Dauletten


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Бай қуатты, ДƏУЛЕТті болайық.
Жарнама және ұсыныстар жөнінде: @YerekentiKZ
Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін: https://t.me/joinchat/QEc88rJUYgl0qEIV

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


📱Телефоныңызда микрофон қосулы ма? Онда банк қосымшасы жұмыс істемейді!

Қаржы ұйымдары енді ерекше сақтық шарасын енгізбек: егер смартфон микрофоны қосулы болса, банк қосымшалары автоматты түрде бұғатталады. Яғни:

▪️ Ақша аудару;
▪️ Төлем жасау;
▪️ Басқа да қаржылық операциялар – бәрі уақытша тоқтайды.


Себебі телефонмен сөйлесіп жатқанда алаяқтардың басқаруына жол бермеу көзделіп отыр. Микрофонды өшірсеңіз – қызметтер қайта қосылады.

Бәрі қауіпсіздік үшін. Алаяқтарға жол жоқ!

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

13.6k 1 11 28 319

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілісте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын таныстырды.

Қандай өзгерістер енгізілгенін білу үшін⤵️

https://dauletten.kz/articles/qazaqstanda-mams-zhuyiesine-ozgerister-engiziledi

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


🚑Жедел жәрдем қызметкерлері енді видеожетонмен жұмыс істейді

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем бригадаларының қауіпсіздігін арттыру үшін жаңа бастама енгізді: енді қызметкерлер шақыртуларға видеожетон тағып барады.

🗣«Біз №225-бұйрықты қабылдап, барлық шақыртуларды бейнетіркеуге алу жүйесін енгіземіз. Әкімдіктер бұл жобаны қолдап, қажетті қаржыны бөлулері керек. Жыл соңына дейін еліміз бойынша кезең-кезеңімен іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз.

Алматы қаласында алғашқы тәжірибе жақсы нәтиже берді: медицина қызметкерлері өзін қауіпсіз сезінеді, ал дөрекілік танытатындар да тәртіп сақтауға мәжбүр»,
— деді министр Ақмарал Әлназарова.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

30.2k 1 12 32 271

🚆Әйелдер вагоны тағы бір бағытта қолжетімді болады

1 маусымнан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытында арнайы әйелдер вагоны іске қосылады. Осылайша, әйелдер вагондары қызмет көрсететін бағыттардың саны 12-ге жетті.

Қазіргі уақытта әйелдерге арналған вагондар мына бағыттарда қатынайды:

🔸Алматы – Маңғыстау (№77/78 және №351/352)
🔸Павлодар – Түркістан (№45/46)
🔸Маңғыстау – Семей (№37/38)
🔸Атырау – Астана (№47/48)
🔸Ақтөбе – Алматы (№33/34 және №24/23)
🔸Астана – Алматы (№4/3)
🔸Астана – Шымкент (№71/72)
🔸Астана – Семей (№354/353)
🔸Алматы – Шымкент (№25/26)
🔸Орал – Маңғыстау (№614/613)

Маңызды:
Әйелдер вагонында тек арнайы оқытылған әйел жолсеріктер қызмет көрсетеді. Сонымен бірге 7 жасқа дейінгі ұл балалар да аналарымен бірге жол жүруге рұқсат етіледі.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

38.8k 1 19 33 353

Репост из: 🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ
Отбасы банк 1,5 млн теңгенің сертификаттарын ұсынып жатыр

Банк бұл жобаны екі құрылыс компаниясымен бірге іске асырғысы келеді екен. Тиісті меморандумға қол қойылған. Енді 1 000 сертификат бөлінбек.

Оған иелік ету үшін Отбасы банк клиенті сол екі құрылыс компаниясы тұрғызып қойған кешендерден кемі 50 шаршы метр үй таңдап алуы керек.

Бұл ұсыныс, әсіресе, «Наурыз» бағдарламасына және «Наурыз жұмыскер» бағытына қатысушылар үшін өзекті деседі. Үй аларда бастапқы жарнаны толтыруға қаражаты жетпейтін және дәл қазір қосымша мүмкіндік іздеп жүрген клиенттерге таптырмас мүмкіндік деп ұқтық.

Қазір клиенттердің таңдауына Астанада — 2, Алматыда — 20-дан астам объект бар екен.

1,5 млн теңгенің сертификатын алу үшін:

1. Отбасы банкінен алатын несиеңді алдын ала мақұлдатып алу керек;

2. Жобаға қатысушы құрылыс компанияларынан ауданы кемінде 50 шаршы метр үй таңдау керек;

3. Сол екі компанияның бірімен тұрғын үй сертификатын беру туралы келісімге қол қою керек;

4. Құрылыс салушымен алдын ала сатып алу/сату шартына қол қою керек;

5. Компания сертификат сомасын клиенттің Отбасы банкіндегі жинақ шотына аударады;

6. Клиент заем алуға мақұлдау алады, пәтерді сатып алу/сату шартын жасап, кредитті рәсімдейді.

Сертификаттың қолданылу мерзімі — оны алған сәттен — 6 ай.

https://t.me/qarzhylyq_sauat

46.6k 0 149 61 223

🏠 Тұрғын үй кезегіне тұрудың жаңа тәртібі

📝Кімдер өтініш бере алады?

Жаңа ереже бойынша, соңғы 5 жыл ішінде жеке баспанасы болмаған кез келген Қазақстан азаматы тұрғын үй кезегіне тұра алады. Бұл талап әлеуметтік осал топтарға жатпайтын азаматтарға да қатысты.

📄Қажетті құжаттар мен талаптар:
1. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ): Өтініш беру үшін ЭЦҚ қажет.
2. Тұрақты тіркеу: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тұрғын үй алу үшін соңғы 3 жылда тұрақты тіркеуде болу қажет.
3. Тұрғын үйге мұқтаждықты растау: Өтініш беруші тұрғын үйге мұқтаж топтардың біріне жататынын көрсетуі тиіс.
4. Жеке деректерді өңдеуге келісім: Өтініш беруші жеке деректерін өңдеуге келісім беруі қажет.

📌Өтініш беру тәртібі
1. «Отбасы банк» интернет-ресурсына ЭЦҚ арқылы кіру.
2. Жеке кабинет ашып, өтініш беру.
3. Қажетті құжаттарды тіркеу.
4. Өтінішке қол қойып, жіберу.
5. Нәтижені жеке кабинеттен немесе SMS арқылы күту.

Өтінішті қарау мерзімі
• Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
• Егер өтініш беруші апатты жағдайда деп танылған үйде тұрса, өтініш 3 жұмыс күні ішінде қаралады.


🏘️Тұрғын үйді бөлу тәртібі

Жаңа жүйе бойынша тұрғын үй келесі тәртіппен бөлінеді:

➡️70%: Әлеуметтік осал топтарға (ҰОС ардагерлері, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, I және II топтағы мүгедектер, жесірлер).
➡️30%: Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери қызметшілер, қандастар, ауыр дертке шалдыққан азаматтар.


❗️Маңызды ескертулер
• Тұрғын үй кезегіндегі деректеріңізді kezekte.kz сайтында тексеріңіз.
• Егер тізімнен өзіңізді таппасаңыз, тұрғылықты жердегі әкімдікке хабарласыңыз.
• Тұрғын үй кезегі тоқсанына бір рет жаңартылып отырады, сондықтан деректеріңізді жиі тексеріп тұру маңызды.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

50k 1 264 88 144

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👷‍♀️Еңбек адамы: Ұлбосын Диқанбай. Инженер-технолог.

Сұйық сабын өндірісінде өнім сапасының тұрақтылығын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ететін басты маман. Ол шикізат құрамын дәл есептеп, заманауи технологияларды қолданып, өндірістік процесті үнемі жетілдіріп отырады.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


📌«Келінімізді араластырмаңыздар» — күдіктінің әкесі алғаш рет мәлімдеме жасады

Руслан Берденовке қастандық жасады деген күдікпен ұсталған Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев алғаш рет көпшілік алдында пікір білдірді. Ол өз ұлының мұндай іске барғанына сене алмай отырғанын айтты.

🗣️«Ата-ана ретінде бұл жағдай біз үшін үлкен соққы болды. Ұлымыз Ернар осындай іске барды дегенге әлі күнге дейін сене алмай отырмыз. Болған жағдайға қатты өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, шын жүректен, бүкіл отбасымызбен Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді ол.

Сонымен қатар Пралиев тергеу әділ өтеді деген үмітін білдіріп, келінінің бұл іске қатысы жоқ екенін баса айтты:

🗣️«Ең бастысы келінімізді бұл жағдайға араластырмауларыңызды өтінеміз. Оның бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Ол Руслан Берденовты ешқашан көрмеген, танысы да емес», — деді Жиембай Пралиев.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


✍️Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды: тегін скрининг, шектеулі жарнама және құмар ойындарға тыйым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды әлеуметтік және заңнамалық өзгерістерді бекітті:

1. Денсаулық сақтау саласы:
▪️ Қатерлі ісікке қарсы скринингтер енді тегін болады — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырусыз-ақ.
▪️ Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға есту аппараттары тегін беріледі.

2. Құмар ойындарға шектеу:
▪️ Букмекерлер жарнамасын телефон арқылы тарата алмайды.
▪️ Онлайн платформалар арқылы бәс тігуді насихаттауға тыйым салынды.
▪️ Сотталған және бостандығы шектелген азаматтар құмар ойындарға қатыса алмайды.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

46.3k 1 20 51 418

Берденовке жасалған қастандықтың себебі 3,4 млрд теңге болуы мүмкін – дереккөз

Бұл қаражат «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не бөлінген, ал компания директоры – қастандық жасады деген күдікке ілінген Ернар Жиенбай.

Не болды?

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша жаңа мәліметтер пайда болды. Шымкент әкімдігі мен Respublica партиясындағы дереккөздер бұл оқиғаның себебі ретінде көпқабатты үйлерді жөндеуге бөлінген 3,4 миллиард теңгені атауда. Бұл қаражат «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не бағытталған. Компания директоры — қазір қамауға алынған Ернар Жиенбай.

Толығырақ:

Дереккөздердің айтуынша, оқиғаға 10 күн қалғанда әкімдікте Берденовтің қатысуымен жиналыс өткен. Сол жиналыста Жиенбай агрессивті әрекет жасағаны үшін залдан шығарылған. Осыдан кейін оны қызметінен босату мәселесі қаралған. Айта кетейік, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС Шымкент қаласының құрылыс басқармасына қарайды және көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізумен айналысады.

2024-2026 жылдары аралығында бұл салаға жалпы 3,4 миллиард теңге бөлінген. Жобалар «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не ешқандай конкурссыз берілген. Мемлекеттік сатып алу сайтында бұл бойынша тендер туралы ақпарат жоқ.

2024 жылы компания 15 үйде жөндеу жүргізген. 2025 жылы 22 үйдің 10-ында жұмыстар басталған. Бұл жөнінде компанияның Instagram парақшасында мәлімет бар. Алайда, дереккөздердің айтуынша, Ернар Жиенбай бұл қаражатты мақсатсыз жұмсаған немесе иемденген болуы мүмкін. Қазір бұл мәселеге байланысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Айта кету керек, Руслан Берденовті әкім құрылыс саласындағы тәртіп орнату үшін өз орынбасары етіп тағайындаған болатын.

Контекст

21 сәуір күні кешке, Шымкент әкімдігінің жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылды. Ол жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, ота жасалды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Полиция шабуыл жасаған күдіктінің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

53.7k 1 11 37 282

🏫1 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары жаңа стандарт бойынша тамақтанады

Елімізде 1,7 миллион оқушы тегін тамақпен қамтылған. Енді бұл жүйе жаңарады — Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларындағы тағам сапасын арттыру үшін жаңа стандарт енгізетінін хабарлады.

Жаңа стандарт не береді?
Тиімді тамақтану арқылы оқушылар арасында:

➡️семіздік — 10-15%-ға,
➡️2 типті қант диабеті — 10-20%-ға,
➡️қан қысымы жоғарылау — 8-18%-ға,
➡️созылмалы аурулар — 5-15%-ға азаяды деп күтілуде.

📌Министр сондай-ақ мектеп асханаларына алдын ала ескертусіз тұрақты мониторинг жүргізілетінін де айтты.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


😱Стамбулда 6.2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Түркияның Стамбул қаласында бірнеше дүмпуден тұратын жер сілкінісі болды. Ең күштісінің магнитудасы 6.2 балл деп бағаланған.

Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы ресми ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Түркия сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. 2023 жылы елдің оңтүстік-шығысында болған 7.7 баллдық зілзалада 50 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.

Адам шығыны болмасын бастысы
🤲

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


🏠24 мамырдан бастап кез келген азамат үй кезегіне тұра алады

2025 жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі өзгереді. Бұған дейін тек 6 санаттағы азаматтарға ғана рұқсат етілсе, енді 18 жастан асқан кез келген азамат өтініш бере алады.

Жаңа ереже бойынша:
🔹Соңғы 5 жылда атыңызда баспана болмауы керек;
🔹Апатты жағдайда тұрып жатсаңыз – өтініш беруге болады;
🔹Мамандығыңыз, әлеуметтік мәртебеңіз, жұмыс орныңыз маңызды емес;
🔹Тек үйге шын мұқтаж екеніңізді дәлелдеу қажет.


📝Қалай өтініш береді?
Азаматтар kezekte.kz сайты арқылы тіркеліп, аты-жөнін, ЖСН енгізу арқылы өз кезегін тексере алады. Егер сайтта аты-жөніңіз болмаса, тұрғылықты жеріңіздегі әкімдікке жүгінуге болады.

Процесті кім жүргізеді?
Өтініш қабылдау, тексеру және пәтер бөлу – Отбасы банкі арқылы бір орталықтан жүзеге асырылады.

Айта кету керек, бұл кезек басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға кедергі келтірмейді. Яғни азамат бірнеше бағдарламаға қатар қатыса алады.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

57k 1 586 94 384

🚑1 мамырдан бастап жедел жәрдем қалай өзгереді?

Енді жедел жәрдемді ұсақ-түйекке шақыра салу болмайды. Шұғыл емес жағдайлар үшін емхана жанындағы мобильді топтар жолға шығады.

Не өзгереді?

▪️ Тек 4-санаттағы шақыртуларға қатысты — яғни, өмірге тікелей қауіп төнбейтін жағдайлар.
▪️ Мұндай шақыртулар тек 08:00–20:00 аралығында қабылданады.
▪️ Осы уақыт ішінде науқастарға жедел жәрдем емес, мобильді бригадалар барады.
▪️ Жету уақыты – 60 минутқа дейін.
▪️ Қажет болса, кардиолог, невропатолог секілді арнайы мамандар да бригада құрамында болады.
▪️ 20:00-ден кейін барлық шақыртуларға бұрынғыдай жедел жәрдем келеді.

Неге бұлай?

Мақсат – шынымен шұғыл жағдайларда жедел жәрдемнің дер кезінде жетуін қамтамасыз ету.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

65k 1 21 129 567

😱❗️Шымкентте төтенше оқиға: қала әкімінің орынбасарына оқ атылды

Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Күдікті қолға түсті.

Аман болсын
🤲

Дереккөз: журналист Михаил Козачков


📌Толықтыру: Руслан Берденовке қазір шұғыл ота жасалып жатыр

Партияластарының мәліметінше, оған үш рет оқ атылған. Абырой болғанда, оқтар өмірлік маңызды ағзаларын зақымдамаған.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

68.8k 2 39 113 587

Алматы жастары.xlsx
97.5Кб
🏠“Алматы жастары”: Нәтиже жарияланды

14–26 наурыз аралығында “Алматы жастары” тұрғын үй бағдарламасына 6626 өтінім қабылданды. Соның ішінде:
3412 өтінім мақұлданды
• Бағдарлама аясында кемінде 2550 адамға жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр

Бұл — өтініш берген әр екінші жас алматылық өз баспанасына бір қадам жақындады деген сөз.

Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі — бюджет қызметкерлері мен әлеуметтік сала өкілдері.

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

70k 1 92 96 168

❤️“Лүпіл баспаған” қызметкеріне ескерту жасаған басшы жазаланды

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметкерлерінен әлеуметтік желіде белсенді болуды талап етіп, бір жазбаға “лайк баспадың” деп ескерту жасаған. Бұл әрекеті үшін ол тәртіптік жазаға тартылды.

Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы бұл – екі қызметкер арасындағы ішкі жанжал екенін айтты. Бірақ мұндай мәселені көпшілік алдында көтерудің қажеті болмағанын да ескертті.

Негізгі дерек:
➡️Қызметкерлерге желідегі жазбаларға реакция білдіру міндеттелген;
➡️ “Лүпілсіз қалған” жазбалар басшыға ұнамаған;
➡️Осы әрекеті үшін оған ресми түрде жаза қолданылған.

P.S: Келесі жолы пікір қалдырмағандарды сөгіспен жазалай ма екен?😆 “Лайк баспағандар” деп тізім жасап қойғаны ше?!😁

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

83.2k 1 13 30 294

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бүгін біз шыны зауытында цех мастері болып еңбек етіп жүрген Әбдікәрім Бейсеқұлов жайлы айтқымыз келеді. Ол - қарапайым еңбек адамының жарқын үлгісі.

Цех мастері болу үлкен жауапкершілік. Бұл тек өндірістегі процестерді бақылау ғана емес, сонымен қатар жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнім сапасына мән беру, әр сәтте тиімді шешім қабылдай білу деген сөз. Әбдікәрім ағамыз жылдар бойы осы міндетті адал атқарып келеді.

Ел экономикасына үлес қосып жүрген мұндай еңбеккерлерді құрметтеу бәріміздің борышымыз. Әбдікәрім ағамыздай өз ісіне адал, жауапты жандар барда өндірісіміз де, еліміз де алға басары анық!

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram


🔥Сәуір айындағы депозиттегі %-ы көп ең тиімді 5 банк👇

https://t.me/+OzS0BI02rpAwODMy


Елімізде атаулы әлеуметтік көмек көрсету ережесіне түзетулер енгізілуі ықтимал. Бұл өзгерістер жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жария етті. Нені өзгерту көзделіп отыр? Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер ала алады?

Осы және өзге де сұрақтың жауабын білу үшін сілтемеге өтіңіз!👇

https://dauletten.kz/articles/qazaqstanda-atauly-aleumettik-komek-beru-tartibi-ozgerui-mumkin

▪️ 🚀Telegram | 📷Instagram

Показано 20 последних публикаций.