AABDIBEK


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


🧕 Пайдалы видеолар, әдемі заставкалар, кеңестер.
🧔*Тұрмыстамын* @nursei93

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Әлхәмдулиллә! Наурызда оқылған кітаптарға рекциямды эмоджилармен сипаттасам:

Польза от трудностей и испытаний (Изуддин ибн Абдуссалям) - 🥰

Пророческий путь (имам Иухаммад аль Биркави) - 😍

Воспитактика (Мурад Алискеров) - 🤩

Жан ұясы (Қабылбек Әліпбайұлы) - ☺️

Ұшқан ұя (Бауыржан Момышұлы) - ☺️

Жас жігітке өмір туралы ашық хат (Андреа Моруа) - 😏




“если сможете совершенствоваться всего на 1 % каждый день в течение одного года, к концу этого периода вы станете в 37 раз лучше самого себя — каким вы были в начале этого пути.”

“Успех — продукт ежедневных привычек, а не масштабных изменений, совершаемых один раз в жизни”


Кітап оқыған адам оқыған кітабына баға беріп жатады ғой. Мен қалай баға берерімді білмеймін. Әсіресе діни кітаптарға баға берген біртүрлі секілді.


«Нам следует относиться к детям мягко, что предполагает проявление ласки, снисходительности и милосердия, желание обрадовать их, стремление поиграть с ними, дарить им подарок и построить с ними отношения, основанные на взаимном доверии»

«Не подвергай ребенка постоянным упрекам, так как он привыкнет к этим словам, и впредь они не будут тревожить его душу и он с легкостью будет повторять одни и те же проступки.
Пусть отец общается с ребенком уважительно и осуждает его очень редко, а мать пусть грозит ребенку наказанием отца и ругает его за дурные поступки»

« Верующего непрестанно настигают беды через его детей и близких, покуда он не встретит Аллаха, не имея за душой ни единого прегрешения»

(Кітап құрбымдыкі, содан конспект жасап алдым☺️)




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
-Айт мейрамы құтты болсын!
-Рахмет! Алла сені де мейрамдасын .. деуші ме еді.
-Тұра тұр, көке! Жоқ, ондай емес. Маған ақша бер…
- неге өйтуім керек?
-өйткені бұл ораза айт мейрамы.
- бірақ ораза айт мейрамында мен ақша алуым керек, керісінше емес.
- ұлым, сен мейрамдарда сыйлық алатын жастан өтіп кеткенсің. Ер жеттің. Енді сенің де өз жалақыңнан ақша беретін кезің келді.
- ораза айт қабыл болсын!
-Сүйікті қарындасыңды да ұмытпа!

😂😂😂


Қош, Рамазан айы!
Қош, тарауық!
Қош, ауызашарлар мен сәресі

Деп отырсыздар ма😊

Алла келесі Рамазанға аман-сау жеткізсін!


Оқыған барлық ислами діни кітаптарда міндетті түрде кездесетін хадис:

“ Өзіңе қалағанды өзге бауырыңа қаламайынша толық иман келтірген болмайсың”

Және осы үшін біз Ислам дінің ерекше жақсы көреміз🥰


Өткенде сіңілім Рамазан айының құрметіне каспиден 10 000 бонус жіберген. Соны пайдаланып сатып алған кітаптарым.
Қайсысың оқып көрдіңіздер?


“Ұшқан ұя” кітабынан шағын цитаталар:

“Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға əжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам”

“Қазір жыл сайын баланың туған күнін тойлау дəстүрге сіңіп болған əдет. Ал менің балалық шағымда туған жылды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді”

“Өйткені егін жинап-бастыру, дəн тазалап екшеу сияқты бар тірлік ортақ күшпен, асармен біткен соң, жемісі де ортақ деп білетін олар”

“Қызға сөз салардан бұрын, сөз мəнісін түсінер болар еді. Сөз қадірін ұқпаған, өз қадіріне қалай жетпек”

“Əкенің тапсырмасын орындағаннан артық не ғанибет бар дейсің, шіркін”

“Хош бол, анашым! Ақ сүтіңді кеше гөр!”

“Иə, қазекем жаңа келген нəрестеге жан-тəнімен қуана да білетін, қазаға қалың жұрт боп қайғыра да білетін халық қой, шіркін”

“Қанша қағалсу көрсе де, үлкенге қол көтермегеніне менің де ішім бір түрлі жылып сала беріп еді”

“Бір ақымақтың бүлдіргенін, жүз ақылды түзете алмайды демеуші ме еді”

“Ақымақ бақыттың басына қонғанын білместен, ұшқанын бір-ақ сезеді деген осы екен ғой”


“Ұшқан ұя” Бауыржан Момышұлының бірнеше оқиғалардан құралған балалық шағының естеліктері.

Әжесінің ертегілері, Зәпираның оқиғасы, Үбиянның ұзатылуы, Момынқұлға тағылған жала, әйел теңдігі, көкпар, орыс мектебі т.б не керек енді бәрі бар. Қызық. Өзім де бір сол уақытта өмір сүріп келгендей болдым. Бірге күлдім, бірге жыладым.

Бір қызығы кітаптың түпнұсқасы орыс тілінде болған екен, кейін қазақ тіліне аударған екен.
Яғни әуелі орыс тілінде “Наша семья” атымен шыққан екен


Құдайсыз ақ моральмен өмір сүруге болады ғой деп жатады. Бірақ олардың моралы өзгелерге зорлық-зомбылық жасама, адам өлтірме, өзгенің ұстанымын құрметте деп шектеліп қалған. Ал, Ислам “өзге түгіл өз-өздеріңе де зұлымдық жасамаңдар” дейді.

Мына кітапта сол Исламның моралдық құндылықтары баяндайды. Жүректің дерттерін қозғап, тақуалыққа тәрбиелейді. Ақида, фиқһпен қатар әдепті де алып жүрудің маңыздылығы жайлы сөз қозғайды

Алдыңды жазбалардағы тәкаппарлық пен шектен тыс құлшылық жасау жайлы үзінділерді осы кітаптан алғанмын.

Сөздің соңы, әр мұсылманның үйінде болуға тиіс кітап деп есептеймін.

Алғыларыңыз келсе осы нөмерге жазсаңыздар болады.
+77086822180


“حق المسلم على المسلم خمسٌ: ردُّ السلام، وعيادة المريض، واتباع الجنائز، وإجابة الدعوة، وتشميت العاطس.”

Мұсылманның мұсылман алдында бес міндеті бар.
-Сәлеміне жауап беру;
-науқасты зиярат ету;
-жаназасын өткізу;
-(қонаққа) шақырса бару;
-түшкіріп мадақ айтса дұға жасау (ЯрхамукАлла)

(Бухари, 1240)


Ғазза жерінде (Палестинада) тағы да геноцид. Дұғада болайық!

Израиль тағы да бомбылауды бастап кетті. Алла жазаларын берсін!


Кім өлтірген?

#aabdibek_логика




АбдуРахманның кітапханасы.Төрт-бесеуін алып қалып, қалғандарын жинап қояын десем, “бәрі керек” деп отыр.

Өткенде Kitapal-дан алған Алтын сақа баспасының 40 кітабы бар, “Аруна” баспасының кітаптары бар және парақтарының қаттылығына қызығып алған орысша кітаптар бар (бәрібір бер жағында қазақша аударып оқып беріп отырасың ғо)




Бір айдың ішінде көп кітап оқып қойдым, күйіп кетпесем жарар еді😅

20 last posts shown.