Анимесін қайдам, бейнелі өнердің алды болды
Шынымды айтсам, 40 -қа келіп, мультикке сонша телміріп қалам деп ойламадым - деп бастар ма едім. Тек мынау пәниде үнемі жаңа сезім, жаңа әсер іздеп, орныққан ойды сынға салудан талмай, мәңгі көрсеқызар болу пешенесіне жазған қасқа миымның тосынға толы екенін де жақсы білемін. Содан ба, аниме десе, Хаяо Миядзакидің толық метр фильмдерін ғана көрсем де, аниме алаңына ертелі-кеш назар тігерімді іштей сезгем.
Сауық дүниеге сағаттап құнығатын жастан өтіп кеткем. Уақытым да аз. Ендеше ең үздік деген біреуін қарасам жетер деп түйдім.
Содан қайсысы "ең-ең" деп сұрадым, жасанды интеллектіден.
Ұсынғандарының ішінен
"Алыптар шабуылы" атты анимені таңдадым.
Мына пікірді түн ортасында жазып отырмын.
Меніңше, Алыптар шабуылы Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін жапондықтар бастан кешірген ұжымдық жарақаттың рефлексиясы және ядролық бомбалаудың салдарын өткерген жапондарда жойқын дұшпан тақырыбы ерекше жанрға айналған . Сериал сонымен қатар, даму қарқыны алпауыт елдерден кем түспесе де, жер қайысқан халқын жердің басқа аймақтарына жайып үлгермеген, тап-тар жерде өмір сүруге мәжбүр болған халықтың қынжылысын да көрсетеді.Алғашқы минуттардан бастап аниме қатыгездік пен трагедия өмірдің ажырамас бөлігі болатын әлемге әкетеді. Исаяма кейіпкерлердің мінездерін асқан шеберлікпен ашып, көрерменді ала қырғынның ортасына тастай салады. Әрбір эпизодта біреу жақынынан айырылады, әрі бұл тұсының да өте шебер жасалғанын айту керек. Бей-жай қалу мүмкін емес. Эмоцияға толы кадрлар, ғажап музыка кейіпкерлердің әрбір әрекетін жеке драма ретінде қабылдауға көндіреді. Алыптар тақырыбы әсіресе әсерлі, тіпті жан түршігерлік деуге болады. GPT-дің мақтауына сенсем де, бұл аниме мен үшін жаңалық болды. Біраз дүниеге басқа жағынан қаратты. Жай ғана аниме емес, түйсігіңде әйтеуір бір із қалдыратын туынды. Қысқасы, мен көрген бейнелі туындылардың үздігі атануға дәмесі бар дүние. Қазақша дубляжы да тәп-тәуір. Көр-көрме деп ешкімді үгіттемеймін.
Тек ішімдегіні жазу керек болды.
#attack_on_titans