Forward from: Арнаны қалай атағанымыз дұрыс?
Пайдалы қызметтер қатарына +1 қосымша
Enbek HR қосымшасы арқылы бірнеше минутта жұмыс орныңыздан анықтаманы онлайн алуға болады. Сондай-ақ, ағымдағы және алдыңғы еңбек келісімшарттарыңыз бен жеке деректеріңізді көре аласыз: фото, жеке куәлік мәліметтері, төлқұжаттар, білім туралы ақпарат, қызметі, 075/у медициналық анықтамасы, психо/нарко/туб диспансерлерде тіркеуде болған-болмағаны жайлы мәліметтер және т.б.
Қызмет ағымдағы жылы іске қосылған және hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталымен байланыстырылған (компанияның кадр бөлімдері пайдаланады). Сондықтан жұмысшылар өз деректеріне смартфон арқылы қол жеткізе алады.
Қосымша қызметтерін пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы нөміріңіз болса жеткілікті.
P.s: жұмыс орныңыздан анықтама алу үшін негізгі бетте қазіргі жұмыс орныңызға қарама-қарсы тұрған мәзір батырмасын (үш нүкте) басу керек. Сол жерден суреттегі құжатты таңдаңыз.
Дереккөз: pro1c.kz | https://t.me/tiimdiqazaqstan