Криптобиржалардың үшінші түрі жайында
Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиевтің айтуынша, Қазақстанда қазір криптобиржалардың үш түрі жұмыс істейді, енді соларды заң бойынша жіктеу қажеттілігі туындап отыр.
Нарықтағы лицензия алған және алмаған криптобиржалардың жайы түсінікті. Тек солардың қатарына үшінші типі қосылады дегенді түсіну қиын болып тұр.
Министрдің айтатыны, Binance, Bybit сияқты бірнеше әлемдік биржа бар. Солармен қатар, Coinbase, Kraken, OKX секілді Қазақстанға келмейтін, лицензия алмайтындары да бар. Ол екінші түрі. Үшіншісі, технологиялық тұрғыдан дамымаған(!) қазақстандық стартап-криптобиржалар.
"Осы айтылған криптобиржалардың екінші типі толығымен бұғатталуы керек те қалған екеуі жұмыс істей берсін", дейді Жасұлан Мәдиев.