▪️Ақтөбе қаласының №2 сотымен өрт қою арқылы бөтеннің мүлкiн қасақана жойды деген айыппен сотқа берілген Е-ге қатысты қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы)
▪️Қысқаша фабула
2024 жылдың шілде айында сотталушы Е. жұмыс кезінде, әріптесі И-мен араларында түсінбеушілік орын алып, атап айтқанда кезекті еңбек демалысын бермегені үшін. Қылмыстық жолмен жауап қайтару мақсатында, соңғының пәтерінің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру ойы пайда болған. Өзінің қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу үшін, И-дің үйіне таксимен барып, өзінде болған қосымша кілттің көмегімен ашып кіріп, пәтер ішін аралап, тексеріп болған соң, жатын бөлме есігінде ілініп тұрған джинсы шалбарын, өзімен бірге алып келген оттықпен тұтатып жағып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.
▪️Сотталушының ұстанымы
Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады.
▪️Дәлелдемелер
Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен қатар, жәбірленушінің жауабымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, өрт-техникалық сараптама қорытындысымен және іс құжаттарына тіркелген басқа да дәлелдемелермен расталады.
▪️Тағайындалған жаза
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жәйлар ретінде, сот, сотталушының жас балаларының болуын, жасаған қылмыстық іс - әрекетіне шын жүректен өкінуін, кінәсін толық мойындағанын, қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеуін ескереді.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жәйлар анықталмаған.
▪️Сот үкімімен соттаушы Е. кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
▪️Жәбірленушінің талап арызы шығынның өтелуіне байланысты өзінің өтініші бойынша қанағаттандырусыз қалдырылды.
▪️Сот үкімі заңды күшіне енді.
🖊️Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі