Құрметті Аударгазм клубының мүшелері!
Кейбір пікірлерге байланысты, "орысқұл, арабқұл, қытайқұл" деген ұлт пен болмысты балағайттайтын сөздерді, арна редакторы ретінде жақтырмайтымды ескертіп қоюдың орайы кеп тұр.
Мұнда тілдерді "ғылыми пән" (мүмкінінше) тұрғысында зерделеуге ұмтыламыз.
Тілі бөтен, түрі бөтенді бөлектеп, сабайтын құрал ретінде емес. Ұлтшыл патриот болсаңыз еш қарсылығымыз жоқ, бірақ арна бағыты бөлек, әрі ондай риториканы қолдамайтынымды ескеріп, арна мақсаты мен бағытына аздаған ізет танытуыңызды сұраймын.
Өз басым қазақ тілі ана тілім әрі басым тілім болған соң ғана мазмұн мен мәтінді көбіне қазақша жазамын.
Бұнымды әлдебір тілге қасақана басымдық беру емес, тарихи һәм кәсіби сәйкестік қана деп тапсаңыз игі еді.
Арнада үш тілдің кез келгеніне қатысты мәселені үш тілдің кез келгенінде тіл білімі тұрғысында бейтарап салыстырып, талқылауға болады.
Жаңа қосылған оқырманым, қош келдің, тұрақты оқырманым төзіміңе рақмет.
#тіл_білімі #языкознание #linguistics