Еңселі егемендігіміздің тұғырын жалынды жырларымен биіктеткен айтулы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы ағамыздан қапылыста көз жазып қалған екенбіз.
Бар саналы ғұмырын ұлт әдебиетіне жұмсаған, кешегі жыраулардың ізін жалғап, қазақ әдебиетінің алтын қорын сүбелі дастандарымен байытқан ағамыздың ел руханияты үшін орны бөлек еді.
Шын мәнінде тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақытты Несағамыздай жырға арқау еткен, тәуелсіздік тарихнамасының көркем шежіресін кестелі тілмен өрнектеген шайыр кемде-кем.
Аяулы ағамыздың ақындықтан бөлек, азаматтық тұлғасы да ерек еді. Өзінің батасын беріп, қашанда қамқор көңілін аяған емес.
Әрқашан ақыл-кеңесін айтып, ақ тілегін жаудырып жүретін. Асыл ағамыздың рухы пейіште шалқысын.
Оқырман сүйсініп оқитын отты жырлары барда, жырға құштар жастар есенде оның жарқын бейнесі ел жадынан ешқашан өшпейді.
Марқұмның туған-туыстарына, жақын-жұрағаттарына, жалпы қабырғасы қайысып отырған барша қазақ руханиятына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.