▫️ Әскери сот төрағасы Ғалымжан Нәсірдинов пен Департамент басшысы Азиз Әлиев Семей гарнизоны әскери сотына іссапармен барды
▫️ Әскери сот төрағасы Ғалымжан Нәсірдинов, Департамент басшысы Азиз Әлиев Семей гарнизоны әскери сотының судьялар корпусымен, әскери прокуратура және әскери бөлімдердің өкілдерімен кездесті.
▫️ Кездесулерді өткізу мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту, дауларды шешуде соттарда татуластыру рәсімдерін қолдану, ақпараттық технологияларды дамыту мен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша өзара әрекеттесуге шақыру.
▫️ Кездесу барысында барлық ниет білдірген әскери қызметшілер өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Қойылған сұрақтардың тақырыптары алуан түрлі болды.
▫️ Әскери қызметшілерді сот жүйесіндегі жаңашылдықтар, заңнамадағы өзгерістер, сонымен қатар, әскери соттардың алдында тұрған міндеттер қызықтырды.
▫️ Ғалымжан Нәсірдинов барлық қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап қайтарып, Азаматтық процестік және Қылмыстық-процестік кодекстердің нормалары, тұрғын үй және еңбек қатынастарының ерекшеліктері бойынша түсіндірме берді.
▫️ Қатысушылар сот төрағасына жеке сұрақ қою мүмкіндігіне алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына тілек білдірді.
▫️Әскери соттың төрағасы кездесулерді қорытындылай келе, сот жұмысының барлық бағыттары мен талаптары бойынша көрсеткіштерін көтеру үшін бірқатар тапсырмалар жүктеді.
▫️ Сондай-ақ, іс-шара барысында сот төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы №726 Жарлығымен тағайындалған Семей гарнизоны әскери сотының жаңа судьясы Әсел Жұмағазықызы Оразованы таныстырды.
🌐 https://t.me/askeri_sottar