Күлу демекші, сырттай салмақты көрінсем де әзіл көргенді ұнататын едім. Асүйде жүріп сотканың дыбысын шығарып қойып шаруамды жасап жүретін едім. Сонда Олжекең арғы бөлмеден: әзіл көре берме, жүрегіңді қарайтасың, көп күлуге болмайды деп айтушы еді. Осы сөзді үнемі айтатын. Әрдайым теріс істен тыйып жүретін.
Үйленгеннен осы соңғы деміне дейін араб тілін үйрен, Құранның рахатын сезесің деп айтудан шаршамады. Үнемі кітап оқып отырып әсерлі сөздерді кезіктіріп қалса “қарашы қалай айтылған” деп таңданып бірден маған оқып беріп, содан соң міндетті түрде оқырмандарымен бөлісетін.
Олжекең жұмсақ мінезді болса да, бірақ дінге қатысты дұрыс емес сөздерге , ислам жауларының әрекетіне қатты ашуланатын. Ғазза туралы сторис салған кезінде: қатты айтып жіберген жоқсыз ба дегенімде “мұсылмандарды тірідей өртеп жатқанда қалай олай айтпайсың, олар бұдан да ауыр сөгіске лайық қой” деп айтқаны есімде.
Бірақ жеке адамның басына келгенде ренжітіп қоямын ба, көңіліне тиіп қаламын ба деп абайлап сөйлейтін…Олжекемді көзіме елестетсем оның тек жымиған жарқын жүзі ғана келеді. Қатты сағындым🥺