Репост из: Кітапсүйер
Көше
Көше – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таныс та, жат дауыс та.
Біреу түсіп келеді "Волгасынан"
Біреу мініп жатқаны автобусқа.
Көше – толқын, жатқандай Арыс тасып.
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Жаңа ғана екі адам айрылысқан
Жолмен екеу келеді қол ұстасып.
Алғандай-ақ көшеден шабыт анық,
Құс сайрайды бұтақта жағы талып.
Бесік алып біреулер өткен жолмен
Бара жатыр біреулер табыт алып.
Бәлкім, бір жан тыныштық тапты бүгін,
Тыңдашы анау сәбидің шаттық үнін.
Бір көшенің бойында-ақ байқарсың сен
Қаттылығын өмірдің, тәттілігін.
❤️ Күләш Ахметова
❤️ @Kitapsuyer
Көше – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таныс та, жат дауыс та.
Біреу түсіп келеді "Волгасынан"
Біреу мініп жатқаны автобусқа.
Көше – толқын, жатқандай Арыс тасып.
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Жаңа ғана екі адам айрылысқан
Жолмен екеу келеді қол ұстасып.
Алғандай-ақ көшеден шабыт анық,
Құс сайрайды бұтақта жағы талып.
Бесік алып біреулер өткен жолмен
Бара жатыр біреулер табыт алып.
Бәлкім, бір жан тыныштық тапты бүгін,
Тыңдашы анау сәбидің шаттық үнін.
Бір көшенің бойында-ақ байқарсың сен
Қаттылығын өмірдің, тәттілігін.
❤️ Күләш Ахметова
❤️ @Kitapsuyer