Leila Erbol


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Психология


Салем достар! Есімім Лейла! Қазақ тіліндегі практикующий астрологпын! Астрологияның адам өміріне тигізетін әсері қандай? Аспан әлеміндегі планеталар мен олардың қозғалысын біліп, өзімізге жақсы жағынан пайдаланып үйренейік❤️

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Психология
Статистика
Фильтр публикаций


💫🌟✨ 2️⃣2️⃣ 🙃😀😗😍🤨🤣

Наурыз мерекесі құтты болсын! Бүгін, жұлдыздар қайта туу мен жаңару мезгілін қарсы алу үшін теңесіп жатыр, біз көктемнің көне мерекесінің трансформациясын қабылдаудамыз.🇰🇿☀️

Жаңа астрологиялық жылды белгілейтін Күн, Тоқты белгісіне енген кезде, Наурыз бізге өмірдің жаңаруының мәңгілік циклдерін еске салады. Жұлдыздардың аспандағы саяхаты секілді, Наурыз да өткенді, бүгінді және болашақты тоғыстырып, сабақтастыратын айлардың бірі десек болады!

Жердегі салт-дәстүрлеріміз бен аспан жұлдыздарының үйлесімін қастерлейік, ата-бабаларымыз дәл осы жұлдыздардың астында кең-байтақ қазақ жерінде той жасап, би билеп, көп нәрсені ой елегінен өткізген.

Көктемгі және Көктегі күш - қуаттар сізді өркендеу мен гормонияға бағыттасын. ☀️💫


Күн мен түнің теңелуі және жаңа жылдың басы, керемет кезеңдердің бірі. Осы күнді барынша өзіңізге пайдалы етіп өткізуге ойлануға, керек емес нәрселерден кұтылуға тырысыныздар!

⏺Қорқыныш - бұл біздің жағымсыз ойларымыз, біз қаласақ олардан кез келген уақытта құтыла аламыз.

⏺Біздің барлық қорқыныштарымыз бен алаңдаушылықтарымыз қайдан шығатынын бақылайық:

⏺Менің ойымша, кез келген жағдайда адам бір таңдаудың алдында тұрады, кез келген жағдайды
қуанышпен, сүйіспеншілікпен және одан қорқумен қабылдау. Бізде ешқандай өзгерістер болмайды деп қорқамыз, біз болашақтан қорқамыз және түпкілікті шешім қабылдауға батылдық танытуға қорқамыз. Кейбіреуіміз адамдардың өзіміз туралы не ойлайтынынан, өз қажеттіліктеріміз туралы көбірек білуінен қорқамыз. Сонымен қатар, біз бұрын болған барлық келеңсіз жағдайларды ұмытудан қорқамыз және оны болашақта өзімізбен бірге алып, есте сақтап, әрі бір іс бастарда міндетті түрде еске алып отырамыз.

💟Өз - өзімізге деген сүйіспеншілік сезімі мен махаббат біздің барлық қорқыныштарымызға тікелей қарама-қайшы. Өз - өзімізге деген махаббат - бұл керемет күш, міндетті түрде оны әр адам өз терең тұңғиығынан алып шығу керек!

💜Өзіңізге деген сенімділік, махаббат пен сүйіспеншілік өміріңізді танымастай өзгерте алады. Әрбір ісіңізге, тәжірибеңізге, өмірден алған сабағыңызға міндетті түрде шын алғыс айта біліңіз!

#медитация #йога #алғысайту


2️⃣1️⃣ 🙃😀😗😍🤨🤣

Күн мен түнің теңелуі, жаңа жылдың басы, Күн планетамыз Тоқты белгісіне кіреді, бұл әдетте жігерлі және белсенді кезеңдердің бірі болмақ. Адамдар өздеріне сенімді, шешімді және тез әрекет ете алады.

Тоқты жаңа бастамалармен және инициативамен, лидерлықпен байланысты. Агрессияға тез берілуі мүмкін және басқа адамдарға өз үстемдігін жүргізгісі келуі, және осы кезеңге өте жақын, 25 наурыз айдың тұтылуы болатынын да ұмытпаймыз!
Осы екі оқиға қатар болғандықтан, айдың тұтылуы біздің эмоционалды жағдайымызды түртетін болғандықтан, тепе - теңдікті сақтау маңызды. Бір нәрседен асып кетуге немесе қалып кетуге тырыспаңыздар. Қоршаған адамдардың артық сөзіне, сынауына, кемсітуіне немесе басқа да тірліктеріне назар аудармауға, және өзіңіздін энергетикалық өрісіңізге ешкімді кіргізбеуге тырысыңыз.

Жалпы бұрынан бері жоспарланған жұмыстарыңыз болса, нақты өзіңіздін ой елегіңізден өткерген шаруаларыңызды тындыруға керемет кезең. Ең бастысы өз істеген жұмысыңызға деген сенімділік!

Тоқты белгісі барлығымыздың натальный картамызда бар, әр белгі үшін, қай сферасына кіретіні туралы, жеке тоқталған видеом ютуб арнамда бар!🎞

🌞 Бір бірімізбен энергия алмасу болу үшін, өз реакцияларыңызды қалдырып кетуді ұмытпаңыздар! ❣️


https://t.me/boost?c=1299307171

Достар менің каналыма дауыс беріп жібересіздерме❤️


♏️ САРЫШАЯН – бұл аптада қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ сіз барлық шиеленіскен жағдайлардан шығудың жолын табасыз.

♐️ МЕРГЕН - жақындарыңызды ұмытпаңыз, көбірек көңіл бөлуге тырысыңыз, олардың жағдайын сұрап, қызығушылық танытыңыз, олар сіздің қолдауыңызға мұқтаж.

♑️ ТАУЕШКІ – тамаша жұмыс аптасы және лайықты нәтиже, интеллектуалды тұрғыдан қанағаттану.

♒️ СУҚҰЙҒЫШ – каржылай өзгерістер болуы мүмкін, оны жақсы жағына қарай өзгертуге мүмкіндік бар.

♓️ БАЛЫҚ - сіздер үшін қолайлы апта. Жақсы жаңалықтар өзгерістер күтіңіз, оларға мән беруге тырысыңыз.


♈️ ТОҚТЫ – күйбең тірліктен аздап үзіліс жасап, уақытты рахатқа бөленіп, өзіңіздің жан дүниеңізге үңіліп, әр жағдайға анализ жасауға тырысыңыз.

♉️ ТОРПАҚ – жасырын жағдайлар аптаның ортасында шағын дағдарысқа әкелуі мүмкін. Ойыңыздағыны ішке бұғып қалуға тырыспаңыз.

♊️ ЕГІЗДЕР – ұсақ-түйекке көбірек көңіл бөліңіз, ұсақ-түйектерден үлкен қателіктер шығады. Көп артық әңгіме айтпауға тырысыңыз.

♋️ ШАЯН – конфликтқа әкелетін әңгімелерді талқылауға тырыспаңыз, өз сезімталдығыңызды тыңдап ондайдан аулақ болыңыз.

♌️ АРЫСТАН – қарапайым қуаныштты сәттерге мән беріңіз. Масштабты нәрселердің барлығы ұсақ - түйектен құралатынын ұмытпаңыз. Ішкі қорқыныштарыңызға мән бермеуге тырысыңыз.

♍️ БИКЕШ - сәтті апта болайын деп тұр, сіз жоспарлаған істеріңіз жүзеге асуы мүмкін.

♎️ ТАРАЗЫ – жұмыста немесе сіз араласатын ортада шиеленіс көп болуы мүмкін. Бірақ бәрін өзіңіздің жүрегіңізге жақын қабылдамауға тырысыңыз.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мейрамдарыңызбен арулар💥🌸❤️💕🌹🌹🌺


🌚2024 жылдың 24 ақпанында Бикеш белгісінде ай толатын болады.

Бикеш белгісінде айдың толуы әдетте табандылықпен, аналитикалық ойлаумен және жақсылыққа ұмтылумен байланысты.

Осы уақыт ішінде егжей-тегжейлерге, тәртіпке және ұйымдастыруға назар аудару қажет болуы мүмкін.

Бұл біздің денсаулығымыз бен күнделікті өмірімізге көбірек көңіл бөлетін уақыт болады.

Бұл жаңа айдың эннргиясын қатты сезетін Бикештерден♍️ басқа белгінің бірі Балықтар♓️ одан кейін, Мергендер♐️ мен Егіздер♊️


🌒10 ақпан жаңадан ай туады!
Жаңа ай суқұйғыш белгісінде туады! Жалпы көптеген планеталар суқұйғыш белгісінде топтасатын болады, бұл дегеніміз осы белгінің энергиясы басым болады деген сөз! Яғни осы айда ойыңыздың түбінде бұғынып, бұғатталып немесе тығылып жатқан, ойларыңызды босататын уақыт, суқұйғыш белгісі өз өзіңізді шектемей, ақыл ой идеяларыңызды шығаруға мүмкіндік береді!

☀️Көптен кездесе алмай немесе кездеспекші болған адамдармен жүздесуге тырысыңыздар, үйткені айналаңыздағы адамдар сіздердің талпыныс пен өзіңізді жүзеге асыруыңызға ықпал етуі әбден мүмкін, сіздерге ментальный мотивация береді, достарыңыздан көмек сұрауға қорықпаңыздар да ұялмаңыздарда!

💥Осы айда өзгерістерді қалайсыз, сізді оқшаулап немесе қысым беретін ситуациялардан босауға тырысып солардың жолын шешімін іздей бастайсыз немесе сіз шешімін білесіз бірақ қашқалақтап жүрген болсаңыз, өзіңіздің бойыңыздағы батылдықты табасыз!

🙌Күнделікті күйбең тіршіліктен бас көтеруге тырысыңыздар! Өздеріңізге еркіндік беріңіздер. Бұл жаңа айдың күші +- 2, 3 күн дейін және кейін сақталатын болады. ❤️🌹❤️




Сәлеметсіздерме құрметті оқырмандарым🌸!

Міне 2023 жылдың аяғына да жетіп қалдық! Барлықтарыңызға осы жылды жақсы аяқтауларыңызға тілектеспін! Алдағы желтоқсан айының жұлдызнамасын күтіп отырған жандар айыпқа бұйырмаңыздар, сәбилі болып қунып жатырмын, сол себепті жұлдызнама шығара алмадым! Көптеген жандар мені түсінеді деп ойлаймын!

Барлықтарыңызға бақыт, денсаулық, байлық тілеймін! Жаңа жылда жаңа биіктерге, жаңа мақсаттарыңызға, ойлаған армандарыңызға жетулеріңізге тілектеспін❤️❤️❤️

331 0 0 23 11

Меркурий Сарышаян белгісінде♏️: жарқын эмоциялар мен терең анализдер!

22 қазанда Меркурий Сарышаян белгісіне ауысады, онда ол 10 қарашаға д
ейін қалады.

Меркурий белгісін өзгертіп, жаңа тенденцияларды тудырады, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, қарым-қатынас сипатына және ойлау тәсіліне әсер етеді.

Бұл кезеңнен не күтуге болады?
Сарышаян - мощный энергияның белгісі, мистицизмнің, ерік-жігердің және төзімділіктің белгісі.
Сарышаяндағы Меркурийдің әсерінен біз қарым - қатынаста, сөйлесуде қаталдау, бірбеткей және тым күдікті болуымыз мүмкін. Сарышаян белгісі бізді жасырын мағыналарды іздеуге мәжбүр етеді, сенімсіздік пен қараңғы ойларды тудырады. Көптеген жаңалықтарды өткір қабылдауыңыз мүмкін. Сондықтан, өзіңізді негативтен қорғауға тырысыңыз. Мысалы, жаңалықтар ағынынан өзіңізді шектеңіз.


Бұл кезеңді қалай тиімді пайдалануға болады?

- Егер сіз бір нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе, манипуляцияны қолдануға болады. Бірақ сізді де манипуляциялауға болатынына дайын болыңыз.
- Бір нәрсені жетік менгеру зертеу, өзіңіз үшін маңызды тақырыптармен айналысыңыз
- Психологияны, астрологияны, эзотерикалық білімдерді, және «құпия» мен «мистика» сөздеріне қатысты барлық нәрсені оқу;
- Өзіңе терең бойлау, өз-өзіңізді терең зертеумен айналысу;
- Теріс ойларды трансформациялау;
- ашық сөйлесіңіз, сексуалдық тақырыптарды да қозғай аласыз.

👆Бұл кезеңді қатты сезінетін жардар Меркурийі: Торпақ, Арыстан және Суқұйғыш белгісінде болса.

Меркурийі су элементінде болған жандар Шаян, Сарышаян, Балықтар кез келген мәселені терең түсінуге қол жеткізе алады.

Меркурийі Бикеш пен Тауешкі белгісіндегі жандарды жаңа хобби күтуі мүмкін.

Тоқты, Егіздер, Таразы және Мерген белгілеріндегі Меркурий үшін, бұл нейтралды кезең. Оларға жақындарына жақынырақ қарауды, көңіл бөлуді ұсынамын.

Комментариге Меркурийіңіз қай белгіде екенін жаза отырыңыздар! Білмейтін жандар болса, туған уақытыңызды білсеңіз анықтау оңай!


1️⃣ Тура қозғалыс жұмыс саласында терең өзгерістерге және кәсіби өсуге әкелуі мүмкін. Жаңа мүмкіндіктер пайда болуы мүмкін, сонымен қатар жұмыс бағытын немесе саласын өзгерту қажеттілігі туындауы мүмкін.

Плутон суқұйғышқа енуге дайындалуда. Сондықтан компьютерге қатысты барлық жаңа технологиялармен және заттармен алдын ала танысып достасқан дұрыс. Әлем бұрынғыдай болмайтынын бәріміз түсінеміз: жұмыс, оқу, онлайн өмір... «Қағаз дәптерден» неғұрлым тез бас тартсақ, өзгерістерге бейімделу процесі соғұрлым оңай әрі жылдам болады.

2️⃣ Күш пен басқаруға құмарлық, үлкен ұжымдарда және әлемдік аренада ғана емес, сонымен қатар отбасында және жақын адамдарының ортасында да, кім маңыздырақ? Басқару пульті кімнің қолында? Түсініспеушіліктерді өмірдің келесі үлкен этапына кезеңіне апармау үшін, аяқтап шешіп алыңыздар!

3️⃣ Плутон барлық құпияларды ашқысы келеді. Жұмыста болсын жеке өміріңізде болсын, жаңа трансформациялық өзгерістерге апаратын процестер қосыла бастайды, бәрін бұрынғыдай басқару, мейлі қай жерде болсын, өзгерісті талап етеді(жаңа подход, жаңа әдет, терең көзқарас керек болады) Ескі көзқарастарды артта қалдыру!

Достар, бөлісе отырыңыздар, өміріңізде өзгерістер күтесіз бе? 🙏🏻


Барлығын «бұрын» және «кейін» етіп өзгертетін ең мощный өзгерістер планетасы Плутон ретро қозғалысынан шығады 🤩

11 қазаннан бастап Плутон планетасы суқұйғыш белгісіне қарай қозғалады. Ол 2024 жылдың 21 қаңтарында 20 жылға суқұйғыш дәуіріне және суқұйғыш белгісіне енеді. Бірақ әзірге... ол әлі тауешкі белгісінде!

Алға қарап, жаңа оқиғаларға қуанбас бұрын, Плутон консервативті Тауешкі белгісі арқылы сапарын аяқтаған кезде не істеу керек екеніне назар аударайық?

⬇️⬇️⬇️


2 тамыз Ай толады, бұл айының энергиясы ерекше болмақ,үйткені бұл айдың басында және аяғында да ай толады.Бір айда екі рет айдың толуы сирек болады.

Ай Суқұйғыш белгісінде толады. Суқұйғыш белгісінің басқарушысы Уран эксцентрлік(оғаш, әдетегіден тыс, таңқаларлық, басқаша) планета.

Тамыз айы айналаңыздағы адамдарға басқаша қарауды,кейбір жұмбақ адамдардың маскасын шешеді, өзіңізді осы уақытқа дейін алдап келсеңіз н/е көп нәрсеге көз жұмған болсаңыз,қайта қарастырып, жаңадан көз жүгіртіп, жаңаша әрекет етуге,өмірлік көзқарастарыңызды өзгертуге шақырады.

Бұл күні Юпитермен напряженный аспект болғандықтан, жоғары үміт қойған жұмыстарыңыз көңіліңізден шықпай қалуы мүмкін.
Юпитер мен Марстың гормоничный аспекті, сіздің қандай мықты жақтарыңыз бар екенін түсінуге көмектеседі, өзі- өзіңізге жаңа қырыңыздан қарауға тырысыңыз.

Суқұйғыш белгісі, жан жағыңыздағы адамдармен көбірек сөйлесіп, көбірек өзіңіз туралы не айтатынына құлақ асу керек. Әдеттегі жұмыстарда жаңа көзқарастар, жаңа мүмкіндіктерге алып келеді.


Ретро Венера 23.07 - 04.09 аралығында!

Бізді не күтіп тұр?

Венера - қарым
- қатынас, шығармашылық, әдемілік,әсемдік, ақша, әйелдік бастама, комфорт, өз - өзін бағалау.

1,5 жылда бір рет ретро болады.

Венераның ретро қозғалысын жаман немесе жақсы деуге келмейді. Әр кезеңнің өз плюсы және минусы болады. Әр кезеңді өзімізге жақсы жағынан пайдалана аламыз.

Қолайлы жағымды жақтары:

✅Бұрынғы өткен шақты жаңғырту
✅Қаржылық жағдайға қайта сараптама жасау
✅Қарыздар қайтару
✅Қарым қатынастағы қателіктермен жұмыс
✅Әйелдік қасиетіңізді ашу
✅Гардеробты ретке келтіру, артық нәрседен арылу
✅Өз өзіңе анализ

Қолайлы емес жақтары:

❌Бьюти сферадағы операциялар
❌Жаңа қарым қатынас бастауға
❌Қарызға ақша бермеу
❌Жаңа имидж
❌Косметикалық процедуралар

Көбінесе әйелдер денсаулығына, тамақ-мойын, қалқанша безі, гормондарға және несеп жолы денсаулығына көңіл бөлу керек.

Венераның ретро қозғалысын катты сезетін белгілер:

♌️Арыстандар
♒️Суқұйғыштар
♎️Таразылар
♉️Торпақтар
♏️Сарышаяндар

Лайкпен қолдап отырыңыздар🙌


🌍Әр жылдың тамыз айында астрологиялық маңызды оқиға. Арыстан белгісінің қақпасы ашылады.
Планетарлық Жаңа жыл. Жұлдызды қақпа.


📌26 шілде мен 12 тамыз аралығында біздің планетамызды, галактиканың орталығынан келген үлкен жарық толқыны жабады.
Бұл күнд
ері аспанда ең жарық жұлдыз Сириус көрінетін болады.
Бұл толқының шыңы 8 тамызға тура келеді. Бұл күні міндетті түрде молшылық пен байлық шақыру практикасын жасау керек (таң атып келе жатқанда, шығыстан көтеріліп келе жатқан Сириус жұлдызына қарап отырып, ішкі ой арман тілекткрінізді қайталап медитация жасау)

🧘🏼‍♀️Осы кезеңде көбірек демалып, өзіңізге көңіл бөліп, босаңсыған көңіл - күйде көбірек болуға тырысу. Кез келген эмоцияңызды қабылдай біліңіз. Эмоция - сіздің ақылыңыз бен тәніңіз арасындағы көпір екенін ұмытпаңыз. Эмоцияңызды сезініп, бірақ оны шығара алмасаңыз, ол басылып, тәніңізде энергетикалық блок ретінде қалыптасып, түрлі созылмалы ауруларға себепші болады.

👆Өз ойыңыздың ағынын мұқият қадағалаңыз. Миымыздың логикаға жауап беретін сол жағы, көбінесе интуцияға жауапты оң жақты блоктауға тырысады. Сондықтан сол жақтан оң жаққа ауыса білу, логиканы жүрекке аусыстыру.

💪Бұл кезең жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Оларды жіберіп алмаңыздар. Әрине кез - келген ұсыныстың жетегінде кету беру емес, әр нәрсені өзіңіздің жүрегіңізден өткізіп, өз - өзіңіздің ішкі сезімдеріңізге құлақ асып барып шешім қабылдау керек.




6-7 шілде Ай мен Марс, Венераның оппозициясы:

Конфликт (ұрыс), қоштасу, жоғалту

Ішіңіздегі эмоцияларыңыз сыртқа шығып босағысы келетін болады! Яғни ішіңізде еш нәрсені сақтағыңыз келмеуіңіз мүмкін!
Эмоцияңызға ерік бересіз.
Кез келген сізге ыңғайсыздық тудыратын жағдайдан босағыңыз келеді!

Оппозиция Марс Венерамен болғандықтан, жоғалтулар мен қоштасулар, ұрыс - керістер ақшалай және махаббат мәселесірде болуы мүмкін!

Эмоцияналды фонда көп артық сөз айтылуы мүмкін, және өте импульсивный менмен, әрі өзіңіздің ойыңыз ғана дұрыс деп ойлайсыз!


ЖАҢА АЙ 18 МАУСЫМ

Алдағы жаңа ай циклінде жұмыстарыңызды қалай жоспарлауға және қоршаған ортамен қалай қарым-қатынасқа жасау керегі туралы ұсыныстарыммен бөлісетін боламын!

🌑 Бұл айда Айдың туылуы Егіздер белгісінде 18 маусым күні болады.

Бұл күні өзіңізді негіздеп, өзіңізге үңіліп, ой жүгірткеніңіз жөн. Егер сіз әдеттегі нәрселермен айналысқыңыз келсе - міндетті түрде айналысыңыз, бірақ жаңа нәрселер үшін күшіңізді сақтап, жинағаныңыз жақсы.

Күн мен Ай бір-бірінен алыстағанша (бұл шамамен 1-2 күн), көпшілігіміз ішкі дағдарысты(кризисты) сезінуіміз мүмкін. 15 маусымнан бастап кейбір нәрселер сізді ренжітуі мүмкін, шашыраңқы күйде болып, апатия п. б., ескі қорқыныштар шығып, әлсіздік сезінуіңіз қалыпты.

Бар ыза мен ренішті айғайлап, жанжал арқылы шығаруға тырысу. Бұның бәрі келесі кезеңге таза парақпен өту үшін, ауыртпалық пен негативтен құтылу үшін болуы мүмкін.

🌒 19-26 маусым - Айдың бірінші фазасы

Мұнда әрбір адам жаңа тыныспен тыныстап, еңбектеніп жаңа нәрсемен әсерленуі керек!

Жаңа мақсаттар, жобалар, келісімшарттар мен қарым-қатынастар үшін ең қолайлы уақыт. Саяхаттау, оқу, экскурсия, шығармашылық үшін, танысу және келіссөздер үшін қолайлы кезең.
Сондай-ақ бұл күндерді өзіңізге және өзіңіздің эмоционалдық күйіңізге қамқорлық жасауға арнай аласыз. Массаж жасату, өз- өзіңізді босату мақсатындағы жаттығулар жасау, медитация, стресске қарсы терапия т. с. с.

Бұл күндер өте жігерлі болмақ, болашақта кез келген іс-әрекет пен ниеттеріңізді жақсы нәтижеге әкелетіндей күндер.

Және де, жаңа айдың тригональды стихияларының белгілері - Егіздер, Таразылар және Суқұйғыштар - сәттілікке ие. Олар тіпті ең қиын тапсырмаларды орындау үшін жеткілікті күш - қуатқа ие. Әсіресе, егер мақсаттар балаларға, шығармашылыққа немесе қарым-қатынасқа қатысты болса.

🌓 26-27 маусым — екінші кезеңнің басы, ең бірінші квадратура

Барлығы үшін қарбалас күндер. Бір апта бұрын құлшыныспен жоспар құруға болатын болса, қазір оларды жүзеге асыруда аласапран болуы мүмкін!

Эмоционалды тербелістер өзіңізге деген сенімділікті шайқауы мүмкін. Ішіңізден ешкім кедергі жасамас үшін, өз - өзіңізбен қалғыңыз келеді. Айналаңызда арандатушылықтар, қысымдар мен қиындықтар болады. (Мысалы: куйеуыңыз болмайтын нәрсеге сөйлеп немесе көршілермен сөзге келу т.с.с мәселелер)

Ішкі рухани қайшылықтарыңыз қоршаған ортамен болатын мәселелерге қосылып, дағдарыстық жағдайға әкелуі мүмкін.

🌔 28 маусым - 3 шілде - Айдың екінші фазасы

Асып тасқан көп күш жоқ. Бірақ күш-қуатыңыз бастаған ісіңізді аяқтауға жеткілікті. Бірінші кезеңдегі(фазадағы) жоспарларыңыз іске асырылуын күтуде, және сізді шешуші іс-әрекетке ынталандырады. Ең бастысы, энергияны босқа ысырап етпеу. Көптеген ұзақ сапарларға асықпауыңыз керек немесе спортзалда әдеттегі нормадан асып кетпеуіңіз керек.
Бұл кезеңде адамдар араласуға, сөйлесуге және ымыраға келуге бейім болады. Сондықтан, егер біреумен байланыс орнату немесе келісімшартқа отыру міндеті болса, қолайлы уақыт!

Показано 20 последних публикаций.