Akma.hanifa🫀


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Сен іздеген қазына өз ішіңде жатыр…

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Ұлылардың ең ҰЛЫ дұғасы не білесіз бе?

“Я, Раббым, бізге Өзіңе шынайы құл болуды нәсіп етші, бізді Өзіңе нағыз ҚҰЛ қабыл етші”


Құл үшін маңыздысы ҚҰЛ ролін, құл хәлін сақтау🤍

• Тәкаппарлық
• Құлда “ЖАСАУ” деген қабілет, функция жоқ
• Шайтанның кіретін ең үлкен, ең жасырын каналы
• Кибирсіз жаһилдік пе әлде кибир тақуалық па?
• Білімің артқан сайын білімсіздігің арту керек

“Жоқтық” деген ең жоғары мақамға бір қадам👤


Бүгін бір жақсы іс істесең, мәселен, кітап оқыдың, құран оқыдың не намаздарыңды толық, уақытылы оқыдың не басқаларға жақсылық жасадың…

Әр ізгі істен соң сансыз шүкір ет Раббыңа: себебі, саған Алла жасатты, Алла сені бүгін ізгі істерде қолданды ☀️

Кітап оқыдым, құлшылық жасап, жақсылық істедім деп өзіңді көтеріп масаттанба!!! Хақың жоқ! Мүлде!
Мұндай істерде өзіңді еш көрме, өзіңді қыстырма, өзің емессің себебі, 100% заңдылық бойынша өзің емессің, Алла таңдады сені💯


Алланың бір құпиясы бар🔐

Ол - Хабибі Мұхаммед ﷺ

Пайғамбарымыз Хазреті Мұхаммедтің ﷺ бір құпиясы бар🔐

Ол - Аллаһу Таъала

Кімнің құпиясына ұмтылсаң да сені бақыт жолына шығарады📍


Қалай Ол бір сәтте айтылған миллиардтардың түрлі тілдегі, түрлі дауыстағы дұғаларын еш шатаспай тыңдай алады?

Қалааай????


ҚАЛБУН СӘЛИМ🫀


Қалбун СӘЛИМге 🫀


Айтудан жалықпаймын ау бұл нәрсені, себебі өте өзекті…мен ғана емес, бүкіл дін жанашырлары да тоқтаусыз айта беруде🙌

Ең болмағанда осы жазбаны оқып біреу бүгін бір күн ғана тақуалықты ғана ұстанса да, тек бүгін ғана зікірін айтып жүрсе де, мұның өзі бір егілген дән. Айтуды да тоқтатпаймыз, естуден жалықпаңыздар, себебі нені көп естисіз/көресіз бейсаналы түрде соны жасайтын боласыз✔️


Неге менің бойымда қанша тырыссам да кейбір жақсы қасиеттер, мінездер қалыптаспайды?

Неге қанша ұмтылсам да зікір не басқа ғибадаттарды тұрақты, лайықты жасай алмаймын?

Себебі, сенде память тола…
қалай телефонның память-і толады, қалай жаңа фото/видео түсіру үшін тазалау керек болса, мимен де дәл солай🧠

Керексіз дүниелермен жадың толып қалғандықтан пайдалы, рухани нәрсе кірмейді санаға да, жүрекке де… босату керексің, тазалау керексің

Босату: Әр “Аллах” деп айтқанда сана мен жүректегі күнәлардан, бос нәрседен пайда болған қара нүктелер өшіріле береді екен✔️
Яғни, “Я, Аллах” деп көп зікір ет

Тазалау: Истиғфар арқылы болады✔️

“Мұсылманның сабыны - истиғфар” деп бекер айтылмаса керек


Толған ай тұр, бірақ біреу емес… Екі ай тұр😍

Бірі - Ол ﷺ, Оның жүзі толған айдай жарқырайтын, Ол қараңғылықта толған айдай нұрын шашатын…


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Не байқадыңыз???


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Аспаннан ең әуелі Оның ﷺ нұры қарсы алады🌙


Имам Ағзам (рахимахуллах) қажылыққа көп рет барған. Ең соңғы барған қажылығында рұқсат алып Қағбаның ішіне кіріп екі ракат намаз оқиды. Бірінші ракатта 15 джуз, екінші ракатта 15 джуз оқып толық Құранды екі ракаттық намазда хатым етіп, бітіргесін былай дұға етті:

Я, Рабби! Бұл Нұғман құлың Саған хаққысын бере отырып ғибадат ете алмады, бірақ Сені хаққысымен білді(таныды). Осы білгенінің құрметіне хаққысымен ғибадат етпегенін кешіре көрші”

Алла достары, Ұлы ғұламалар ең ғажап түрде түннен таңға дейін намаз оқи тұрып, біткесін тізерлеп отырып тізелерін соғып:

“Намазымды хаққысын беріп әдемі оқи алмадым ау, Алла қабыл етер мекен?! Намазым қабыл болған намаз болар мекен?!” деп уайымдайтын…қорқатын…

Біздің намаздың хәлі қандай?
“Оқыдым ғо” деп міндетсінгендей және қабылына гарантиямыз бардай оқимыз…тіпті бір грамм уайым жоқ қой, ең болмағанда осы жолы ықыласты, әдемірек оқып көрейінші деген бір грамм ниет те жоқ….


Бұл бір жол… һидаят жолы, мустақим жолы☀️

Бұл жолда тайып та, сүрініп те жатамыз. Бірі жолда отырып қалады, бірі ұйықтап қалады, енді бірі орта жылдамдықта, бірі ақырын жылдамдықта жүреді. Енді бірі еңбектеп, бірі балтақпен жүреді🚸

Бір ғана шарт бар бұл жолда:
Тоқтамау, кері қайтпау: лайға тайып сүрінсең дереу қайта тұрып жалғастыру, бір орында жылжымай отырып қалсаң, парқына барғаныңда дереу тізерлеп, еңбектеп болсын жалғастыру, ұйықтап жатсаң ояна сала дереу жалғастыру, балтақпен болсын, ақырын не орта болсын жүру… тек жүру🚸

Себебі, тоқтамай жүруші, қозғалыстағы адам ғана жолдың соңындағы сыйға жетеді☀️






Кез келген нәрсеге жетуде не бір іс бастауда да тазалау, тазалану бірінші этап болады ия?!

Тікелей және жанама мағынада да айтып отырмын…
Жаңа нәрсе қоймай жатып орнын тазалау дегендей

ал, осы екі мағынадағы да ТАЗАЛАНУ этабының алғашқы амалы - НАМАЗ ОҚУ🤍


Өшірілуі мүмкін, тыңдап аларсыздар🙌🤍


Тақуалыққа мән бермейтін адам жәй ғана Раббысын сыйламайды…

+ Фұрқан сүресінің қазақшасын оқып шығуға кеңес беремін, Рахманның хас құлдарының сипаты айтылған🤍


Тақуалық өте маңызы өте🔴

20 last posts shown.