Бисмилляһ✨
Орамал-басқа қонған бақ. Жүрек тыныштығы. Қорғанымыз біздің. Аллаһ әйел затын теңіздің астында жасырынған мәрмәрдай қорғап қойды. Жүрегіміз тек Аллаһтың Құрандағы әмірі мен бұйрығына қалтықсыз бағынып, Оны шартсыз сүйгенде ғана тыныштық табады. Білмеймін, орамалды қалай таққың келеді ботам, (қазақ қыздары бұлай тақпаған, бүйтпеген, сүйтпеген деп таласпаймын) тек не үшін сіздің әдемі, қою қара шаштарыңыз құнды екенін біліп жүрсеңіз екен деймін. Неге Мұқағали бір өлеңін де "шашың сенің жапандағы жан баспаған қара орман.." деп айтады? "жан баспаған..." Демек, мұнда Аллаһ Тағаланың даналығы жатыр ғой. Жан бастырмай қойғаны ғажап емес пе? Қазақтың қыз-келіншектерінің шаштарына бөтен еркектің қолы батпаған, шашынан, бұрымынан сипатпаған. Бөгде көз өз әйелінің сұлулығын көрсін. Ал сенің сұлулығың өзіңе, еріңе. Аллаһ Тағала қызғанады бізді.
Сіздің оқуыңызға, жұмысыңызға, күйеуге шығып/шықпауыңызға бір шүберек матаның ықпалы жоқ. Аллаһ Тағала жолыңызды өзі ашады. Тек сол шүберектің жауапкершілігі қаншалықты ауыр екендігін білсеңіз екен. Шешкің келсе, Шайтанның шатпағының ойнағаны басыңызда. Көзіңізді ашыңыз. Өзіңізді қолға алыңыз. Әдемілеп тағып, жарасымды киініңіз (Бірақ Аллаһтың Құрандағы сөзін ұмыт қалдырмаңыз) Ризығыңыз жазулы, оқу орныңыз, жұмысыңыз, күйеуіңіз, тағдырыңыз жазулы. Бәрі көркем түрде жазылған, қаламдарың сиясы әлдеқашан кеуіп кеткен. Ендеше құрбым, сіңлім, әпкем, несіне уайымдайсыз? Тек айтарым, басыңыздағы асыл тәжіңізді Аллаһ разылығы үшін жақсы көріңіз!
Шешпеңіз... Сізді жақсы көремін🫂🤍