Астанада «Bolashaq» Қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның атом энергетикасы: даму перспективалары, кадрлық әлеует, әлемдік тәжірибе» тақырыбында пікірталас өтті.
Шараға Purdue University, University of Pittsburgh, Colorado School of Mines, Texas A&M University және Montana Technological University оқу орындарында «ядролық инженерия» мамандығы бойынша білім алған «Болашақ» бағдарламасының түлектері, сондай-ақ сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Кәсіби мамандар Қазақстандағы атом энергетикасының даму мүмкіндіктері мен тәуекелдерін жан-жақты талқылады. Мазмұнды пікірталастың видео нұсқасы жақын арада «Bolashaq» қауымдастығының YouTube арнасына жарияланады. Өткізіп алмаңыздар!
Іс-шараның өтуіне қолдау көрсетіп, зал ұсынғаны үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне (ЕНУ) шынайы алғысымызды білдіреміз!