🔹Қазақстан Елшісі Әзербайжан Министрлер Кабинетінің Аппарат басшысымен кездесті
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжан Министрлер Кабинеті Аппаратының жетекшісі Руфат Мамедовпен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика және энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды.
Р.Мамедов соңғы екі жылда Қазақстан мен Әзербайжан Мемлекет басшыларының 9 өзара сапары өткенін, мұның екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін бергенін атап өтті. Үкімет басшылары мен үкіметаралық комиссиялар деңгейіндегі тығыз байланыстарды жалғастыру қажеттігі де айтылды.
Бұл тұрғыда тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ), Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту, Қазақстандық энергоресурстардың транзиті сияқты ірі бірлескен жобалардың сәтті іске асырылып жатқанын ерекше атап өтті. Каспий теңізінің түбімен электр кабелін тарту бойынша жаңа жобаның да табысты әзірленіп жатқаны айтылды. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне айырықша көңіл бөлінді.
Елші Ә.Байел Әзербайжандық тарапқа Қазақстанның Бакудағы дипломатиялық миссиясына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Әзербайжан халқын Мемлекеттік егемендік күнімен құттықтады. Дипломат қазақстандық тараптың жаңа бірлескен жобаларды биыл құрылған бастапқы сомасы 300 миллион АҚШ долларын құрайтын Қазақстан-Әзербайжан инвестициялық қорын тарту арқылы жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді. Сонымен қатар, ол қазақстандық компаниялар Әзербайжанда, соның ішінде Қарабақ аймағында түрлі инфрақұрылым нысандарының құрылысына қатысуға дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ Ә.Байел Қазақстанда биылғы ауылшаруашылық өнімдерінің көлеміне тоқталып, оны Әзербайжанға жеткізуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Әзербайжан Министрлер Кабинеті Аппаратының басшысы өз кезегінде әзербайжандық тарап астық пен басқа да өнімдерді импорттауға мүдделі екенін және Қазақстаның ұсыныстарын қарастыратынын айтты.