TengeLife | Бизнес, Экономика


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Economics


TengeLife – ел экономикасы, тарифтер, қаржы, бизнес, және тағы басқа салалар бойынша жедел әрі нақты ақпарат тарататын арна.
TengeLife – назарыңызда болсын!
Тіркеліңіз!
Ұсыныс және жарнама: @tengelife_bot

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Economics
Statistics
Posts filter


Қазақстанда теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктер жарияланды

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа жыл қарсаңында арнайы жеңілдіктер ұсынды.

Жеңілдіктер тек 31 желтоқсан күні қатынайтын пойыздарға жарамды, ал билеттерді жеңілдікпен сатып алу мерзімі 1 желтоқсанға дейін аяқталады.

25% жеңілдік келесі бағыттардағы пойыздарға қолданылады:

Шымкент – Алматы (№26)
Шымкент – Астана (№86)
Шымкент – Алматы-2 (№12)
Алматы – Маңғыстау (№77/78)
Астана – Атырау (№47)
Атырау – Ақтөбе (№691/692)
Маңғыстау – Атырау (№313)
Балқаш – Қарағанды (№605/606)
Алматы-2 – Өскемен-1 (№351/352)
Ақтөбе – Алматы-1 (№34)

Шарттар: жеңілдіктер тек купе вагондарына арналған билеттерге қолданылады.


@Tengelifekz


Көрелік, шынымен 80 пайыз болама екен.)


Kaspi дүкенінің ашылғанына 10 жыл толуына орай, компания өз клиенттері үшін арнайы жеңілдіктер мен бонустар ұсынып отыр. 29 қарашадан 3 желтоқсан аралығында Kaspi.kz сайтында барлық тауарларға 80%-ға дейін жеңілдік жарияланады. Сонымен қатар, Kaspi Gold арқылы төлем жасаған жағдайда, сатып алушылар 15%-ға дейін бонус ала алады.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшін компания тауарларды 0-0-24 бөліп төлеу мүмкіндігін де қарастырған. Жеткізу қызметі бұрынғыдай тегін болып қала береді.

Бұл акция Kaspi дүкенінің 10 жылдық мерейтойын атап өту және клиенттерге алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылған. @Tengelifekz


eGov Mobile қосымшасына жаңа сервис қосылды

eGov Mobile-да «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» атты жаңа сервис іске қосылды.

Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қарап, кредиттік қабілеттілігін онлайн бағалай алады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

«Кредиттеу» бөлімінде соңғы 5 жылдағы несие тарихы, белсенді міндеттемелер және скорингтік балл көрсетіледі.

@Tengelifekz


Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиян келтіретін зиянкестер табылған жоқ.

Министрлік мәліметінше, «Шайн мускат» элиталық жүзімінің қауіпсіздігі расталды. Бұл ақпарат әсіресе жоғары бағасына байланысты тұтынушылар арасында туындаған күмәнді сейілтуі мүмкін.

Бағаларға келетін болсақ, Алматы қаласындағы дүкендерде бұл жүзімнің бағасы 7000 - 8000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Дегенмен, базарда бұл өнімді әлдеқайда арзан бағада — 2 000 теңгеден табуға болады.

@Tengelifekz


Қазақстанда 2027 жылдан бастап балабақшалар лицензиясыз жұмыс істей алмайды.

2027 жылдан бастап Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына лицензия алу міндеттеледі.

Бұл талап білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес енгізілуде.

Аталған заң жобасын Мәжіліс екінші оқылымда қабылдады.

@Tengelifekz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қазақстанда уақыт белдеуін өзгерту мәселесін зерттеуге шамамен 100 миллион теңге жұмсалады.

Министрлер кабинетінің уақыт белдеуін бірізді ету туралы шешіміне қарамастан, Қазақстанда уақытты ауыстырудың халыққа әсерін зерттеуге қомақты қаржы бөлінеді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл мақсатқа шамамен 90-100 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді.

Ал бастапқы сұраныс 160 миллион теңгені құраған.

Дереккөз: vlast.kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
КазТАГ агенттігінің мәліметінше, Қаржы министрі Мади Такиев Қазақстанға автокөліктерді әкелу ережелеріндегі өзгерістерді қандай қауіптермен түсіндіруге болатынын атай алмады.

@Tengelifekz


2024 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНҒА АВТОКӨЛІКТЕРДІ ӘКЕЛУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап ЕАЭО елдеріне көлік құралдарын әкелуге қатысты жаңа ережелер енгізіледі.

Негізгі талап – көліктің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат, ол көлік құралының түрін мақұлдау (ОТТС) болып табылады.

Маңызды нәрселер:
1. Көлік құралын кім әкеле алады:
ОТТС бойынша көліктерді тек осы құжатта көрсетілген адамдар ғана әкеле алады. Басқаша айтқанда, егер сіздің атыңыз ОТТС-те көрсетілмесе, оны пайдалана алмайсыз.

2. Көліктің жасы:
Бұл талап тек жасалғанына 3 жылдан аз уақыт болған көліктерге қатысты.

3. Мақсаты қандай:
Бұл ереже көліктерді әкелуге бақылауды күшейту және олардың барлық техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін енгізілді.

Сондықтан, егер сіз ОТТС құжаты бар көлікті әкелуді жоспарласаңыз, сол құжатта сіздің атыңыз көрсетілгеніне көз жеткізіңіз.

@Tengelifekz


Премьер-министр Олжас Бектенов мектеп асханаларындағы тамақтану құнын 500 теңгеден жоғары көтеруді тапсырды.

Әкімдіктерге инфляцияны ескеріп, қаржы бөлуді және асханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуды міндеттеді.

@Tengelifekz


2025 жылдан бастап Қазақстанда шамамен 8 миллион адам кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялаудан босатылады.

Бұл жеке сектор қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, үй шаруасындағы әйелдерге, студенттерге және басқа да санаттарға қатысты.

Алайда, шетелде активтері бар немесе үлкен көлемдегі сатып алулар жасаған азаматтарға декларация тапсыру міндеті сақталады.

Сонымен қатар, декларацияны ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

@Tengelifekz


Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар бағасы 500 теңгеге жақындады


«Болашақ» бағдарламасы арқылы бакалавриатқа грант беріледі

Енді халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздары «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриат деңгейінде грант алып, әлемнің үздік университеттерінде білім ала алады.

Бұл шешім талантты жастарды елде ұстап, олардың Қазақстанның дамуына үлес қосуына мүмкіндік береді, деп хабарлады депутат Асхат Аймағамбетов.

@Tengelifekz


Home Credit Bank депозит ставкаларын өзгертеді

2024 жылдың 18 қарашасынан бастап Home Credit Bank келесі өзгерістерді енгізеді:

6 айлық депозиттер: ГЭСВ 0,6%-ға төмендеп, 17% болды.

12 айлық депозиттер: ГЭСВ 0,5%-ға төмендеп, 16,5% болды.

24 айлық депозиттер: ГЭСВ 1%-ға өсіп, 15% болды.

@Tengelifekz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
"Курсив" басылымындағы әріптестер 31 жыл ішінде теңгенің доллармен бағамының қалай өзгергені туралы бейнеролик дайындапты.

@Tengelifekz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
ЦИФРЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МОНЕТА: ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ

🗣Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валюта – теңге күніне орай 2025 жылдың I тоқсанында «Цифрлық инвестициялық монета» жобасын іске қосатыны туралы жаңалық жариялады.

Бұл жоба азаматтарға алтын инвестициялық монеталарды онлайн түрде сатып алу және сатудың ыңғайлы тәсілін ұсынады.

Жобаның негізгі артықшылықтары:

1. Инвестициялық монеталардың цифрлық нұсқасы:
Монеталар алтынның салмағы мен бағасына (LBMA стандартына сай) және Ұлттық Банктің АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамына сәйкес есептеледі.

2. Әмбебап қолжетімділік:
Инвестициялық монеталарды әлемнің кез келген жерінен және кез келген уақытта Astana International Exchange (AIX) биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға немесе сатуға болады.

3. Кең мүмкіндіктер:
⏺ Монеталарды Ұлттық Банкке қайта сату;
⏺ Монеталарды сыйға беру;
⏺ Жинақталған монеталарды заттай алтын инвестициялық монеталарға айырбастау.

4. ÚKI инвестициялық монетасының эксклюзивті дизайны:
⏺ Салмағы: 31,1 грамм;
⏺ Номиналы: 100 теңге;
⏺ Алтын сынамасы: Au 999,9;
⏺ Дизайн: «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» коллекциялық монеталар стилінде.

5. Қаптамасы:
Монеталар блистер түрінде ұсынылады.

@Tengelifekz


Құрметті достар!

Сіздерді ұлттық теңгеміз – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақтылығының символы болған маңызды мерекемен құттықтаймыз!

Теңге еліміздің гүлденуі мен қаржылық тұрақтылығының негізі ретінде одан әрі нығайып, әр шаңырақта береке-бірлік, молшылық пен тыныштық орнасын деп тілеймін.

Алға қойған барлық мақсаттарыңыз орындалып, табысты болыңыздар!

Теңге күні құтты болсын!

@Tengelifekz


ҚМА ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТТЫ 1,5 МЛРД ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРДЫ ДЕП АЙЫПТАДЫ

Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі "BizBirgemiz" жобасының құрылтайшысы Перизат Қайратты көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыптап, тергеу жүргізіп жатыр.

Қаражат қымбат көліктер, элиталық пәтерлер мен шетелде демалысқа жұмсалған.

«Ағымдағы жылдың көктемінде ол елордадағы автосалондардан
Mercedes-Benz S450 (88 млн теңгеге), Lexus LX-600 (80 млн теңгеге) және Haval (39 млн теңгеге) сияқты премиум-класс көліктерін сатып алған.

Сол кезеңде Астанадағы Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» тұрғын үй кешендерінен (паркинг орындарын қоса алғанда), сондай-ақ Vela Village коттедж қалашығынан 600 млн теңгеге элиталық жылжымайтын мүлік сатып алды.

Сонымен қатар, Қазақстанның бейжай қарамайтын азаматтарының қайырымдылық қаражаттары есебінен Перизат К. бірнеше рет Дубай, Доха, Лондон және Ыстамбұл қалаларына демалуға шығып, St. Regis, Shangri-La, Palazzo Versace және Kempinski сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде тұрған.

Осы елдерде ол Cartier және Louis Vuitton брендтерінің қымбат әшекейлері мен аксессуарларын сатып алып, қымбат мейрамханаларға барып, яхтада теңіз серуендерін ұйымдастырған»,
– делінген хабарламада.

Алаяқтық әрекеттері дәлелденсе, бұл жағдай қайырымдылыққа деген сенімге зиян келтіруі мүмкін.

@Tengelifekz


ГРУЗИЯҒА БИЛЕТ БАҒАСЫ 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН

FlyArystan авиакомпаниясы бүгін, 14 қарашада Qyzyl Friday акциясын бастады.

Акция бір тәулікке созылып, 15 қараша сағат 13:00-ге дейін жалғасады және халықаралық рейстерге арналған.

Акция бойынша жеңілдік бағыттары:
• Астана – Ташкент (14-21 қаңтар) – 50 477 теңгеден бастап;

• Астана – Кутаиси (17-27 қаңтар) – 72 086 теңгеден бастап;

• Алматы – Кутаиси (7-14 желтоқсан) – 94 784 теңгеден бастап;

• Атырау – Кутаиси (10-19 желтоқсан) – 51 426 теңгеден бастап;

• Ақтау – Стамбул (5-12 желтоқсан) – 70 404 теңгеден бастап;

• Ақтау – Баку (2-11 желтоқсан) – 57 788 теңгеден бастап;

• Ақтау – Кутаиси (6-13 желтоқсан) – 50 895 теңгеден бастап.

Жеңілдікті билеттер 15 қараша мен 2025 жылғы 29 наурыз аралығындағы рейстерге жарамды.

Билеттерге кездейсоқ орын және 5 кг дейінгі қол жүгін тасымалдау кіреді (өлшемі 56 x 23 x 36 см).

Қосымша қызметтік алымдар бөлек төленеді.

@Tengelifekz


ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ КЕЗЕҢДЕРІН КЕЙІНГЕ ШЕГЕРУДІ ТАЛАП ЕТУДЕ

Қазақстандықтар жалпыға ортақ декларациялаудың үшінші және төртінші кезеңдерін жою туралы петиция құрды, деп хабарлайды КазТАГ.

Автордың айтуынша, мемлекеттік кірістер органдары қазір Қазақстандағы барлық банктік қозғалыстарды цифрландырған, сондай-ақ салық органдары биылдан бастап валюталық бақылау органдары болып табылады және жалпыға ортақ декларациялауға негіз жоқ.

«Табысынан жартысын азық-түлікке жұмсайтын және несиеге тәуелді халықты декларациялаудың қажеті бар ма?» — дейді петиция авторы Айдар М.

@Tengelifekz

20 last posts shown.