды ғой. Сол өлген жан қайта туғанда бұрынғы өмірі есінде жоқ жаңа адам болып туады ма?
Ұ.: Иә.
Ш.: Ол бұрынғы ғұмырларын есіне түсіру үшін Ақ Сарбаздың жолынан өтуі керек пе?
Ұ.: Иә.
Ш.: Сонда мына дүниедегі әрбір ғұмыр бітіп, адам астрал дүниесіне қайтқанда оның бұрынғы ғұмырларының жады ашыла ма?
Ұ.: Ашылады. Бұрынғы өмірлері ашылады.
Ш.: Бұрын кімдер болғаны есіне түсе ме?
Ұ.: Иә. Есіне түседі бәрі. Барлық істегендері есіне және алдына келеді. Жақсы істері де жаман істері де келеді. Жаман ісінен содан кейін ол жаман қиналады сол жерде. Қылмыстары мен қиянатының азабын өзі тартады.
Ш.: Сонда мына топырақ дүниеде жүргенде ғана бәрін уақытша ұмытып қалады екен ғой.
Ұ.: Иә. Физикалық дүниеде оны білмеу керек. БҰЛ ДҮНИЕДЕ ӨМІРДІ ТАЗА ПАРАҚТАН БАСТАП, ЖАҚСЫЛАП ҚАЙТАДАН ЖАЗУҒА, ҚИСЫҚ ЖОЛДЫ ТҮЗЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ. Бірақ кейбір дамыған адамдар бұрынғы ғұмырын сезеді. Көмек сұрап келген адамдардан өзіне зиян келетінін біле тұра көмектеседі. Бұл – кармасын өтегені. Өйткені жәрдем сұраушылар кезінде соның қолынан зардап шеккен адамдар болуы мүмкін. Менің мына дүниедегі барлық ғұмырым осылай өтті ғой. Рухани дамыған, биік деңгейге көтерілген адамдар сондай болады.
Ш.: Бір өмірге байланып қалмай, үлкен рухани дәрежеге жеткен адамдарға ғана өткен ғұмырлар құпиясы ашылуы мүмкін екен ғой.
Ұ.: Иә.




РЕЙНКАРНАЦИЯ ЗАҢЫ
Ұ.: Ауыл тұрғындары жылы киім, қыстық отын жинап қою керек. Үйіңде ошағың мен пешің болғаны дұрыс. Қыста свет, газ болмай қалуы да мүмкін. Солтүстік өңірлерде боран болуы ғажап емес. Мен бар күшімді қысты жылы қылуға саламын.
Қыс жылы болсын. Ешқандай апаттар болмасын. Дауыл бізге келмесін.
Басқа елдерге бұндай апаттар соғады. Өйткені олардың кармалары өте қиын, ауыр. Европаның адамдарына өте ауыр болады. Американың адамдарына өте қиын тиеді. Олар үндістерді қырғаны үшін жазаға тартылуы керек. Қаншама үндісті қырып тастады. Қазір Америкада үндістердің кішкене-кішкене ауылдары бар. Олардың шамандары бәрі де ақ нәсілділерді қарғысқа салды. Ол үлкен қарғыс боп енді оларға оралады. Өйткені құшағын жайып қонақ қып қарсылаған адамдарды олар қырып тастады ғой. Біздің орысекең сияқты отырған жерінен қуып жіберді.
Кезінде біздің қазақтар аш-жалаңаш келген келімсектерді үйіне паналатып аман алып қалып еді. Соңынан сол келімсектердің ұрпақтары біздің төрімізді иеленіп алып, қазаққа небір зұлымдықты жасаған жоқ па?
Қалаларда бандалық топ құрып, қазақтарды тонайтын. Олардың бәрі де жазасын тартады.
Қазақтың еліне қиянат жасаған жандар бұл әлемнен кетуі керек! Бітті сонымен!
Ш.: Сонда рейнкарнация заңымен, кезінде үндістерді қырған адамдардың рухтары қазір қайта туып Американдық боп жүр ме?
Ұ.: Иә. Біреуді бекер өлтіріп, жазасыз кету мүмкін емес. Әсіресе сені қонақ қылып төрін ұсынған адамға қиянат жасасаң, оның үйін тартып алып, өзін қаңғытып жіберсең – сен үлкен жазаға тартыласың.
Қазақтың әдетінде ол жоқ. 1944 жылы Сібірге айдалған қалмақтар қашып қазақтың ауылына келгенде қазақтар оларды үйіне паналатып чекистерден жасырып қалатын. Ата жауы болса да бір де бір қалмақты чекистерге ұстап берген жоқ.
Мен қазақтың әділеттілігі мен парасаттылығына әбден ризамын. Жас кезімде өз халқымның осы қасиетіне жыным келетін. Ересек болғаннан кейін түсіндім. Қазақ карманың жолынан осылай түзу өтіп шықты!
Өтіп шыққаннан кейін олар енді Алтыншы Сатының адамдары боп тағайындалды. Қазақтың арын арлап, жоғын жоқтаймын деп қазаға ұшыраған лайықты адамдар Қайта Туу Заңымен ортамызға қайтып келеді. Репрессиядан өлген, аштан өлген, қудаланып түрмеде өлген, қастандықпен өлтірілген қазақтар қазір әп-әдемі сәби боп қайтадан өмірге келіп жатыр. Олар біздің қазіргі балаларымыз. Қазақ елін қазір әлемге паш етуге жұмыстанып жүрген отбасыларда осындай балалар туады. Тәңірдің Өзі осылай шешеді.

1.7k 1 20 9 290



АҒАРТУШЫ ЖӘНЕ АРАНДАТУШЫ
Ш.: Сіз жариялаған ақпараттарды әрі қарай өрбітіп кітап қылып шығарып жатқан, бірақ Сіз туралы ештеңе айтпайтын белгілі адамдар бар.
Ұ.: Айтпай-ақ қойсын. Олардың мені айтқанының маған керегі жоқ. Ең бастысы менің айтқанымды тыңдап, менің идеямды жалғастырғаны – менің жолыма түскенінің белгісі. Ол мен үшін үлкен қуаныш.
Ең бастысы – халықтың сезімін ағарту керек. Қолдан жасалған жалған тұлғаларға табынуды тоқтатып, халық ақ пен қараны ажырата алатындай сезімі көтерілуі керек. Ештеңе емес. Ел Сталинге, Ленинге табынған заманнан өтті. Назарбаевқа табынған заманнан да өтті. Шын тарихты білуге ұмтылыс басталып жатыр.
Ш.: Қазақты көтерілуге арандатып, ұрандатып жүрген айғайшыл оратор адамдар да жетерлік. Қытайдан шыққан Серікжан Біләш секілді...
Ұ.: Олардың бар мақсаты – үлкен шу шығару. «Көтерілеміз! Орнынан түсіреміз! Құртамыз! Халық көтерілмесе құриды! Біздің интеллегенция – бетсіз адамдар!» деген байбаламның көздегені – дау-жанжал.
Провакатор екені түрлерінен көрініп тұрады. Олардың артынан ерушілер болады. Бірақ бәрінің жолы – тығырық.
Халық жұмыс істеп, кітап оқып санасын дамытып, шама келсе бейбіт жолмен дамуы керек. Ал, халықты шулатып көтеріліске бастау, ол – қисық жол. Халыққа осылай деп айт.
Ш.: Кейбіреулер Қырғызстанды үлгі қылады ғой: «Қырғыздар билік ұнамаса атқа мініп шығады да төңкеріп тастайды. Біз – қорқақпыз. Ештеңе жасай алмай бұғып отырмыз» деп
Ұ.: Жоқ, біз қорқақ емеспіз! Біз – болашақтың адамзатымыз. Болашаққа апаратын нағыз бірінші қасиет, ол – шыдамдылық. Әсіресе Жерден Жерұйыққа апарғанда түрлі рудың, түрлі мамандықтың адамдары болады. Талай дәулет пен білім игерген жандар да болады ішінде. Сонда дәулетті мен білімді емес, шыдамды адамдар дамиды ол жерде.
Ш.: Бізде жүрген айқайшылардың бірталайы М.Әбіләзовтың сойылын соғып жүр.
Ұ.: Ол да революционер ғой. Оған елге келіп қазаққа жақсылық жасау емес, таққа отыру маңызды. Мақсаты – билікке келіп бәрінен кек алу. Әр елде, әр мемлекетте ол секілді шетелде жүрген оппозиционерлер әрқашан пайда болады. Оларға да шыдау керек. Жарайды. Үріп-үріп аяғында қояды.
Халық қазір революцияның жолымен емес, Эволюцияның жолымен жүруі керек. Өйткені адамзат үлкен апаттардың алдында тұр. Соған дайын болуы керек. Өз үйін жинастырып, етек-жеңін түзетіп отыру керек.




БАУЫРЛАС ЕЛ – ЖАПОНИЯ
Ш.: Сіздің кітапта айтылатын «Жапон елі қазақ мемлекетінен пана тауып, теңіз жағасынан жер алады. Сөйтіп еліміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосады» деген уақыт жақындап келе жатыр ма?
Ұ.: Келе жатыр! Үлкен апаттың алдында халықты қозғау үшін сілкіністер, су тасқындары болады. Олар біледі. Анау «Жұлдыз» әңгімесінде жапондар туралы жақсы-жақсы сөздер жазылған ғой. Олар апат болатынын сезеді. Бірақ менталитеті сондай, табиғат теуіп тұрып қумаса отыра береді. Құдды қазақ сияқты.
«Отырған жеріңнен су шықты ма?» деген сөз бар ғой қазақта. Оларды үлкен апаттан құтқару үшін әуелі жай сілкілеп-сілкілеп ояту керек.
Эволюция толқыны Жерге жетті. Ол енді ешкімді де бей-жай қалдырмайды!




ҮРЛЕНГЕН МАКАРОН
Ұ.: Кеңес заманында институтта оқып жүрген студенттерді жазғы каникулда ауылшаруашылық жұмысына тартатын дәстүр болды. Мен де студент кезімде тың игеру науқанына араласқаным бар. Біз барған жер Павлодар облысындағы егін совхозы болатын. Қызыл ту станциясында пойыздан түскен соң 200-300 шқ солтүстіктегі Чапаев совхозына алып келді. Бригадаларға бөліп жатыр. Біз бес жігіт – мен, Коля Чумак, Сергей Косаткин, Адольф Пульман, Қайыр Мунькин біріктік. Бізге Дина Битанова деген қыз аспаз болып қосылды. Барлық бригадаға тамақ пісіре алатын бір-бір қыздан бекітіліпті. Сөйтіп бізді совхозға алып келді. Совхоз директоры бізді қабылдап әр бригадаға бір-бір үйден берді. Матрац, одеял, тыс маталар берілді. Біз матрац пен жастығымыздың ішіне шөп салып, төсегімізді өзіміз дайындап алдық.
Ш.: Неге?
Ұ.: Біздің кезімізде осылай болатын. Ішінде мақтасы жоқ, сыртқы тысын ғана беретін. Совхозда шөп көп. Біз осы жұмысқа үшінші рет келіп тұрғандықтан бұған үйренгенбіз.
Сөйтіп біздің алғашқы тамағымызды алып келді. Сиырдың бір аяғын, бір қап картоп, жарты қап пияз, оншақты капуста, сәбіз, бір қап күріш.
Ш.: Тоңазытқыш бар ма?
Ұ.: Жоқ. Етті қуырғанынан қалғанын тұздап алуың керек. Совхоз жұмысшыларға не керегін әбден зерттеп алған ғой.
Завхоз кеткен соң Дина мені сыртқа шақырды. Оңаша жерге шыққан соң сұрады:
– Едихан, сен үлкен әулеттің адамысың ғой. Аңшысың. Сен тамақ дайындау білесің бе?
– Білемін! – дедім, – Тағамның түр-түрін дайындау білмесем де ас, сорпа, қуырдақ, палау дайындауды әрине білемін.
– Сен мені үйретші – дейді.
Шошып кеттім:
– Дина, сен білмеуші ме едің?
– Жоқ!
Сөйтсем ол анау ұлы металлург, Социалистік Еңбек Ері, Жоғарғы Кеңес депутаты Битановтың кенже қызы екен.
Бригадаларға бөліп жатқан кезде қыздардың тамақ пісіре білмейтіндері қара жұмысқа жіберілген-тін. Олар тоқта дәнді күрекпен күреп бункерге түсуін қадағалайтын.
– Тамақ пісіру білмесең қара жұмысқа неге бармадың?
– Қара жұмыс істеу де қолымнан келмейді!
– Жарайды, жүр көрсетейін – дедім.
– Пияз арши бер – деп өзім пышақ алып ет турап жатырмын. Қазан, кастрюл, шәйнек бәрі де бар. Тамақты ағашпен жағатын ошақта пісіреміз. Мен отты ағашпен тұтатып, үй маңында жинаулы тұрған сиырдың кепкен тезегін алып келдім. Келсем пиязды қойып, көзінен жас парлап отыр. Сөйтсем нағыз ақсаусақтың өзі, тіпті пияз аршып та көрмеген екен. Пышақты суға малып пиязды өзім турап бердім. Картоп тазалағаны тіпті сөкет. Ағаш жонғандай қылып жатыр.
Қазанға май құйып етті пиязбен қуырдым. Үстіне су құйдым. Енді су қайнаған соң оған картоп пен макарон салу керек. Ол макаронды алып салғалы жатыр. «Бұл ақсаусақты бір қатырайын» деген ой келді.
– Тоқтай тұр! – дедім, – макарондарды үрлеу керек!
– Не үшін?
– Ішіндегі ұнын шығару үшін!
Қарап отырмын. Ол ұзын макаронды бір-бірлеп аузына салып үрлей бастады. Сыбызғыда ойнағандай. Жігіттер аң-таң боп қарап отыр.
Дина енді макаронды үш-төртеуін алып бір үрлеуге көшті. Ақырында уыстап үрлейтін болды. Мен күтіп отырмын. Уақыт бар. «Жарайсың!» деп оны мақтап қоямын. Ақырында су да қайнады. Үрленген макарондарды қазанға салып, тұзын көріп, бір мезгілде тамағымыз дайын болды. Тамақтанып жатырмыз. Дина сұрайды:
– Қалай, жігіттер тамақ дәмді ме?
– Әрине дәмді! Қыз үрлеген макарон өте дәмді болады екен! – деп жігіттер қыран-топан. Ол алданғанын сонда ғана түсініп «Ақымақ! Ақымақ!» деп мені ұрғыштап жатыр...
Мен таңертең пісіретін күрішті жатар алдында суға салып қойдым. Таңғы тамағымызды ішкен соң біз жұмысқа кетеміз. Түскі асты асханадан береді. Кеште үйге келіп Динаның дайындаған тамағын ішетін болдық. Ол заманда үйде телевизор, радио, интернет жоқ қой. Іштері пысқан ауыл әйелдері өздері келіп Динамен сөйлесіп, тамақ дайындауға әбден үйретіп шығарыпты.
Совхоздың тамағы да өте жақсы болды. Таңертең алты адамға алты литр сүт пен үш литр қымыз беретін.
Ш.: Бұл нешінші курста болып еді?
Ұ.: Екінші курста. Ол уақытта мен туралы көп-көп аңыздар болды. «Макарон үрлетуші» деген атағым болды. Ол қыз үйіне барғаннан кейін бұны әке-шешесіне айтып, олар құлағанша күліпті.

2k 1 2 10 283


Показано 20 последних публикаций.