Azattyq - Азаттық


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian


Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Statistics
Posts filter


🗣 2022 жылы Украинаға басып кіргені үшін Ресейге Батыс елдері санкция салғаннан кейін Мәскеу оны айналып өту жолын құру мақсатында Түркияда АЭС салу жобасын сылтау ретінде пайдаланды.

🇷🇺🇹🇷 Нәтижесінде АҚШ банктерінен бірнеше миллиард доллар Түркияға аударылып, Ресей билігінің шетелдегі операцияларын қаржыландыруға санкцияларды айналып өтуге пайдаланған болуы мүмкін.

Бұл туралы дереккөздеріне сүйенген The Wall Street Journal газеті жазды. АҚШ-тың әділет министрлігі тергеу жүргізіп жатыр деген де хабар айтылды.

💸 Ақпаратқа сәйкес, Ресей "Газпромбанк" арқылы америкалық JPMorgan және Citigroup деген екі банктен Түркиядағы "Зираат" банкіндегі шотқа ресми түрде Аккую АЭС-ін салуға несие ретінде деп 5 миллиард доллардан астам ақша аударған.

Схеманы жасауда Ресейдегі жоғары қызметтегі басшылар рөл атқарды делінген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🔴 Майдан шебіндегі күл-талқаны шыққан жертөле. Бірнеше күннен бері бір жұтым су жоқ. Владислав есімді украин сарбазы қарулас серіктерінен теріс айналып, бөтелкеге зәр сындырды.

"Суытып алып, соны іштім" дейді ол.

🪖 2024 жылдың жазында әскери басшылық 23 жастағы Владислав пен тағы бір сарбазға Донецк облысының Клещеевка селосындағы майдан шебін ұстап тұруды бұйырған. Тапсырма бойынша екі аптаға деп жоспарланған еді, бірақ сарбаздар ол жерде екі айдан астам қалып қойды.

Осы уақыт ішінде аштық пен бір тамшы суға зар қылып қысқан шөл – оларды бекінген жерінен ығыстыруға тырысқан ресейлік әскерден кем емес қауіпті жауға айналды.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Панамаға сапарлап, сол елдің президенті Хосе Рауль Мулиноға Панама каналының жұмысына дереу өзгеріс қажет деді

Мемлекеттік департамент басшысының айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай ықпалы Панама каналының жұмысына қауіп төндіреді деген қорытындыға келген.

🇵🇦🇨🇳 Панама билігі канал жұмысын Қытай бақылауына алды дегенді жоққа шығарады. Reuters агенттігінің жазуынша, каналды Панама басқарып отыр.

Дегенмен каналдың екі жағындағы екі портты Қытайдың арнайы әкімшілік аймағы деген статусқа ие Гонконгте тіркелген компания басқарады. Одан басқа бірнеше порт АҚШ, Сингапур және Тайваньдағы компанияларға қарайды.

🇺🇸 Трамп қайта президент болып сайланғаннан кейін Панама каналын АҚШ бақылауына қайтару ниеті барын бірнеше рет мәлімдеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Биліктің өз қатесін мойындауы неге маңызды? | Демократия сабақтары

Саясаткерлер елге пайдалы шешімдер қабылдау үшін сайланады. Ал ол шешім қате болса ше? Билік не істеуі керек? Қателескенін мойындап, оны түзеуі керек дейді сарапшылар. Ал қатесін мойындамай, шешімді өзгеріссіз қалдырса ше, ол неге жетелеуі мүмкін? «Демократия сабақтары» осы тақырыпты түсіндіреді.


Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы ірі өткізу пунктін уақытша жабады

Өзбекстан 5 ақпаннан бастап Қазақстанмен шекарадағы ірі "Гишткуприк" (Қазақстан жағында "Жибек Жолы" бақылау өткізу пункті) кеден бекетін төрт айға жаппақ.

Бақылау өткізу пунктінде үш жылдан астам уақыттан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және алдағы төрт айда ол аяқталуы керек. Ақпаратқа қарағанда, бекеттің аумағы 1.5 гектарға кеңейіп, осылайша өткізу мүмкіндігі - 350-ден 1000 көлікке дейін, 30 мыңнан 50 мың адамға дейін ұлғайтылмақ.

Енді алдағы төрт айда жаяу жүргіншілер мен көліктер, автобустар жуырда ашылған "Науаи" бекеті арқылы өте алады. Екі бекет арасындағы қашықтық 20 шақырымға жуық.

Дегенмен "Науаи" бекеті арқылы жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынған.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының ұзындығы 2356 шақырым. Екі ел арасында он шақты бақылау өткізу пункті бар.


Reuters: АҚШ Украинаға жыл соңына дейін сайлау өткізуді ұсынады

АҚШ Украинаға жыл соңына дейін президент және парламент сайлауын өткізуді ұсынады. Бұл жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина бойынша арнайы уәкілі Кит Келлог Reuters агенттігіне айтты.

Reuters-ге берген сұхбатында ол "демократиялық елдердің көбі тіпті соғыс кезінде де сайлау өткізеді" деп айтып, сайлау Украинадағы демократия үшін маңызды екенін атап өтті.

Екі дереккөзге сүйенген Reuters-дің жазуынша, Трамп әкімшілігі Ресеймен атысты тоқтату бойынша келісімге келу үшін Украинада сайлау өткізу маңызды деп санайды. Ақпаратқа қарағанда, Трамп әкімшілігінде әуелі Украинамен атысты уақытша тоқтату туралы келісім жасап, сайлау өткізіп барып, Ресеймен тұрақты бейбітшілік келісім жасау мүмкіндігі де талқыланып жатыр.


"DeepSeek, сұрағым бар..." Қытайлық ЖИ-дің не жасырғаны бар?

Өткен аптада шыққан Қытайдың жаңа DeepSeek жасанды интеллект үлгісі ә дегеннен шу тудырып үлгерді. Бұл жаңалық нарықта жарылыс жасап, америкалық технология компанияларының бағасын триллион долларға дейін түсіріп тастады. DeepSeek Қытай мен АҚШ-та ең көп жүктелген тегін қосымша болып, ChatGPT-ді басып озды. Жаңа жобаны AI әлеміндегі революция деп атап үлгерді, бірақ ескеретін нюанс бар: цензура.


TikTok Қазақстан мәдениет министрлігінің шағымынан кейін "Йоу, орыстар" әнін өшірді

"27.01.2025 жағдай бойынша TikTok онлайн платформасының әкімшілігі заңсыз контентті жойған" деді Қазақстан мәдениет вице-министрі Евгений Кочетов Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігіне.

Оның айтуынша, бұл ән немесе оның үзінділері TikTok (12), YouTube (8) және "ВКонтакте" (2) желілерінен табылған. Осыған орай интернет-ресурс, онлайн-платформа мен онлайн-плафтормалардың әкімшіліктеріне жою жөнінде шағым-ескерту жіберілген.


АҚШ мемлекеттік хатшысы Украина мен Ресейге келіссөзде "әлденені құрбан етуге тура келеді" деп санайды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина мен Ресей арасындағы соғыс тығырыққа тірелді деп санайды. Соғыстан украиналықтар да, ресейліктер де қатар зардап шегіп жатқанын алға тартқан Рубио президент Дональд Трамп соғысты аяқтап, тұрақты бейбітшілік орнатуды мақсат етіп отырғанын айтты. Рубионың айтуынша, ол үшін екі жақ келіссөз бастауы керек және келіссөз барысында екі тарапқа "әлденені құрбан етуге" тура келеді.

Журналист Меган Келлиге сұхбатында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Путин "сұмдық нәрсе жасады" деп мәлімдеп, Украина Ресей әскерін 1991 жылғы шекараға дейін тықсыра ала алмайтынын мойындауы керек деді.

"Біз неге екені белгісіз Украина Ресейді жеңіп қана қоймай,... 2012, 2014 жылғы сызыққа дейін Ресей әскерін тықсыра алады дегенге жұртты сенуге мәжбүрледік. Нәтижесінде кейінгі 1.5 жылда олар адамдардың қасіретін ұзартқан тығырық жағдайды қаржыландыруды сұрап келеді" деді Рубио.


ҚАЖК "Дикий Арман" түрмеде денесін жарақаттағанын растады

Қаңтар оқиғасы бойынша 20 жыл түрмеге кесілген "Дикий Арман" деген атпен танылған Арман Жұмагелдиев түрмеде денесін жарақаттады. Ақпаратты қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) хабарлады.

"Сотталушы өзіне жеңіл дене жарақатын салған. Дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Мекеме психологтары сотталушымен профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр" деп жазылған ҚАЖК хабарламасында.

Комитеттің айтуынша, фактіге орай қызметтік тексеріс тағайындалған. Оқиғаның қай жерде болғаны және оған не түрткі болғаны ҚАЖК хабарламасында айтылмайды.


Қазақстанда 1 ақпаннан бастап энергетика министрлігінің бұйрығымен автогаз қымбаттады. Аймақта газдың бағасы 6 теңгеден 23 теңгеге дейін артқан.

Бұған дейін энергетика министрлігі сұйытылған газдың бағасын өндірістің өзіндік құнына жақындату қажеттігін алға тартқан еді. Ведомствоның мәліметінше, осы уақытқа дейін айырмашылық 30 пайыз болған


"Күннен күнге өзгерістер болып жатуы керек". Камал Ормантаевтың оппозициядағы күресі

Азаттық радиосының әр жылдарғы деректі хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында дәрігер, ғалым Камал Ормантаевтың Халықтық-демократиялық партия төрағасы кезінде радиоға берген сұхбатына шолу жасаймыз. Сұхбатта Конституциялық сот таратқан он үшінші шақырылымдағы Жоғарғы кеңес сайлауы алдындағы саяси ахуал баяндалған.

🎧Youtube
🎧
Азаттық сайты
🎧
Apple podcast

t.me/azattyq


Қазақстан Қашаған мұнайын БТЖ құбырына айдай бастады

Қазақстан қаңтар айында Қашаған кенішінен Ақтау порты арқылы "Баку-Тбилиси-Жейхан" (БТЖ) құбырына 22 мың тонна мұнай айдауды жоспарлаған. Бұл жөнінде 31 қаңтарда қазақстандық "Қазтрансойл" көлік компаниясының жазбаша жауабына сүйенген Reuters агенттігі жазды. Компанияның бұл жоспары қаншалықты жүзеге асқаны белгісіз.

Жергілікті "Курсив" басылымы осы аптада Қашаған кенішінен 6 мың тонналық алғашқы партия түріктің Жейхан портына жеткенін жазды.

Әзірге, Каспий арқылы Баку-Тбилиси-Жейхан құбырымен Жерорта теңізіне жеткізілетін қазақстандық мұнайдың көлемі айтарлықтай көп емес. Мәселен, 2023 жылы осы бағыт арқылы 1,8 миллион тонна мұнай экспортталған. Бұл Новороссийск арқылы экспортталған Қазақстан мұнайының (53 миллион тонна) небәрі 3,5 пайызын құрайды.

Дегенмен сарапшылар "орта дәліз" деп атап кеткен жобаға Астана көп үміт артып отырғанын айтады және алда экспорт көлемін 20 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлаған.


Жамбыл облысында полицей күдіктіні азаптады деген күдікпен уақытша қамауға алынды.

Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша, "Азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"29 қаңтарда Жамбыл облысының прокурорлары азаматтардың конституциялық құқығының сақталуын видеокамера арқылы тексеріп, Рысқұлов ауданы полиция бөлімшесі басшысы орынбасарының қылмыстық іске күдіктіні азаптау фактісі анықталды" дейді прокуратура.

Ведомство азаптауға 12 жыл түрме жазасы қарастырылғанын ескертеді.

2023 жылы наурызда Қазақстанда азаптауды алдын алу үшін түрмелер мен полиция мекемелеріне бейнебақылау камераларын орнатқан.

Қазақстан Азаптауға қарсы халықаралық актіні ратификациялаған еді. Алайда құқық қорғаушылар азаптауға байланысты істер сотқа жетпейді, азаптағандар жазасыз қалады деп бірнеше рет мәлімдеген.


💬 Z-арналардың оқырманы азайып жатыр

🇷🇺 Ресей пропагандасы Украинадағы соғыстан хабар таратуға телеграмдағы Z-арналарды пайдаланып жүрген.

📉 "Настоящее время" телеарнасы кейінгі уақытта оқырмандар Z-арналардан шығып кетіп жатқанын байқаған.

⚪Мәселен, WarGonzo (Уоргонзо) арнасында тамызда 1 миллион адам болса, қаңтарда жазылушылар саны 59 мыңға азайған. Осы уақыт аралығында кремльшіл журналист Александр Коцтың арнасынан 50 мың адам шығып кеткен.

⚪Ресей қорғаныс министрлігіне жақын Рыбарь Z-арнасының оқырманы да азайып кеткен.

⚪Кремльшіл пропагандист Владимир Соловьевтің арнасынан 40 мың адам кетіп қалған.

Өзінің жеке телеграм-арнасы бар жазушы Иван Филиппов каналдарда оқырман саны азайғанын былай түсіндіреді:

🗣 "Адамдар нақты бұл каналдардан шығып кетейін деп жатқан жоқ, жұрт соғыстан қажып, шаршап кетті. Бұл өте маңызды. Z-каналдар біраздан бері Ресей қоғамы соғысты қадағалағысы келмейді, соғысты қадағалап, қолдап отырған ресейліктер азайған деп айтып жүр. Бұрын соғысты қолдап, жағдайды қарап жүргендердің өзі қазір соғыс жайлы оқығысы келмейді. Ресей әскеріне жылу жинап жүрген еріктілерге де ақша жинау қиындады. Себебі ақша беретіндер де азайған".

t.me/azattyq


💬 Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы ел билігінің төрт украин босқынына саяси пана бермеуі елдің халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелеріне қайшы деп мәлімдеді

🇺🇦 Бюроның жазуынша, 2024 жылғы қарашада Қазақстан билігі украиналық төрт босқынның саяси пана беру туралы өтінішін қанағаттандырмай тастаған. Түркістан облысының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шешімде бұған олардың "үшінші бір қауіпсіз елдің аумағынан келгені" себеп деп те көрсеткен.

🇷🇺 Бюроның мәліметінше, Украинаның төрт азаматы Қазақстан аумағына Ресейден кірген.

🗣 "Халықаралық стандартқа сүйенсек, қауіпсіз үшінші ел деп пана іздеуші тұлға баспана сұрай алатын елді атауға болады. Нақты жағдайда Ресейді сондай ел деп қарастыруға болмайды" деді бюро өкілдері.

t.me/azattyq


💬 Астана қаласының мәдениет басқармасының бұрынғы жетекшісі Болат Мажағұловты сот қалада субұрқақ салу кезінде ірі көлемде қаржы жымқырды деп танып, 8,5 жылға соттады

Жобаның мердігері Мәди Қанапинді сот "Сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемдену" және "Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi" баптары бойынша кінәлі танып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

⛲️ Тергеу органдарының айтуынша, жымқырылған сома көлемі 1 млрд теңгеден асқан.

Олар қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтемек.

БАҚ-тың жазуынша, Мажағұлов сот кезінде өзіне тағылған айыптарды үзілді-кесілді жоққа шығарған.

Фото: Kazinform

t.me/azattyq


💬 Курск облысында Ресей жағында соғысқан Солтүстік Корея әскерін адам шығыны көбейген соң шайқастардан кері қайтарған

Бұл жөнінде Украина және Америка шенеуніктеріне сүйенген The New York Times газеті жазды.

🪖 Басылымның хабарлауынша, Солтүстік Корея әскері майдан даласында шамамен екі апта бойы көрінбей кеткен.

Украина шенеунігінің сөзінше, Солтүстік Корея әскерінде адам шығыны көп болуына олардың Ресей әскерімен бірге қимылдай алмауы себеп болған.

🇰🇵 Газет сөйлескен Америка шенеуніктерінің сөзінше, бұл уақытша шешім болуы мүмкін. Олардың айтуынша, Солтүстік Корея сарбаздары қосымша дайындықтан кейін қайта оралуы мүмкін.

t.me/azattyq


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📹 Қайтарылған активтер туралы неге екі түрлі ақпарат тарады?

Женевада өткен БҰҰ жиынанда Бас прокуратура өкілі 500 млн еуро заңсыз активті қайтардық деді.

Жыл басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл соманы 2 трлн теңге деп мәлімдеген.

t.me/azattyq


🗣 Энергетика министрлігі: АЭС-ті кім салатыны әлі нақты шешілген жоқ

Бұған дейін "Росатом" басшысы "Мәскеу мен Астана АЭС бойынша ортақ шешім қабылдауға бет бұрды" деп мәлімдеген еді.

🟠Министрлік Қазақстан атом электр станциясын салуға қатысатын вендорлерді "ұлттық мүддені, халықаралық норманы ескере отырып таңдайды" деді. Мұндай шешім биыл қабылданады деп отыр.

🟠АЭС бойынша энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан делегациясы 21 қаңтарда Ресейге барған. Былтыр Оңтүстік Кореяға, Францияға және Қытайға сапарлап, келіссөз жүргізген еді.

Қазақстанда АЭС құрылысын салуға ниеттілер тізімінде "Росатом" 🇷🇺, CNNC 🇨🇳, KHNP 🇰🇷 және EDF 🇫🇷 компаниялары бар.

t.me/azattyq

20 last posts shown.